М. Ю. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің директоры Искакова Сәулен Адырбекқызы



бет1/6
Дата26.06.2018
өлшемі139,44 Kb.
#44687
  1   2   3   4   5   6
Ф.7.02-07

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«БОПӘ және музыкалық білім» кафедрасы

Бекітемін

Оқу –әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор

Ажидинов А.С.

«29 » 08 2016 ж.




ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5B010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Шымкент 2016

Элективті пәндер каталогы дегеніміз - студенттердің өздігінен оқу траекториясын құратын таңдау пәні болып табылады.

5B010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарына арналған элективті пәндер каталогының қысқаша мазмұны берілген.

ОҚПУ оқытушылары мен студенттеріне ұсынылған


Құрастырғандар: п.ғ.к.Кенжебекова Р.И.

магистр Кіштай Г.Е.

Элективті пәндер каталогы кафедра мәжілісінде қарастырылған және талқыланған: хаттама №1. 26.08.2016 ж.


Кафедра меңгерушісі_______________Кенжебекова Р.И.
Элективті пәндер каталогы жұмыс берушілермен келісілген:
Хамза атындағы №53 жалпы орта мектебінің жоғарғы санатты мұғалімі Мейірбек Сәрсенкүл Нұржанқызы
М.Ю.Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің директоры Искакова Сәулен Адырбекқызы

Элективті пәндер каталогы Педагогика факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде мақұлданған: хаттама №1. 27.08.2016 ж.


ӘК төрайымы _________________Длимбетова Б.С.
Элективті пәндер каталогы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде бекітілген: хаттама №_1_, «_29_» _08_ 2016 ж.)




Студенттер үшін басшылық
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Құрметті студенті!
Алдыңызға элективті пәндер каталогы болып табылады. Бұл жүйеленген аннотация берілген элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол Сіз үшін оқытудың жеке траекториясын дербес, жедел икемді және жан- жақты қалыптастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында жасалады. Бұл өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды жасаудағы Сіздің көмекшіңіз.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында бүкіл оқу пәндері 3 цикл:

– жалпы білім беруге (ЖБП), базалыққа (БП) және бейіндік пәндерге (БП) бөлінеді. Оқу пәндерінің осы циклдерінің әрбірінің ішінен 2 түрге – міндетті компонент пен таңдаған компонентке (элективті, яғни таңдап алатын оқу пәндеріне) бөлінеді. Мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттары мен міндетті пәндер компоненттерін аталған мамандық студенттерін қоспағанда барлығы оқып үйренеді.


Элективті оқу пәндерін кафедралар Сіздің оқып үйренуіңіз үшін ұсынады. Элективті оқу пәндерінің бүкіл тізбесіне Сіз, атап айтқанда өзіңіз үшін қызықтысын таңдай аласыз. Осылай, оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша Сіздің жеке оқу жоспарыңызға 2 бөлім: міндетті компонент пен таңдаған компонент (элективті оқу пәндері) енетін болады.
Каталогтың көмегімен өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?


  1. Тізімнен өзіңіздің қурсыңыз бен оқу семестрінің кестесін іздеп тауып алыңыз.




  1. Элективті оқу пәндеріне типтік оқу жоспарымен, барлығы қанша кредит бөлінетінін анықтаңыз.




  1. Элективті оқу пәндері тізбесінің өзімен танысыңыз. Оқу пәндері таңдаған курстарға тиісті нөмермен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір тобынан тек қана бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.




  1. Өзіңізді қызықтырған элективті оқу пәнінің сипаттамасын оқыңыз және өз таңдауыңызды жасаңыз.




  1. Сіз таңдаған кредиттер санының типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін санға сәйкес келуін тексеріңіз.




  1. Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда өзіңіздің эдвайзеріңіз көмектеседі.






Пәннің коды



Пәндер

ҚР бойынша кредит саны


ECTS бойынша кредит саны

Семестрі


Пререквизиті/ постреквизиті


Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны


Дублин дескрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері

Құзыреттері

1

TKN/OBZh1104


а) Тіршілік қауіпсіздігі негіздері


2

3

1

Пререквизиттері:
Постреквизиттері:

Мақсаты: Студенттерді тіршілік кауіпсіздігі негіздерімен таныстыру

Мазмұны: Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етідегі рөлі. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары

1) Төтенше жағдайларда олардың салдары бойынша шараларды білу;

2) Табиғат, техногенді және әлеуметтік сипаттағы құбылыстағы сараптама жасау технологияларын қолдана білу;

3) ТЖ-да жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру;

4) Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыру;

5) Жеке адамды қорғау құралдарын қолдануға өздігінен қабілетті болу.


- Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей білуге қабілетті болуы;

- Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті болуы;

- Қауіпті және зиянды факторларды жіктеуді қалыптастыра алады;

- Жоспарлау және құтқару жұмыстарын жүргізуге дағдылана білуі;

-Қауіпсіздікті ұйымдастыру-практикалық шараларын қолдана алады.



2

ETD/ EUR 1104


б) Экология және тұрақты даму










Пререквизиттері:
Постреквизиттері:

Мақсаты: табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру.

Мазмұны: Тұрақты дамудың концепциялары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.

1)тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын білу;

2) табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу;

3) социумды апаттық кризистарсыз дамыту;

4) тұрақты дамудың заңды-лықтарын қалыптастыра білу;

5) алынған білімдерін экологиялық тапсырмаларды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.


-экологиялық процесстерді анализдеуге қабілетті болуы;

- қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя білуі;

- тұрақты даму идеяларын жүзеге асыра алуы;

- биосфераның даму заңдылықтарын сақтай білуі;

- тұрақтылығын сақтау жағдайларын білуі.


3

ZhN/ OE 1201


а) Жаратылыстану негіздері

3

5

1

Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы


Мақсаты: болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін негізгі географиялық ұғымдары, географиялық объектілердің құбылыстар мен процесстердің өзара тығыз байланыста болатындығы жайлы білімді қалыптастыру.

Мазмұны: Жер ғаламшарының орны. Сұлба және карта. Жер қыртысының рельефі. Минералдар мен тау жыныстары. Материктер мен мұхиттар. Гидросфера, судың пайда болуы туралы. Атмосфера, оның құрамы мен құрылысы. Ауа – райы және климат. Адам және табиғат. Жергілікті жердің рельефі. Тірі организмдер эволюциясы. Тірі организмдер құрылысы. Организмдер тіршілігі. Организм және орта.

Білімі мен түсінігі: Жер ғаламшарының орны, сұлба және карта, жер қыртысының рельефі, минералдар мен тау жыныстары, материктер мен мұхиттар, гидросфера, судың пайда болуы; атмосфера, оның құрамы мен құрылысы; ауа-райы және климат; адам және табиғат; жергілікті жердің рельефі туралы бастапқы ұғымдарды меңгеру.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: жаратылыстану ғылымы бойынша білімі мен түсінігін жағдайлардың шешімін таба алатын теориялық білімді практикалық әрекетке ұштастыра білуін өз бетінше талдай бiлу

Пайымдаулар: Ғылыми көзқарастарды ескере отырып, жаратылыс, табиғат туралы пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

Коммуниативтік қабілеттілік: Табиғатқа, дүниеге қатысты ақпараттарды, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Адам, табиғат, жаратылысқа қатысты белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) педагогикалық практика барысында жаратылыстану негіздерінен меңгерген білімдерін қолдана алуы;

2) жаратылыстану ғылымына тиесілі жаңалықтарды үйренуде заманауи техниканы қолдана алуы;

3) оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы, оның таралу жолдарын, табиғатты аялай білу қажеттілігін түрлі әдіс тәсілдер арқылы жеткізе білуі;

4) жаратылыстану ғылымдары бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана алуы;

5) жаратылыстану ғылымынан меңгерген білімін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формаларында икемді де білікті қолдана білуі.


4

TPN/ OP 1201


б) Табиғатты пайдалану негіздері










Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы


Мақсаты: балаларда әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру, табиғаттың қыр-сырын түсінуге талпынысын арттыру. Балаларға өздерін табиғаттан алғашқы ұғым беру, олардың күнделікті өмірден көріп жүрген, бақылауларына қолайлы, көзге бірден шалынатын танып-білулеріне жеңіл соғатын нақты заттармен, құбылыстармен таныстыру. Мазмұны: Адам және тірі ағзаның тіршілік ортасы, өсімдіктер мен жануарлар туралы жаңа ұғымын қалыптастыру, жан-жақты, аумақты, негізгі түсініктермен және балалардың денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу сияқты мәліметтермен қамтамасыз ете отырып, ғылымның жетістіктерімен таныстыру.

Білімі мен түсінігі: Балаларға өздерін қоршаған ортадан алғашқы ұғым беру олардың күнделікті өмірден көріп жүрген, бақылауларына қолайлы, көзге бірден шалынатын, танып-білулеріне жеңіл соғатын нақты заттармен, құбылыстармен таныстыру төңірегінде жүзеге асады.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін Тірі табиғатқа қажетті күннің жылуы, жарық, құнарлы жер, тыңайтқыш туралы ұғымдарын бөлме өсімдіктерін өсіруге, аула тазалығын сақтап, табиғатқа деген қамқорлық көзқарастарын қалыптастыруда қолдану.

Пайымдаулар: Балаларға өздерін қоршаған ортадан алғашқы ұғым беру олардың күнделікті өмірден көріп жүрген, бақылауларына қолайлы, көзге бірден шалынатын, танып-білулеріне жеңіл соғатын нақты заттармен, құбылыстармен таныстыру төңірегінде жүзеге асыру заңдылықтарын ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.

Коммуниативтік қабілеттілік: Материал мен жұмыстың түрлері: дамыту ойындары, танымдық әңгімелер, диалогтар, саяхаттар, ойындық жаттығулар, жағдаятты талқылау, балалардың үлкендермен қарым-қатынас арқылы материалды оңай қабылдауына сай іріктеліп алынып, кез келген жағдайда ойын жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Балаларды табиғатты пайдалану негіздері пәні бойынша алған білімдерін одан әрі дамыту, өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейдіі.

1) педагогикалық практика барысында Табиғатты пайдалану пәнінен меңгерген білімдерін қолдана білуі;

2) биология, география ғылымына тиесілі жаңалықтарды үйренуде заманауи техниканы пайдалана білуі;

3) табиғатпен танысу кезінде табиғат заңдылықтарын, зерттеу әдістерін пайдалана алуы;

4) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана алуы;

5) табиғатты пайдалану пәнінен меңгерген білімін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формаларында икемді де білікті қолдана білуі.


5

MBKN/ONKM 1202


а) Математиканың бастауыш курс негіздері

3

5

1

Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Математиканы оқыту әдістемесі, бастауыш мектепте логикалық және мәтіндік есептерді шығару практикумы

Мақсаты: Студенттердің кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайына туындайтын оқу тәрбиелі міндеттерді кәсіби тұрғыда шешу үшін қажет болатын білім, білік және дағдылармен қаруландыру. Мазмұны: жиындар және оларға амалдар қолдану; жиындар теориясы мен логиканы мектеп курсы математикасының ұғымдарын анықтауға қолдану; қатынастарды және оларға амалдар қолдану; геометриялық түрлендірулер; теріс емес бүтін сандарға амалдар қолдану;

Білімі мен түсінігі: Есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Есепті шешу процесі және оның кезеңдерін сабақ барысында қолдану. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Пайымдаулар: Ғылыми көзқарастарды ескере отырып, білімдерін тереңдету мақсатында пайымдаулар жасай білу;

Коммуникативтік қабілеттілік:

Шешуді талдау және шешуді тексеру.



Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Үнемі ізденіс үстінде болып, белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1)математиканың элементтерін оқытуды жүйелі жүргізуге қабілетті болуы;

2) балалардың математикадан мағлұматын қалыптастыруда жаңа технологияны қолдана білуі;

3) математикалық ұғымдар, заңдар және қасиеттердің, фактілер мен әрекет- тәсілдерінің мазмұнын және дерексіз ойлаудың негіздерін қалыптастыра алуы.


6

EM / EM 1202


б) Элементар математика










Пререквизиттері:

Постреквизиттері: Математиканы оқыту әдістемесі, бастауыш мектепте логикалық және мәтіндік есептерді шығару практикумы.

Мақсаты: болашақта маман болатын студенттерге бастауыш мектеп математикасынан білім, білік, дағдыны қалыптастыру және оны саналы меңгерту

Мазмұны: Бөлшек сандар. Иррационал сан. Бөлшектерді ықшамдау. Өрнектерді қысқартыру. Иррационал бөлшектер. Теңдеулер. Теңсіздіктер. Квадрат теңдеулер. Квадрат теңсіздіктер. Теңдеулер жүйесі.Иррационал теңдеулер. Иррационал теңсіздіктер. Көрсеткіштік теңдеулер. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңдеулер. Логарифмдік теңсіздіктер. Мәселе есептер. Геометрия элементтері.

Білімі мен түсінігі: Элементар математика пәні бойынша студенттерді бастауыш мектеп оқушыларына есеп шығарта білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Математикалық білімінің салалары бойынша білім деңгейлерін көрсете білу; -Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білу;-Әр сала бойынша талдау жұмыстарын жүргізе білу;

Пайымдаулар: Ғылыми көзқарастарды ескере отырып, білімдерін тереңдету мақсатында пайымдаулар жасай білу;

Коммуникативтік қабілеттілік:- Есептерді шешуді мамандарға жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Үнемі ізденіс үстінде болып, белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) математикалық есептерді шығару барысында заманауи техниканы қолдана білуі;

2) математика бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білуі және күнделікті оқу тәрбие үрдісінде пайдалана алуы; 3) математикадан алған білімдерін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пайдалана біледі.



7

MD/

KR 1204


а) Мәдениет және дін

3

5

2

Пререквизиті: Қазақстанның қазіргі заман тарихы Постреквизиті:

Пәннің мақсаты: Жоғарғы кәсіби білім беруге байланысты қазіргі таңғы әлемдік және отандық мәдениет дамуында бүгінгі күнгі қалыптасқан күрделі мәселелер мен оны шешудің жолдарымен, ҚР және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып жастардың бойына мәдениет пен діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау. Мазмұны: Мәдениет және дін – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Ол антропология, этнология, лингвистика, психология, әлеуметтану, тарих, саясатттану және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мәдениет және дін философиялық ілімінің құрамдас бөлігі болғандықтан философиялық ойшылдықтың мұрагерлігіне сүйенеді. Алайда, философияның қалыптық жүйесіне қарамастан дінтану тарихи-дискриптивтік зерттеулерді қолдана отырып, дүниетанымдық ұстанымнан тыс, объективтік, толеранттық, нақты тарихи зерттеулерге сүйенген дербес ғылымы болуға тырысады.;

Білімі мен түсінігі:
діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын; Білімі мен түсінігін қолдана білу:
түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу.
Пайымдаулар:
өзінің дүниетанымдық көзқарастарын шынықтырып, қорғай білуді жүзеге асыру. Коммуникативтік қабілеттілік:
мәдениетке, дінге қатысты ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйренеді. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

.


1) діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы білімін дамыта алуы;

2) Діннің танымдық-дүниетанымдық және гуманистік аспектілерін ашуға қабілетті болуы;

3) Толеранттылыққа және діни білімнің қазіргі заманғы қайнар көздерін сыни тұрғыда бағалай білуге қабілетті болуы;

4) Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді нығайтуды қалыптастыра алуы.



8

AZhAZhN/AOISD 1204


б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері










Пререквизиті:

Постреквизиті: Психология, Философия

Пәннің мақсаты: Акмеологияның жекелеген мәселелеріне тоқталу, жеке адам индивидуалдылығы, «мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері, қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тануға ықпал ету. Мазмұны: Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық, техникалық ғылыми білімдер салаларының тоғысуынан туындап, ержеткен адамдардың белгілі бір іс-әрекет сферасында жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым.

Білімі мен түсінігі: жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер мен кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік; Білімі мен түсінігін қолдана білу: кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға мүмкіндіктерін, дербестігі, сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу;
Пайымдаулар:
-әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік:
акмеологияның кейбір проблемаларын және шешімдерін мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
-белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) акмеология курсының теориялық-әдіснамалық негіздерін, оның қазіргі тұжырымдамаларын білуі;

2) акмеологияның психоло-гиялық ерекшеліктерін пайдалана білуі;

3) акмеология ғылымының мазмұны мен мақсаттарын, қағидаларын білуі;

4) өзін-өзі дамыту мен өз шеберлігін дамыту жолында өзінің ісін ұйымдастыра білу, әдістері мен тәсілдерін пайдалана алуы;

5) акмеология ғылымының мақсаты, міндеттері мен қазіргі адам үшін маңыздылығын түсіне және басқаларға жеткізе білуі.


9

EN/OE 1105


а) Экономика негіздері

2

3

2

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:



Мақсаты: қоғамдық өндірістің, таратушылық пен айырбастың, тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйрену.

Мазмұны:Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі мен ұлттық экономикалардың ынтымақтастығы нәтижесинде пайда болған экономикалық қатынастар жүйесі.

1) Экономикалық қызметтің принциптері мен заңдылық-тарын оқып – үйрену;

2) Білімін экономикалық тәртіпке бейімделген тұлға қалыптастыруда, өзінің жеке әлеуетін жоғарылатуда қолдана білу;

3) заманауи экономикалық білімінің негізін қалыптастыру;

4) қоғамда өз орындарын табу мақсатында үнемі жаңа білімге ұмтылу қабілеттілігінің болуы;

5) Ашық экономикада айырбастың өзара тиімділігін өздігінен қалып-тастыруға қабілетті болу.


1) қызықтыру арқылы білімін тереңдете білуі;

2) нарықтық экономикада логикалық сауаттылығын дамыта алуы;

3) өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасай алуы;

4) тұтынушылық туралы білім негіздерін пайдалана білуі.



10

KN/OP 1105


б) Құқық негіздері










Пререквизиттер:

Қазақстанның қазіргі заман тарихы



Постреквизиттер:


Курстың мақсаты: нарықтық қатынастарға көшкендігімізді жариялау, заңдарды білу, ондағы көзделген әрбір азаматтың өзінің құқығын қорғау, өмір сүру мен гүлденуіне күресу мүмкіншілігін іске асару

Курстың мазмұны: «Құқық негіздері» мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні.

Білімі мен түсінігі:

«Құқық негіздері» Қазақстанның құқық жүйесі және оқушылардың әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік – құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік – құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі түрде қарастырады.


Білімі мен түсінігін қолдана білу:
қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу:
Пайымдаулар:
құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу;адам және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
Коммуникативтік қабілеттілік:
құқықтық проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) кәсіби мамандық жүйесін-дегі тәртіптің орны мен рөлін білуі;

2) мемлекет идеяларын іске асыруда, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын шешуде қолдана алуы;

3) нақты құқықтық жағдайларды өз бетiнше кең ауқымда талдай бiлуi;

4) мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен білімінің маңыздылығын білуі.



11

BMLMEShP/PRLTZNSh 1205


а) Бастауыш мектепте логикалық және мәтіндік есептерді шығару практикумы

2

3

2

Пререквизиттері: Математиканың бастауыш курс негіздері. Постреквизиттері: Математиканы оқыту әдістемесі

Мақсаты: Студенттердің кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін қажет болатын логикалық білімімен және дағдыларымен қалыптастыру.

Мазмұны: Практика жүзінде 1-4 сынып оқулықтарындағы шығармашылық есептерді талдау. Логикалық есептердің мән мағынасын ашу. Сиқырлы шаршыларды толтыру. Жұмбақ, өлең-жұмбақтарды шешу. Орындалуға міндетті болып саналмайтын, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандарты емес жаттығулар, сөз жұмбақтар, математикалық фокустар

Білімі мен түсінігі: Есептермен жұмыс жасай білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Логикалық және мәтіндік есепті шешу процесінде және оның кезеңдерінде, есепті шешудің әдістері мен тәсілдерін қолдану. Пайымдаулар: Мәтіндік есепті аналитикалық талдай білу; Есепті зерттей білу;

Коммуникативтік қабілеттілік: Есептерді шешуді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Математика саласында үнемі ізденіс үстінде болып, белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) Бастауыш сыныптарда математика курсы бөлімдері мен тақырыптарынан теориялық білімдерін пайдалана алуы; 2) математикалық есептерін шығара білу дағдыларын қалыптастыра алуы; 3) Логикалық және мәтіндік есепті шешу пәнінен меңгерген білімін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формаларында икемді де білікті қолдана білуі;

4) математикалық есептер шығарудың негізгі әдістерін қолдана білуі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет