Тақырыбы:Қарттықжастағыадамдарпсихологиясы. Дəрістің мазмұны:
Қарттық кезеңдегі адамдарға тəн негізгі психологиялық ерекшеліктер.
Қарттық кезеңдегі когнитивтік процестердің өзгерістері.
Бұл кезеңдегі мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайы.
Зейнеткерлікке шығу
5 Қартаю теориялары. Жеке тұлға жəне қартаю
. 6. Қарттық кезеңдегі аурулар түрлері.
Мақсаты: Қарттық кезеңнің ерекшелігімен жəне осы кезеңде пайда болатын аурулық мəселелерін түсіндіре отырып, қарттарымызды қадірлей білуге үйрету.
Батыс елдерде кəрі адамдарға қатысты көптеген стереотиптер бар.АҚШ –тың тұрғындарына қойылған сауалнама бойынша кəрі адамдардың жағымды да, жағымсыз бейнелері шығарылды.Бернис Найгартен кəрі адамдарға деген немқұрайлы қатынасты «эйджизм»термині көмегімен белгіледі.
Батыс елдерде, əсіресе АҚШ-та барлық жастағы адамдар кəрілерге теріс сапалар , ал жастарға – жағымды сапаларды беруге бейім.Теріс стереотиптер жас адамдарды кəріліктен қорқуды тудырып қана қоймайды, қарттардың өзін шектейді.Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей, кəрі адамдардың көпшілігі өздерінің əлуметтік жəне экономикалық жағдайын қоғамға қарағанда айтарлықтай жоғары санайды. Батыс елдермен салыстырғанда біздің еліміз қарттарға құрметпен қарап, бала-келіндері қарт адамдарды бағып күтеді.
Əлеуметтік-мəдениперспективалар. Адамдар əрқашан кəріліктен қорықпайды. Əлемнің көптеген елдерінде кəрі адамдар ұлы даналықты иеленеді деп санайды. Мысалы, үндістер əркез кəрілерді дана, мəдениет дəстүрлі білім мен сенімді тасушы деп оларға бас иген. Қытайда, Жапонияда жəне басқа да Азия елдерінде үлкендерге құрмет көрсету ретінде белгілі дəстүр бар. Жапонияда , мысалы, кəрі адамдардың төрттен бірі өз балаларымен тұрады. Жəне оларға құрмет тұрмыстық өмірдің түрлі ұсақ-түйектерінен көрінеді.
Қартаюдың денелік аспектілері. Қартаюдың денелік аспектілері ересектіктің соңғы сатысымен бірге жүретін көптеген өзгерістер мен шектеулер анықтайды. Денелік қартаю универсалды. Кейбір адамдарға ерте келсе, кейбіреулеріне кеш келеді, бірақ кез келген жағдайда одан құтылуға болмайды.Тіпті жағымды генетикалық жəне сыртқы жағдайлардың өзінде ағзаның барлық жүйесі қартаяды, алайда оның қартаю темптері əр-түрлі болады. Қартаю процесі көпшілік мүшелер үшін ересектік шақтың басында немесе ортасында басталады.Көп жағдайда қартаю ересектік шақтың соңына дейін байқалмайды, өйткені ол біртіндеп жүреді.Қартаю ағзаның сенсорлы жəне өзге де жүйелер жұмысының тиімділігінің төмендеуімен жүреді.Алайда бұл қартаю белгілері барлық адамдарда бірдей байқалмайды.Зерттеулер көрсеткендей, жақсы денелік формадағы жəне белсенді өмір сүретін кəрі адамдар кейбір денелік əлсіздік сезінетін жас адамдарға қарағанда берілген тапсырманы дəл сондай жетістікпен орындайды. Сонымен қатар , ағза жүйесінің биологиялық өзгерісін – қартаюдың жалғыз себебі деп айтуға болмайды.Көп адамдар жастық немесе ересектік кездегі кейбір оқиғаларға байланысты: мысалы, қатты дыбысты музыканы жиі тыңдаса, қарттық шақта жекелей немесе толықтай естуден айырылады.Сол сияқты сенсорлық бұзылыстар мен ішкі мүшелер дефектілері өткен тəжірибедегі оқиғаларға байланысты.Сөйтіп, өмір суру тəсілі, бастан кешкен оқиғалары ағзаның жас ерекшелік өзгерістеріне əсер етеді. Кейбір жағдайда бұл факторлар қартаюдың патологиялық факторлары деп аталады.Кəрі адамдардың көпшілігі өздерінің денсаулығын жақсы , тіпті керемет деп жатады. Оларға артриттің баяу дамуына немесе дəрінің кері əсерлеріне бейімделуге тура келеді. Соңғы ересектік шақта пайда болатын денсаулық проблемаларын былайша үш категорияға бөлуге болады: хроникалық, тамақтану жəне дəрі препараттарын дұрыс қолданбау. Адам ауырғанда оның ауруы хроникалыққа айналуы мүмкін, яғни ұзаққа созылып, рецидивпен бірге жүреді. Кəрі адамдар əдетте хроникалық күйге шалдығады- одан толықтай жазылуға болмайды. Кəрі адамдардың шамалы күйі белгілі бір деңгейде дұрыс емес диетадан жəне тамақтанудан болады. Денелік белсенділіктің төмендеуіне жəне метаболизмнің баяулауына байланысты кəрі адамдарға жас кезіндегідей тамақ мөлшері талап етілмейді. 65-жасқа келгенде калорияға қажеттілік 20%-ке азаяды.Кəрі адамдардың организмінде көбіне темір, кальций, А жəне С дəрумендері аз мөлшерде болады.
Дəрі-дəрмектерді дұрыс қолданбау.Дəріні дұрыс қолданбау кəрі адамдар үшін салмақты мəселе емес. Алайда зерттеушілердің тұжырымдауынша, кəрі адамдардың үштен бірі передозировкамен, дəріні дұрыс қолданбаумен ауруханаға түседі. Дəрілік препараттардың əсері деменция (ақылаздық) симптомдарына ұқсас симптомдардың дамуына əкеледі. Ақыл аздықтың түрліше формалары когнитивті бұзылыстармен: еске сақтау, үйренуге қабілет төмендеумен,таныс адамдарды жəне объектілерді тану қабілетінің əлсіреуімен, сөйлеудің бұзылуымен бірге жүреді.
Қартаю теориясын екі категорияға бөлуге болады: стохастикалық, биологиялық сағат теориясы.