ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
71
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
Сҿз басындағы с/ш-мен басталатын сҿздердің алдына «ы» дауыстысын қосып айту керек
деген мҽселені Н. Тҿреқҧлҧлы кҿтереді: «Ауропа сҿздері де араб-парыс сҿздеріндей ҿзгеруге тиіс.
Бҧл да жалғыз қазақшаға қарай қойылған принсіп емес, барлық тілдерде бар жалпы заң.
Пырансоздың la station деген сҿзін тҥрік истасион деп, орыс станция деп, қазақ ыстанса деп алып
отыр. Осылай болған соң Ауропа сҿздері де белгілі бір жобамен ҿзгертіліп алынуы тиіс»
(Тҿреқҧлов, 2006: 25).
Ысдраваймыслящий
«зерек, ҽр істі ақылмен ойлап шешетін адам». Орыс тілінің емле заңына
сай
здравомыслящий
деп жазылып жҥрген бҧл сҿз 1909 жылғы баспада сҿз басына «ы» дыбысы
қосылып, қазақы нҧсқада жазылған:
Айтыңызшы болсаңыз
Ысдравай мыслящий
Ақыл айтпай ма ағасы (Абай, 1909: 52).
Ал 1907 жылғы Мҥрсейіт қолжазбасында оның
ыздраваймыслашчы
деген тҥрде жазылғаны
байқалды
Айтҧңызчы болсаңыз /
Ыздраваймыслашчы
/ Ақыл айтпай ма ағасы (қолжазбадан).
Ысшот
«есеп, шот». Абай ҿлеңдері жинақтарында ақын қолданған орыс сҿздерінің
бірқатары орыс тілінің орфографиялық ережесіне сҽйкес ҿзгертіліп берілген. Кейінгі жинақтарда
«қатесіз» беріліп жҥрген орысша кірме сҿздер, 1909 жылғы басылымда қазақ ауызекі тілінде
жазылған. Сондай мысалдардың бірі осы
ысшот
сҿзінің қолданысы. Орыс тілінде
счет
деген сҿзді
айнытпай сол қалпында жазу Абай дҽуірінде мҥмкін емес еді. Орыс тіліндегі сҿздерді
тҥпнҧсқасынан айнытпай беру процесі кейінгі кездері белең алған болатын. Ал Абай дҽуірінде
орыс сҿздері «қазақы» нҧсқада айтылуы бойынша жазылған. 1909 жылғы жинақтан да соны
кҿреміз. Мысалы:
Я байларға хызмет қыл / Ерінмей шауып желуге.
Алал жҥріп, алал тҧр /
Ысшотың
тура келуге (Абай, 1909: 52).
Оны 1907 жылғы Мҥрсейіт қолжазбасынан
ышчотың
деп оқуға болады:
Алал жҥрҥп алал тҧр /
Ышчотың
тура келуге
Жанҧңа жақса соңынан / Жалқауланба еруге (Петек, 2023: 117).
Достарыңызбен бөлісу: