М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Нəрестелік шақ жəне когнитивтік даму



бет41/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Нəрестелік шақ жəне когнитивтік даму


  1. .Нəрестелік шаққа жалпы сипаттама

  2. .Нəрестелік шақтағы денелік жəне моторлық даму 3 .Нəрестелік шақтағы сенсорлық даму

4 .Нəрестелік шақтағы когнитивтік даму
Мақсаты: нəрестелік кезеңнің ерекшелігін ,осы кезеңнің маңызын даму перспективаларын түсіндіру.
Бала дүниеге іштен пайда болған қасиеттермен келеді. Оны қоршаған адамдар оған барлық жағынан көмегін тигізеді. Олар баланың физиологиялық дамуына жағдай жасап, қоғамдық өмірге бейімделуін үйретеді. Нəресте ана құрсағында болғаннан бастап сенсорлы жəне қозғалу қабілетіне негізделген –инстинкттермен дүниеге келіп əрі қарай дамиды.1-2 күн болған нəресте химиялық заттарды дəмі арқылы айыра алады. Алғашқы бірінші-екінші айларда аузына жақындаған затқа басын бұрады, сырт жағына бір нəрсе тигенде қолын жұмады. Қозғалыстағы обьектіге көзімен қарап, басын бұрады. Туғаннан балада ему, қорғану, бағдарлау, жармасу, қозғалыс əрекеттері дамып отырады.Жаңа туған баладағы бас миының жүйке жасушалары үлкен адамдардікімен бірдей тек олар əлі жетілмеген жəне бір-бірімен байланысы əлсіз болады.Бірнеше жыл бойына бас миы мен ағзасының мүшелері дамиды да мектепке келегенде аяқталады. Бас миының қалыптасуы жəне дамуы сыртқы əсерлер, əртүрлі жағдайлар, қоршаған ортаға байланысты болады. Зерттеулердің қорытындысы бойынша жарты күннің ішінде баланың бас миында əртүрлі түстер əсерінен электрлі потенциал пайда болады. Осыдан бастап мида шартты рефлекс қалыптаса
бастайды.Нəрісте туғаннан кейін жаңа өмір жағдайларына бейімделе бастайды. Бірінші күндері мынадай өзгерістерді байқауға болады. Терінің қаттты тітіркенуі қоғаныс механизмдерін тудырады, жарықтың көбе юінен баланың көз қарашығы кішерейеді. Бұл реакциялар –қорғаныш рефлекстері деп аталады. Қорғаныш рефлекстерінен кейін нəрістеде бағдарлау рефлекстерін байқауға болады.1-3 күнде бала жарыққа мойын бұрады, жарық сəулесін іздейді. Сонымен қатар бағдарлы тамақтық рефлекстер болады.Бала аузыны салынған кез-келген затты сора бастайды, бұл реакцияны сору рефлексі деп атайды. Сонымен қатар бала қолына жақын затты ұстап алады, бұл реакция жармасу рефлексі деп аталады.

    1. Нəрістенің моторикасы туғаннан күрделі қалыптасу жолынан өтеді. Моторика дегеніміз- адамның биохимиалық, физиологиялық, психологиялық аспектілерін байланыстыратын қимыл əрекеті. Туғаннан он екі айға дейінгі баланың қимыл қозғалыс əрекеті өте шапшаң деңгейде дамиды. Нəресте кезінде қозғалыс əрекетінің қиын түрлері, қолмен аяқтың сенсорлы қабілеттері тез қалыптасады. Бұл қимыл əрекетінің дамуы оның алдағы уақыттағы танымдық жəне интелектуальдық қабілеттерінің қалыптасуына үлкен маңызды болады. Аяғы мен қолының қимылы арқылы бала айналадағы дүние туралы мəлімет алады. Күрделі қол қимылдары ойлаудың бастапқы формасы болып табыла отырып интелектуалдық əрекетінің қалыптасуын қаматамасыз етіп негізгі құрылымы болып табылады.Баланың үлкен импульсивті белсенділігі оның алғашқы əрекетінде бақыланады. 3-4 айлығында заттарға тартылып үлкендердің көмегімен отыра алады. 5 айында қозғалмайтын заттарды ұстай алады. 6-айда отырғышқа өзгенің көмегімен отыра алады. 7 айлығында өзгенің көмегінсіз отырып, ал 8 айлығында еңбектейді де 9 айлығында өзгенің көмегінсіз тұрады, 10 айда өзгенің көмегімен жүреді, 11 айда көмексіз тұрады да 12 айда жүреді.

    2. Нəресте жеті айлығына дейін барлық заттарды ұстап алуға тырысады. Ал жеті айдан кейін өзіне ұнаған заттарды ғана ұстайды. Бұдан балада сенсоматорлы координацияның қалыптасқанын көруге болады. Баланың затты қолына ұстауы аузына апару мақсатымен жасалады. Алғашқыда бала кездескен затты ұстайды, содан кейін ол мақсатты түрде ұмтылып онымен ойнайды. Ашық тартымды зат болса ол əрекетін қайталау арқылы қайта жаңғырта алады. Ол алғашқы 6 айда қалыптасады. Ал 6 айдан кейін үлкендердің қимылын қайталап, еліктейді. Көзі арқылы айналадағы дүниеге үйреніп өз қимылын бақылай алатын болады. Нəрестелік кезеңнің соңына қарай балалар өзінің актуальды мəселелерін қанағаттандыру мен үлкеннің көңілін өзіне аудару мақсатында қимыл жасайды. Оған біріншіден үлкенге бағытталған мимикамен понтамимиканың көрсетілуі жестарды қолданылуы жатады. Адамға сезім мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі көз. Қөзбен қабылдау балада тез дамиды. Екі айда қарапайым түстерді айырса, 3-4 айда заттың формасын қабылдайды. 2 айлығында бала адамдарды айыра алады жəне эмоциональды түрде жауап береді.2-3 айда күлімсіреген анасына күлкімен жауап қайтарады. Оны жадырау комплексі деп атайды.Жадырау комплексінің алғашқы түрлері 2 айда –көңіл аудару, күлімдеу, дыбыс шығару болса 3 айда бұл элементтердің барлығы қосылып бір уақытта көрінетін болады.нəрістенің үлкендермен мұндай қарым-қатынасы- бірінші əлеуметтік қажеттілігі болып саналады.

    3. Дүниеге келгеннен бала дауыстың қаттылығын, жоғарылығын, тембірін қабылдай алады.Сонымен қатар заттарды есінде сақтай алу қабілеті де жасқа дейін қалыптасады. 8-12 айда көру аймағындағы затты жалпылай жəне жеке-жеке айыра алады.Ж.Пиаже баланың сенсорлы дамуын мынадай стадияға бөлді. 1.Қимылсыз заттармен əрекеттесу стадисының құрылымына а) (1- 4) бала əрекеті арқылы бұрынғы сезімін қайталайды,б)біріккен операция стадиясы мұнда көрген заттарына құбылысына қарап қайта жаңғыртады. в) (8-12) əртүрлі обьектінің бөліктерін бір əрекетті қайталау арқылы мақсатты əрекет жасайды. г) (12-18) Мұнда сол обьектіні түрлі жаққа қозғалту қабілеті. Бұл стадияға баланың тамақтану, əлеуметтік қарым-қатынасы , сөйлеуі жатады. 1 жастың аяғында балада ойлаудың алғашқы белгілері сенсоматорлы интелект пайда болады. Алғашқы айларда бала үлкендер сөзіне еліктеп адам дауысын өзге дыбыстардан айыра алады. 1 айда қарапайым дыбыстар шығарады мысалы; а-а- а, у-у, ə-ə, 2 айда гуілдейді.6 айда қарапайым сөздер айта бастайды. Нəресте сөзге қарағанда адамның мимикасымен жестін тез түсінеді. Ол мимика мен жестіні қабылдау адамның туа біткен қасиеті. 6 айдан кейін бала қабылданған затты атымен байланыстыра алады.10 айда эмоциональды жестілермен тілдік қатынаспен қатар балада заттық қарым-қатынас дамиды.

2-айда пайда болған дыбыстар қанағаттану, қанағаттанбау дыбыстарын білдірсеал 7 айда өз тілегін интонация арқлы білдіреді. Енді лексикалық жағынан келсек 4-8 айда бала: мама, баба
деген бірбуынды сөздер айта алады. 6 айдың соңына қарай айналасындағылармен қатынас жасауы үдей түседі де уақыт өте келе жəне үлкендерге еліктеудің нəтижесінде адамзатқа ған біткен қабілет сөйлеу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет