М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет54/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары;


  1. З.Фрейд осы кезеңді қалай деп атады?

  2. Осы кезеңдегі балалардың өзін-өзі бағалауы неге байланысты?

  3. Лидерлерге қандай балалар тобы жатады?

  4. Ж.Пиаженің анықтаған адамгершіліктің даму сатылары?

  5. Осы жас кезеңде баланың кімдерге деген сенімділігі артады?



№ 10 дəріс


Тақырыбы: Жасөспірім шақтағы психикалық даму. (ортаңғы сынып оқушылар психологиясы).
Дəрістің мазмұны

    1. Жасөспірімдік шақтағы денелік даму жəне бейімделу 2 .Жасөспірімдік шақтағы когнитивтік даму .

  1. .Жасөспірімдер психологиясына тəн негізгі ерекшеліктер.

  2. Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық даму.

5. Жасөспірім кезеңдегі қарым-қатынас.
Мақсаты:Жасөспірімдік кезеңдегі денелік даму ерекешелігімен жəне оның бала психологиясына əсер етіп, дағдарыстың туындау себептерімен таныстыру.

  1. Жасөспірімдік кезеңдегі балаларға 10 жастан 17 жасқа дейінгі балалар жатады.Жасөспірімдік кезеңнің биологиялық көріністері ретінде: бойдың өсуі, репродуктивті ағзаның тез дамуы, жəне екінші жыныстық белгілерінің, яғни терінің түк басу жəне теріде бұлшықет пен май массаларының көбеюі жатады. Кейбір өзгерістер қыз балаға да, ер балаға да ортақ болып келеді. Мысалы: бойы мен күшінің өсуі.

Гормондық өзгерістер: өтпелі кезеңдегі денелік өзгерістер гармондардан синтездеуші эндокринді бездер жəне үнемі ауысып туратын қан құрамымен бақыланады. Қыздардың тез өсуі 10,5 жасында, ал ер балалар 12-13 жасында басталады. Əсіресе қыздардағы интенсивті даму белгілері жасөспірімдік кезеңдерге өту кездерінде байқалады. Айқын өзгерістер жыныстық жетілумен тығыз байланысты болып келеді. Интенсивті өсу əдетте баланы икемсіздікке алып келеді. Себебі, оның денесі толысу, əрі өзгеру үстінде болады. Əдетте икемсіздік симметриясы өспеугеде байланысты. Кейбір жағдайда уақытша бір аяғы ұзындау, бір қолы екіншісінен үлкендеу болуы да мүмкін. Əрине өсіп толысқан соң ағзаның сұранысын қанағаттандыру үшін тамаққа тəбеті ашыла түсері де сөзсіз. Бетке безеу шығып, денеден иіс шығатын да осы өтпелі кезеңде.Əлбетте өтпелі кезең алдындағы балаларда толысу байқалады. Эндокринді без жұқа, əрі күрделі гормондар байланысын тудырады. Оның қолдауына мидың екі аймағы жауап береді. Олар: гипоиогломус жəне гипоприз. Олардың құрамына дененің өсуін қадағалап отыратын өсу гармоны мен трофикалық гормондар енеді. Пубертат қазіргіге қарағанда кешірек басталған. 1880 жылы мыс: біздің кезімізден айырмашылығы осы кезеңдердің басталуының қыздар үшін орта шені 15,5 жас деп есептеледі жəне əлеуметтік жастықтан жетілу кезеңі осыдан соң бірден басталады. Сонымен қатар осы кезде жүректің өлшемі де ұлғаяды.Жасөспірім жасындағы балаларға дауыстың өзгеруі де тəн. Дауыс трансформациясы пубертатты өзгерістің соңғы этаптарында жүретін құбылыс, ал көпшілігінде ол келе-келе пайда болуы да мүмкін.
Жасөспірімдер өз бойындағы ауытқушылықтарға (шамадан тыс семіздік немесе жудеулік), əлде жетілу темпі (кешеуілдеп немесе ертерек) шыдамсыздана жауап іздеуі анық.
Міне осындай жағдайда өтпелі кезеңдегі жастардың безеу , икемсіздік немесе салмақ мəселесі БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) жастарға үлкен əсер етіп, көмек бере алады. БАҚ-ғы толыққанды жетілген өз қатарластарын көре отырып, олар өз бойындағы күмəн жəне күдіктен арылады.
Жасөспірімдік шақта балалардың көпшілігі форма, комплекция түсініктерін өздерінше елестетеді. Олар өз денелері пропорциясына көп көңіл аударады. Осы жаста кемшіліктер мен артықшылықтар қатаң байқалады. Кейбір жастар осы кезде диетаға отырады, ал біреулері қатаң түрде денешынықтырумен айналысады. Себебі өз денелерінің формасын жақсы ұстау үшін жəне күшінің мықты болуы үшін. Ер балдардың көпшілігі бойдың өсуі мен бұлшықеттеріне көп көңіл бөледі., ал қыз балалар керісінше толықсудан немесе өте арық болудан мазасызданады. Олар осы кезде өз салмақтарына көп көңіл бөледі, өйткені қоршаған орта оларды қалай қабылдайтыны мазалайды. Уайымдау, үрейлену бұлар тамақтанудың бұзылуына əкеліп соқтырады, соның ішінде жүйке жүйесінің анорексия жəне булимияға. Бұл жерде анорексия деп отырғанымыз жасөспірімдердің толықсып кетемін деп тамақтаундан бас тартуы.Ал булимия керісінше тамаққа шектен тыс құмарлық.
Бой, салмақ жəне комплекция, 10 сынып оқушыларының ең басты мазасыздануларының түрі болып табылады, олардың көпшілігі денелік келбеттерін өзгерткісі келеді. Берілген өзіндік баға, өзінің өткірлігін жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде жоғалтады. Лангитюдтік зерттеу көрсеткендей дене бейнесіне деген қанағаттанушылық қыздарда 13 жасында, ал балаларда 15 жасында төмен болады. Кейін біртіндеп жоғарылайды. Əйтсе де ол 11-18 жас аралығында ер балалармен салыстырғанда қыздарда төмен болады. Өз денесіне қанағаттанбаушылық мысалы қыздарда: «Мен өзімнің құлағымды артақарай орналастырсам екен», т.б. Ал ер балдар былай айту мүмкін: «Мен əдемі болсам жəне толық болсам», «Дене бітімім əдемі болса екен» деген сөздерден көрінеді.

  1. Жасөспірімдік кезең қабілеттің, ойлау процесі, сананың өсуі, қиялдың, пікір жəне интуицияның дамуы айқын байқалады. Оларда біліммен толықтырылуы, сұрақ жəне жауап олардың өмірін қиындатады. Когнитивтік даму жасөспірімдік кезеңде абстрактілі ойлаумен жəне мета-танымды қолдануының өсуімен байланысты. Бұл процес жасөспірімдердің естің мазмұны мен шекарасына əсер етеді, мəселені шешілу тəсілі, əлеуметтік контекстегі ойлауды шешу жəне моральдық пікірді айтуынан көрінеді. Ж.Пиаженің айтуы бойынша жасөспірімдердің абстрактілі ойлауы когнитивті дамудың қорытынды стадиясының белгісі. Ол жасөспірімдердің ойлау қабілітінің деңгейін формальды операциялық саты деп атады.Сонымен қатар бұл кезеңде мүмкін болар жағдайлар, шындықтағы болуы мүмкін жағдайлармен, болмайтын ситуациялармен салыстыру жүреді.Осы кезеңде ойлаудың үш құрылымы болады1) Шешім қабылдау кезеңінде барлық комбинацияларды есептей алу қабілеті,2) Бір өзгерістің екіншісіне қалай əсер ететіндігін болжау, 3)Біріктіру, талдау өзгерістерін енгізу.Бірақта формальды операциялық деңгей барлығында бірдей дамымайды жəне тұрақты болмайды. Егер бұл деңгейге жетпесе адам жаңа жағдайларды қиындықпен шешеді.Роберт Стернберг интелектіні 3 компонентке бөлді;

  1. Метакомпоненет- шешім қабылдау мен жоспарлаудың жоғарғы жүйесін басқару процесі.

Мысалы элемент тізімін жаттау кезіндегі арнайы стратегияны қолдану.

  1. Орындау компоненті-шешу міндеттерінің қалыптасуының орындалуы. 3.Білімді меңгеру компоненті-жаңа информацияның меңгерілуі.

Жасөспірімдер интелектуальдық жəне моральды процесінің дамуын қарым-қатынас қызметі үшін іздейді. Жасөспірімдердің үлкендермен қарым-қатынстарында еркіндік жəне тəуелділсіздік байқалады.Олар дау жанжалға бейім келеді. Эриксонның зерттеуі бойынша еліктеудің қалыптасуы ұзақ жəне қиын болып келеді.Джеймс Марсиа Эриксонның теориясын əрі қарай дамытты.Ол 4 жағдайды көрсетті:алдын-ала шешім қабылдаушылық, дифузия, мораторий, жəне ұқсастыққа жету. Өзін-өзі тексеру сұрақтары;

  1. Жасөспірімдік кезең қандай жас аралығын қамтиды ?

  2. Пубертант дегенді қалай түсінесің?

  3. Жасөспірім денесінде қандай өзгерілулер болады?

  4. Анорексия дегеніміз?

  5. Жасөспірімдердің ойлау деңгейін ата? 6 .Мета-компонент дегеніміз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет