М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Өзіндік тексеру сұрақтары



бет51/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Өзіндік тексеру сұрақтары:


      1. Мектепке дейінгілердің денелік дамуы қалай жүзеге асады?

      2. Мектепке дейінгілердің ойын əрекетінің маңызы?.

      3. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы

      4. Мектепке дейінгілердің балалардың когнитивтік дамуын зерттеу əдістемесі қандай ?

      5. Мінез-құлық мотивтері қандай ?

      6. Балалардың өзіндік сана-сезімі қалай дамиды ?

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы.


  1. Мектепке дейінгі баланың сенсорлық дамуы.

  2. Мектепке дейінгі шақта баланың танымдық əрекеттерінің дамуы.(қабылдау,ойлау, ес,қиял т.б.)

  3. Мектепке дейінгі кезеңде тілдік қорының қалыптасуы.

  4. Мектепке оқуға психологиялық даярлық.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-əрекеттерінің,тілдік қорының дамуы мен олардың мектепке даярлығының психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Мектепке дейінгі ұйым бала қабілетінің базистік дамуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйым мен жалпы бастауыш білім
сабақтастығы – күрделі жəне жалпы білім берудің толық шешілмеген проблемаларының бірі. Педагогикалық тəжірибені талдай отырып, сабақтастықты екі жақты процесс ретінде қарастыруға болады, білім берудің мектепке дейінгі деңгейінде сананың тұлғалық дамуының іргетасы қалатыны жəне ол мектептегі оқу жетістігінің негізі болып табылатыны.
Мектепке оқуға əзірлігі жəне баланың болмысын анықтау арқылы сабақтастықты жүзеге асыру керек. Баланы мектепке əзірлеу-тəрбиешілер мен психологтардың басты міндеттердің бірі. Мектепке əзірлік тек оқу, жазу,онға дейін санау т.б., дағдылармен ғана өл-
шенбейді, кешенді əзірлікті, тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды-тұлғалық сферасы, физиологиялық даму жетістіктерін ескереді.

  1. Интеллектуалды дайындық баланың оқу іс-əрекетінде алғашқы дағдыларының қалыптасуын білдіреді.Тұтастай интеллектуалды дайындық:

  • саралап қабылдау;

  • аналитикалық ойлау (заттардың негізгі белгілерін, құбылыстар байланысын,үлгіні қайта жаңғырта білу т.б.);

  • нақты болмысты тану (қиялдың азаюы), логикалық есте сақтау;

  • білімге қызығушылығын ояту, зейінін шоғырландыра білу;

  • қол қимылдарын жəне көру қозғалыс координацияларының дамуы болып табылады.

  1. Əлеуметтік-психологиялық əзірлік.Бұл компонент баланың балалармен жəне мұғалімдермен қарым-қатынас жасау қасиетін білдіреді.Бала мектепке келгенде кез-келген жағдаятта өзара қарым- қатынас жасауға икемді болуы шарт.Балалар ортасына енуі балалармен бірігіп іс-əрекет ету, балалар тобының дəстүрі мен қызығушылықтарын икемделулері. Мектепке келу:

  • ерікті мінез-құлықтың жаңа деңгейінің дамуы;

  • рефлексия, анализ, ішкі жоспарлы əрекет ету;

  • нақты болмысқа жаңа танымдық қатынасты дамыту;

  • қарым-қатынастың жаңа түріне икемделу;

  1. Физиологиялық əзірлік бала ағзасының функционалды даму жүйесі жəне денсаулығы. Арнайы критерийлер бойынша медициналық тексерістен өтеді.Бала психологиясын зерттегенде баланың физиологиялық дамуы ескерілуі қажет. Себебі бала денсаулығы мектептегі оқу іс- əрекетінің іргетасы болып табылады,медициналық картада баланың соматикалық даму жөнінде ақпараттар (салмагы, бойы , дене мүшелерінің үйлесімділігі т.б.), сонымен бірге жүйке жүйесінің дамуы жөнінде ақпараттар болады .

Баастауыш саты жасы –бала өміріндегі ерекше кезең , мектепте əлеуметтік катынастардың жаңа құрылымы пайда болады . Жогарыда аталган мектепке əзірлік денгейі əр балада өз дəрежесінде дамып келгеннің өзінде де 1 сынып окушылары 3 типті қиыншылықты басынан өткереді :

  1. Жаңа мектеп тəртібі ерекшеліктеріне байланысты;

  2. Мұғаліммен, сыныптастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайтын;

  3. Оқу мотивациясының жоқтығынан. Мектепке бейімдеу жұмыстарында педагогтар психотерапияны қолдануы тиіс: арттерапия, ертегі терапиясы т.б. Мектепте «бала-мұғалім» жағдайы бала өміріне сіңеді. Бұл қарым-қатынастар жүйесін бала өмірінің негізі, оған барлық қолайлы өмір жағдайлар жүйесі тəуелді келеді. «Мұғалім – бала» қатынасы алғаш «бала – ересек» қатынасына айналады.

Мектепте жалпыға бірдей бағалау өлшемдер жүйесі бар. Бала дамуының əлеуметтік жағдайы арнайы іс-əрекетті қажет етеді.Бұл іс-əрекет оқу іс-əрекеті. Əдетте бұл іс-əрекетті – білім меңгеру іс-əрекеті деп атайды.Бірақ бұл толық сипаттама бере алмайды. Оқу іс-əрекеті адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған ғылым мен мəдениетін тікелей бағытталған əрекеті болып табылады. Оқу əрекеті ойын түрінде берілмейді олар абстрактілі,теориялы жəне бірте-бірте қалыптасады.Маңыздылығы əр бала өзі оқып үйренеу қажеттілігінде.Танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру маңызды. Танымдық қажеттілікті қалыптастыру оқытудың мазмұны, тəсілдерімен тығыз байланысты. Егер бала мектепке асыға келсе, яғни оларға жағымды,мазмұнды, қызғылықты болса, нағыз танымдық қажеттіліктің оянғаны. Сонымен,бастауыш саты жасының негізгі психологиялық жаңа образы мыналардан тұрады:

  1. Барлық психологиялық процестердің ұғымдылығы жəне өнімділігі жəне олардың ақыл-ойдың дамуына себеп болуы,бұл ғылыми ұғымдар жүйесін игеруі арқылы жүзеге асады.

  2. Оқу іс-əрекетінің дамуы қорытындысында əр бала өзінің өзгергенін ұғыну. Бұл жетістіктер баланың келесі жас сатысына əзірлігін көрсетеді, балалық шақты аяқтайды, тек интеллектен əлі қалыптсып бола қойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет