Кəрі жастың маңызды міндеттернің бірі зейнетке шығуға бейімделуден тұрады.Тарихи бұл мəселе əйел адамдарға қарағанда ер адамдарды күштірек қозғады, себебі жұмыс күшінің көп бөлігі
олардың мойнында болды.Алайда соңғы 30 жылда бұл сферадағы гендерлік айырмашылықтар өзгерді. Адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өзін - өзі сезінуі көбіне оның шынымен –ақ жұмысын тоқтатқысы келгеніне əлде жағдайдың қысымымен кету керек болғандығына байланысты.Зейнетке шығу – қарттық кезеңдегі мəнді статус өзгерісі. Жұмыс өмірді ұйымдастырады, күнделікті жұмыс ретін анықтайды. Жұмыс – бұл қызметкерлер жəне өзге де адамдар, тұрақты қарым – қатынас көзі.
Адамның жаңа рольге жеңіл бейімделуі бірнеше қатар факторларға байланысты. Егер адам жұмыстан кездейсоқ шықса немесе еңбек ролімен тығыз байланысты болса зейнеттегі өмірге өту ол үшін өте қиынға соғады.
Қарттық шақта ақыл-ой жəне денелік іс - əрекеттің жылдамдығының төмендеуі тəн. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, кəрі жаста интеллектуалды функциялар əлсірейді. Кəрі адамдарда перцептивті ақпаратты өңдеу реакция уақыты жылдам, жалпы когнитивті процестер баяулайды.Белгілі бір деңгейде танымдық іс - əрекеттің баяулауы қартаюмен тікелей байланысты.
Кəрі жасқа бейімделу – бұл бұрын қалыптасқан тұлға стилі жетекшілік ететін мінез – құлық. Эриксон эго тұтастығын ұзақ даму процесінің нəтижесі ретінде қарастырған. Пек кəрі жасты трансцендентті эго ( сана өлімнен жоғары тұратын күй) жəне уайымдағы эго ( адамда өлім туралы ойлар басым болса)арасындағы конфликтіні шешу терминдерімен бейнелеген.
Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, қарттық шақта өмірлік өзгерістерді жеңу қабілеті нашарлайды. Алайда кейбір ғалымдардың айтуынша, уақыт өте келе өмірлік мəселелерді жеңу қабілеті жетіле түседі. Естің қалыпты жұмыс істеуі жəне ақыл-ойының дамуына қарамастан, кейбір қарт адамдарда когнетивті іс-əрекеттің едəуір нашарлауы көрінеді. Бұл уақытша болуы мүмкін. Кейбір жағдайда когнитивтік іс -əрекетің бұзылуы ұзақ болмайды. Когнитивті бұзылудың негізгі себептері бар. Бірінші себепке Альцгеймер ауруы жəне инсульт(мидың қан айналымының бұзылуы) жатады. Көптеген жағдайда когнитивтік іс-əрекеттің бұзылуы қартаю процесінің салдарынан емес, ол басқа факторлармен байланыста болады: денсаулықтың нашарлауы, білімнің төмендеуі, кедейлілік жəне мотивацияның төмендеуі. Екінші себептер бірінші себептен болуы қиын. Бұған “деменция” ауруы жатады.Деменция (нашар ойлаудың қалыптасуы) - үнемі шатысып қалушылық
, ұмытшақтықпен сипатталады. Көбінесе бұл жағдай қартайған кезде болады. Деменция ауруына Альцгеймер ауруы себепші болады. Альцгеймер ауруымен байланысты ол 65 жастан жоғарғы адамдар арасында 2-4% көрсетеді, ал оның басқа типтері сирек кездеседі.
Деменция ауруымен ауыратын адамдарда заттарды тез қабылдау мүмкіндігі нашарлайды. Оларда ойлау қабілетінің темеңдеуі байқалады. Олар əрқашан бір айтқан сөзді қайталай береді, дені сау адамдарға қарағанда аз ойланады жəне айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмайды. Олар əңгімелесу кезінде сөйлемнің ортасында үзілістер жасайды. Жақын арада болған оқиғаларды тез арада ұмытып қалады. Деменция ауруынан зардап шеккен адам өзінің балалық шағында болған оқиғаларды оңай елестете алады, бірақ 1 сағат бұрын болған жағдайды есіңе түсіре алмайды.Когнитивтік дамудың нашарлауының бірінші себебі;деменция ауруының басты себебі жəне когнетивті іс- əрекеттің бұзылуына əсер ететін-Альцгеймер ауруы болып табылады Альцеймер ауруы 65 жас жəне оған жоғарғы жастағы адамдар өліміне себепші болатын аурулардың ішінде 8-ші орында тұрады.Альцеймер ауруы бұл бас миының ішкі қыртысында басталатын ми жасушасының зақымдалуы. Осы ауру бойынша өлген адамда зерттегенде ми қыртысының аз ғана бөлігі өрілген жіп тəрізді болады. Осы ауру кезінде адам еске сақтау қабілетін жоғалтады.Бұл аурудың алғашқы симптомы кезінде ұмытшақтық пайда болады жəне тіл кемістігі пайда болады. Басында ұсақ-түйек нəрселерді ұмытады, содан кейін ауру күшейе түсе, ол өзіне таныс адамдардың атарын, күнделікті істеп жүрген, өзінің таныс орындарын ұмыта бастайды, ең соңында жаңа ғана болған оқиғаны да ұмытады. Ауру адамға қарапайым нəрселерді орындауға жəне жоспарлауға қиын болады мысалы, ішіп, жейтін тағамды табу қиынға соғады жəне ол тоңазытқышты іздеп таба алмайды. Бұндай жағдайда ауру адамды жалғыз үйде қалдыруға болмайды. Ауру адам қарапайым нəрселерді орындай алмайды, ол өзі киіне алмайды, тамақ іше алмайды. Өзіне жақын адамдарды жəне өзінің жолдасын, өзіне көп жылдан бері көмек көрсететін адамды танымайды оны таныс емес адам ретінде қабылдайды. Туысқандары ауру адамды қиын жағдайда қарттар үйіне апаруға мəжбүр болады.
Когнитивтік іс- əрекеттің нашарлауының екінші себебі; психологиялық күтім, рухани денсаулық жəне басқа факторлар когнитивті іс- əрекетіне əсер етеді. Кейбір қарт адамдарда
жаспен бірге оның есі нашарлайтынын жəне олар қалыпты жұмыс істей алмайтынын айтады. Адамның рухани денсаулығы оның когнетивті іс- əрекеттегі тапсырмаларды орындауына əсер етеді. Депрессия—қарттық жастағы қарапайым психологиялық реакция. Ол сүйікті адамын жəне досын жоғалтып алуымен байланысты болады. Депрессия зейіннің шоғырлануының жəне когнитивті іс- əректтің төмеңдеуіне əкелетін дұрыс тамақтанбау, анемияға əкелетін витаминнің жəне хориннің жетіспеуі ойлау қабілетнің нашарлауына əкеледі. Алкогольдік ішімдіктерді көп қолдану қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді жұмысының бұзылуна əкеледі.
Стохастикалық теория. Қартаюдың стохастикалық теориясына сəйкес,ағза кездейсоқ зиянды нəрселердің нəтижесінде қартаяды. Бұл теорияның авторлары адамның денесін жасушалық деңгейде жиналған зиянды нəрселердің нəтижесінде істен шыққан машинамен теңейді.Тек жасушалық құрылым емес, ұлпалар, мүшелер тозады.
Биологиялық сағат теориясында басты назарды қартаюды генетикалық анықталғандығына бағытталады. Бұл теория бойынша, қартаю тұқым қуалау гендерінің алдын ала белгіленген əсерінен болады. Индивидуумның өмірінің орташа ұзақтығын шамамен 200 ген анықтайтынын болжайды. Бағдарламаланған қартаю биологиялық сағат ұғымымен байланысты.Бұл идеяның мəні бойынша, ағзада белгілі бір өлім уақытына қойылған жеке сағаты болады.Сағаттар ағзаның əр жасушасында немесе мида орналасуы мүмкін