М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет32/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
әлеуметтік-мәдени формаға ие болады. Осы орайда, бір жағынан 
этнос белгілі бір құндылықтар және бағдарлармен біріккен 
әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде заңды түрде пайда 
болса, екінші жағынан, өзге әлеуметтік-мәдени құрылымға қарсы 
тұратын баламалы динамикалы жүйе ретінде кенеттен пайда бола-
ды. Этнос өзге әлеуметтік-табиғи, мәдени бірліктермен бәсекелесе 
алу үшін белгілі бір жасампаз құндылықтық бағдарларын өндіреді. 
Бұл бағдарлар осы тарихи субъектінің қоғамдық өмірінің барлық 
саласын және әсіресе тарихи қауымдастықтың руханиятының 
негізін анықтайды. 
Мәдениет уақытын этномәдени тұрғыдан анықтау этностың 
этномәдени тұрғыдан дамуында маңызды болып келеді. Аталмыш 
үдеріс барысында тарихи мобильділіктің рөлі ерекше, себебі, ұлт-
тың ары қарайғы тағдыры оның өміршеңдігіне, тарихи дамудың 
белгілі бір сатысындағы белсенділігіне байланысты. Полимәдени 
кеңістіктегі кез-келген этнос органикалық әлеуметтік-мәдени жүйе 
ретінде бірден және түрлі қарқынды немесе керісінше төмендеп, 
жартылай және серпінді дамиды. Этностың қуаты кеңістікті кеңей-
тіп, жүйені күрделендіріп, біртұтастықтың көптеген құрамдас 
бөліктерін құрай алады. Алайда бұл үдеріс жүйе ішіндегі белгілі бір 
теңдікті орната отырып, кері бағытта да жүруі мүмкін. Оның үстіне, 
көптеген элементтер жеке жүйелер арасына сіңіп кетуі де мүмкін [2, 
483 б.].
Белгілі бір мәдени дәстүрді сақтап қалу және оның құндылы- 
ғын ескеру сол этномәдениеттің негізгі тұсы болып табылады.
Осыған байланысты оның уақыттық формаларына философия-
лық тұрғыдан түсініктеме беру қажет. Мәдениеттің бойында ілгері 
бағытталған қадамдарды көрсететін желілік үдерістермен қатар, 
құндылықтардың жаңаруы мен қайта бағалауына әкелетін цикл-
дық, сонымен қатар инверсиялық үндеу бар. Оның үстіне, мәдениет 
тарихындағы ілгері бағытталған, инверсиялық және стагнация-
лық қадамдардың қажеттілігі өткен тарихи сатылардағы дамудың, 
эволюцияның ғана емес, сонымен қатар оған оралу қажеттілігімен 
шартталған.
Қазіргі заманғы индустриалды-инновациялық, өркениеттік да-
му жағдайында әл-Фарабиден Абайға дейінгі қазақтардың рухани 
өмірінің тарихы өзектене түседі, себебі оның бойында этностың ру-
хани өмірінің классикалық құндылықтық бағдарлары қалыптасқан. 
Ұлттық тарих, мәдениет бастауына оралу мәселесі ғылыми зерттеу 
объектісі ғана болып табылмайды, сонымен қатар, қазіргі заманғы 
трансформациялар аясында жаңа қазақстандық патриотизмді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет