М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет53/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары;


    1. Бастауыш мектеп жасы қай жас кезеңін қамтиды ?

    2. 6 жастағы баланың салмағын ата?

3 .Бастауыш мектеп жасы кезеңіне сай ойлау түрі?

  1. Эгоцентризм дегеніміз не?

  2. Осы кезеңіндегі салауаттылықтың негізгі компоненттері?

  3. Кост анықтаған ойлау əрекетінің даму сатылары?

Бастауыш мектеп шағындағылардың психоəлеуметтік дамуы


  1. Бастауыш мектеп шағындағы тұлғалық даму.

  2. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ата-аналарымен қарым –қатынасы

  3. Құрдастарымен қарым-қатынасы .

Мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың тұлғалық жəне ата-аналарымен құрдастарымен қырым-қатынасыны бағыты-мен таныстыру.

  1. Орта балалық шақта баланың эмоциональды жəне əлеуметтік өмірі бұрынғыдай тек отбасымен шектелмейді, бала енді құрдастары, мұғалімдері жəне т.б. үлкен адамдар мен балалардан құралған үлкен əлемге аяқ басады.Орта балалық шақтағы баланың тұлғалық дамуы психологияда үш теориялық бағытпен түсіндіріледі.Біріншісі –психодинамикалық бағыт. З.Фрейд орта балалық шақты латенттік стадия деп атады. 6-12 жас аралығында балада бұрын болатын қызғану мен көре алмаушылық соңғы орындарға ығысадыда, енді эмоциональды энергия құрдастарымен қарым- қатынасқа, шығармашылыққа, мектеп немесе қоғамда бекітілген мəдени міндеттерді орындауға жұмсалады.Эриксон Фрейдтің көзқарасын əрі қарай дамытып, бұл кездің негізгі ерекшелігі толымсыздық комплексімен еңбекқорлық арасындағы психоəлеуметтік конфликтінің болуы деп түсіндіреді.

Екіншісі – дамудың кргнитивті теориясы. Жан Пиаже мен Л. Кольберг балалардың өз тұлғасы туралы жəне мораль түсінігінің дамуына назар аударды.
Үшіншісі -əлеуметтік үйрету теориясы отбасында жəне құрдастар арасында мінез-құлықтың нақты формаларына үйрену қалай жүретінін түсіндіреді. Орта балалық шақта мінез-құлықтың моделі ретінде құрдастар мінез-құлқы алынады. Балардың құрдастарымен, үлкендермен жəне отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас тəсілдері өзгереді. 4-жасар шыдамсыз бала 8-жасқа қарай балалармен жəне үлкендермен бірлесе əрекет ете бастайды, ал13-жаста бүлікшіге айналуы мүмкін.
Орта балалық шақта балалардың өзі туралы түсінігі қалыптасып, тұрақтанып, «Мен» концепциясы шынайы бола түседі. Өз бойында бар дағдыларды, өзі туралы кемшіліктерді біле отырып, мінез- құлқын ұйымдастырып бағдарлай алады. Бірақ мен концепциясы қалыпты болмайды. Бастауыш мектеп жылдарында өзін-өзі бағалау деңгейі академиялық жетістіктермен байланысты. Өз қабілетімен жетістікке жеткен баланың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды, жетістікке жете алмаса өзін төмен бағалайды, жəне керісінше өзін-өзі төмен бағаласа бала жетістікке талпынбауы да мүмкін.
Орта балалық шақта əлеуметтену процесінде басты орынды əлеуметтік таным алады, яғни қоршаған орта мен əлеуметтік іс-əрекет туралы түсінігі, білімдері мен ойлары.Бұл кезеңде балалар əділдікті ұғынып, əлеуметтік нормаларды сақтап, жыныс ерекшеліктеріне байланысты əдептілік заңдылықтарымен танысып, беделділерді құрметтеуге үйренуі керек. Əлеуметтік танымның бірінші компоненті -əлеуметтік қорытынды, бұл басқа адамдар не ойлайды, жəне қандай іс-əрекетке баруы мүмкін екені туралы алдын-ала ойлауы. Ж. Пиаже адамгершіліктің балаларда даму екі сатыда өтетінін анықтады. 1) құлықтық шынайылық ; балалар барлық ережелерді қатаң ұстану керек деп ойлайды.2) құлықтық релативизм; балалар ережелерді өзгертуге , ауыстыруға болатынын түсінеді.

  1. Орта балалық шақта балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасының сипаты өзгереді.

Осы кезеңде ата-анасы баланың оқу дағдылары мен жетістіктерін бақылап, басқарып отырса балалар жақсы баға алатынын анықтады.
Зерттеулерден көрсеткендей ата-ананың мақсаты –балалардың өз мінез-құлқын реттеу қабілетін дамытуға көмектесу. Мұнда ең нəтежиелі əдіс- ата-ананың беделіне негізделетін тəртіптік іс- шаралар. Яғни ата-ананың нақты аргументтермен өткізген əңгімесінен кейін бала қарсыласуын қойып, бірлесіп бір шешімге, келісімге келуге ұмтылады. Егер ата-ана баласына не жақсы, не жаман екенін жаймен түсіндіріп отырса, балада моральды нормалары интернализацияланады.Ал егер ата-ана əлеуметтік күштеу секілді əдістерді қолданса, бала тек үлкендердің көзінше дұрыс, тəртіпті жүреді де, олар жоқта сотқарлық іс-əрекетке барады. Егер отбасылық шешімдерге келгенде балалардың қатысу деңгейін арттырса, ата-аналар балалардың мінез-құлқын өздері реттей алуын дамытуына қол жеткізеді, Ата –анасымен бірге мəселелерді бірге шешуге қатысқан жауапкершілікті бөліскен балалар болашақта жасөспірім болғанда өздері шешім қабылдайтындай дəрежеге жете алады.

  1. Құрдастарымен қарым-қатынастары орта балалық шақта əлеуметтік жəне тұлғалық дамуына əсер ететін ең басты фактор болып табылады. Үлкендермен достықтың нəтежиесінде балалар əлеуметтік ұғымдарды меңгереді, əлеуметтік дағдыларға үйренеді жəне өзін-өзі құрметтеуді дамытады. Тұрақты достары бар балалар оқуда , өмірде де үлкен жетістіктерге жете алады. Достықтың сипаты даму барысында өзгеріп отырады. Селман бойынша мектепке дейінгі жəне 1-2 сынып оқушыларына бірінші стадия деңгейіндегі достық тəн.Бұл жаста сенімді достарың болуы балалар үшін өте маңызды. Олар өзара өздерінің сезімдері, қорқыныштары, өмір туралы талқылай алады. Достары болмаған балалар, шеттетілген болып олар үлкейгенде əлеуметтік бейімделе алмаушылыққа ұшырауы мүмкін.

Құрдастар тобы- бұл топтық нормалары бар, өз лидерлері немесе жетекшілері бар құрылым. Орта балалық шақтың басында құрдастар тобы формальды болмайды. Ал 11-12 жаста құрдастар тобының маңызы арта түседі.Бала мінез-құлқында топтың əсері күшейе түседі. Топ құрамы формальды бола түседі жəне ол бір жынысты балалардан құралады. Құрдастар тобында балалар статусы əр түрлі болады. Лидерлер- сабақты жақсы оқитын, жалпы қабілеттері ортадан жоғары балалар. Оқшау қалған жəне шеттетілген балалар- сабақта үлгерімі нашар, əлсіз, ұялшақ немесе керісінше агрессивті, яғни əлеуметтік жағынан компетентті (хабардар емес)балалар. Баланың топтағы орны оның өзін-өзі сезінуіне əсер етеді. Сонымен қатар топта жоғары конформды балалар болады. Ола əр түрлі « толымсыздық комплексі» жəне «эго күшінің» жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Бұл жастағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге деген сенімділігі, бағынуы, еліктеуі жоғарылайды. Балаларда сенімділік, ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жақсы жағдай жасайды. Сондықтан да бастауыш мектеп жасы баланың денелік, когнитивті жəне тұлғалық дамуы үшін ең басты кезеңдер болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет