М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет40/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

«баланың дамуы дүниеге келу дағдарысымен жəне одан кейін жаңа туған кезең дағдарысымен басталады. Бала бір жасқа толғанда екінші дағдарысқа тап болады.Бұл кезеңнің дағдарысының мəні оның жүре бастауымен байланысты.Ерте балалық жаста бала жүре алатын болса да, ол үшін жүру кеңістікте қозғалатын негізгі форамаға айналады.үш жастағы дағдарыстың жаңа түзілімдеріне баланың үлкендерге қатысты позициясының өзгеруі, өзбетті болуға ұмтылуы, үлкендердің оны мойындауын керек етуі жатады. Осы кезеңде баланың «мен» концепциясы қалыптасады.Балада менікі, өзім жасаймын деген қылықтар пайда болады.мектеп кезеңі барлық басқа кезеңдер секілді дағдарыспен, өтпелі кезеңмен басталады.7 жаста баланың бойы тез өсе бастайды, сəйкесінше денесінде көптеген физиологиялық өзгерістер пайда болады.Бұндай өзгерістер психикалық деңгейде де жүреді.Бала өзіне , өзгелерге деген қарым-қатынасы өзгереді. Балада түсініксіз мінез-құлық пайда болады. Басынан кешіретін сезімдер шынайы бола бастайды.13 жастағы дағдарысқа тыңдамаушылықтың асқынуы, дөрекілік, үлкендерге ешбір мотивациясыз қарсы шығу, уайымдау тəн.Орта жастағы дағдарыс кезеңінде адам өзінің өмірінің керемет кезеңінің артта қалғанын, өлімнің жақындағанын сезінеді. Ересек адамдарды ұрпағына не қалдырам, бұлөмірде не тындырдым қандай жетсітікке жеттім деген сұрақтар мазалайды. Сондықтан бұл кезеңнің дағдарысын сұрақтар дағдарысы деп атайды.дағдарыс кезеңдері адамға психологиялық жəне əлеуметтік жағынан біршама қиындықтар əкеледі.Бірақ көптеген адамдар осы өтпелі кезеңге бейімделіп, алдын-ала антиципация көмегімен өмірлік жағдайларды жоспарлай алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары;


1 .Пренатальды кезең қандай аралықты қамтиды?

    1. Пренатальды кезең қандай периодтарға бөлінеді

3 4. Қалыпты жағдайдағы баланың дүниеге келу салмағы?

  1. Жыныстық жолмен таралатын ауруларды ата?

  2. Дағдарыс дегеніміз не?

  3. Дағдарыс кезеңдерін ата?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет