М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет35/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы адамзат ұрпағының жалғасуын білдіреді . Сондай-ақ адамның түрлі нышандарын ( сөйлеу нышаны , тіке жүру , еңбек ету , ойлау нышаны ) құрайды . Ата-анасынан баласына көзі , шашы , дене құрылысы , қанының тобы , резус факторы , т.с.с. тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы арқылы беріледі .
Ал өзгермелі тұқым қуалаушылық бағдарламасы оның өмір сүруге бейімделу қабілетін туғызады . Мысалы , өзін-өзі дамытуы , жетілдіруі , тəрбиелуі .Баланың ата-анасына
ұқсап тууын анатомиялық нышан деп атайды . Жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеліктері де туысынан пайда болады . Мұны физиологиялық нышан деп атайды . Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады .

  1. Жылына дүниеге келген балалардың 6 -і гендік жəне хромосомдық ақаулықпен дүниеге келеді . Бұндай ақаулықтың пайда болуына сыртқы орта факторлары , түрлі дəрі- дəрмектер , радиация жəне босанғанда алған жарақаттар жатады . Сонымен қатар ішкі факторлар ананың денсаулығы , жүктілік кезіндегі өзін күту жəне тұқым қуалау арқылы берілетін аурулардың себебінен пайда болады .

Жыныстық хромосомдық ақаулық хромосомның артықшылығынан , үзілуінен болады . Хромосом үзілгенде ол келесі хромосоммен бірігуі немесе жасушамен жанасуы мүмкін . Хромосомның артық болуы кляйнфельтера ауруына əкеп соғады . Мұнда бір немесе бірнеше Х хромосом саны артық болып , ХХҮ генотипі түзіледі . Мұндай ақаулық түрі жаңа дүниеге келген мың сəбидің бірінде кездеседі . Бұл аурумен дүниеге келген нəрестелер бедеулік ауруына шалдығады . Мұндай адамдар ауруға шалдыққыш келеді жəне қаңқа сүйектерінің кемістігі байқалады .
Ал хромосомның жетіспеуі тернер ауруна əкеп соғады . Бұл ауруда Х хромосомы болмауы немесе мүлдем белсенділік танытпауы мүмкін . Х генотипі болады . Бұл генотип бар əйелдерде жыныстық жетілу толық емес жəне репродуктивті қызметі бұзылған . Олардың бойы өте кішкентай , ақыл-ой дамуы өте төмен болады . Бұл белгілер пайда болған жағдайда гормонатерапия жүргізіп , сырт келбетін қалыпқа келтіруге болады
, бірақ олар бедеу болып қала береді . Бұл тұқым қуалау арқылы берілетін аурудың бірі . Мұндай аурумен дүниеге келген баланың басы өте үлкен , салмағы қалыпқа сай емес , кейбіреулері шапалақтап , өз қолдарын тістеп өте белседі əрекет етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет