Қазақ тіл біліміндегі мәтінге байланысты ой- пікірлердіңдаму кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады.
1-кезең. 20-50 жылдар - мәтін туралы алғашқы түсініктердің қалыптасуы (Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, С.Аманжолов).
2-кезең. 60-70 жылдар - мәтін тұлға-бірлігінің айқындалып, арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылуы (Т.Қордабаев, Р.Сыздықова).
3-кезең. 80 жылдардан бері қарай - мәтін лингвистикасының тіл білімінің дербес бір саласы ретінде дамуы (Б.Шалабай, М.Серғалиев, Ж.Жакупов, С.Құнанбаева, А.Жұбанов, З.Ерназарова т.б.).
Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі ғылымын бір адам ғана жасай алмайды, бір мезгілде ғана ол жасалмайды. Бұл көп күш, көп қол, көп уақыт керек қылады», - деген пікірі бар.
Сондықтан мәтіннің психолингвистикалық (мәтінді қабылдау, ұғыну) аспектісі, мәтіннің қатысымдық тұрғыдан актуалды мүшеленуі, мәтін түрлерінің кұрылымдық ерекшелігі, мәтіндегі, соның ішінде көркем мәтіндегі ұлттық таным, мәтін түрлеріндегі интонациялык көріністер, мәтін түрлерінің прагматикалық қызметі т.б. әлі де айқындауды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына жатады.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің объектісі – көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысы.
Оның негізгі мақсаты: әдеби туындыда пайдаланылған тілдік элементтердің мағына мазмұнын, эстетикалық қызметін ашып көрсету.
Міндеті: біртұтас күрделі құрылымды талдап түсіндіру, оның ұйымдасу механизмін ашу. Бұл міндет мәтінге тілдік және тілдік- стилистикалық талдаулар жүргізу арқылы жүзеге асады. Барлық мәтіндер ең алдымен лингвистикалық обьект болып табылады. Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан алынады. Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.
Ол сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан байланыста болады.
Ол сөйлемдер тақырыбы бір болады.
Сөйлемнің орын тәртібі де мағыналық тұтастығын бірлігін сақтайды.
Мәтіннің құрамындағы сөйлемнің бірімен екіншісі ортақ ойды дамыта түсіп байланысып отырады.
Мәтін құрамы өзара тығыз байланыста болады.
Мәтін құрамындағы бірліктер тізбектеле немесе параллель түрде байланысады. Мәтіндегі жұмыс талаптары:
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу
Шығарманы оқу
Жоспар құру
Шығарманы талдау 6. Шығарманың мазмұнын айту
7. Шығармашылық жұмыстар.
Сөз айналадағы объективтік шындықтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарымқатынасын және мағыналық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды, хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді.
Әдетте, бұлар жеке сөйлеммен тиянақталып, ойымыз жеке сөйлеммен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіруі оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарап та айқындалады. Контекстен бөліп алынған сөйлемдер әр уақытта мүлде аякталған ойды білдірмейді, біршама ғана аяқталған ойды білдіреді(М.Балақаев, Т.Сайрамбаев.).
Ғалым Л.Ә.Әбдірасылова мәтін бойынша жүгізілетін шығармашылық тапсырмаларды төмендегідей жіктейді: Балалар әңгімесін оқытқанда, оқытушы алдымен, түсінікті де ашық әуенмен, сезіммен, бейнелей отырып оқып беріп, үлгі көрсетуге дайындық жасайды. Мәтін оқу және талқылау сұраулары арқылы оқушыларда бастапқы түсінік қалыптастырған соң, мәтін жөнінде талдау жасалады. Балалар әңгімесінің сюжеті мен құрылысын талдауға мән беріледі. Шығарманың тіліне талдау жасау арқылы мәтінді лингвистикалық талдау жұмысы жүргізіледі.
Синтаксис зерттейтін басты және ең келелі мәселе – сөйлемнің құрылысы. Бірақ синтаксистің объектісі осы ғана емес. Синтаксис түгел текст ішіндегі дара-дара сөйлемдердің де өзара байланысу, әсерлесу амалдарын зерттейді.
Текске енген сөйлемдер өзара мағына жағынан, грамматикалык жағынан тығыз байланысты. Оларды байланыстыратын тәсілдер әр қилы. Осындай көлемін ескерсек, синтаксисті сөйлеудің құрылысын, стильдік нормаларын зерттейтін тіл ғылымының саласы деп те есептеуіміз керек (Р.Әмір,Ж.Әмірова.) Көркем шығарма тілін зерттеушілер
Көркем шығарма тілін зерттеу қазақ филологиясында ертеден жалғасы үзілмей келе жатқан ауқымды мәселе. Бірінші дәрісте аталған аға буын ғалымдармәтін талдау мәселесіне бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен мақалаларын, оқу құралдарын жазды.
Көркем мәтін тіл мен әдеби сөз арқылы жасалады. Көркем ойды бейнелейтін тіл құралының эстетикалық қасиетін ашу сыры мен түсіну бағытын талдау туралы еңбектерден оқып, танысуға болады. Оны орыс грамматикасының көрнекі өкілдері А.А.Потебня, С.М. Пешковский, Я.В. Шерба, В.В.Виноградов еңбегінен білуге болады. Лингвистикалык тұрғыда мәтінді талдау тілдік бірліктер мен тілдік категориялардың қызметтерін айқындаумен сипатгалады.
ЗерттеушілерТ.Қордабаев,Р.Сыздыкова, А.Қайдаров, Е.Жанпейісов, т.б. өздерінің еңбектерінде мәтіндегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалык бірліктердің қолданылуын диссертациялық жұмыстарында қазақ әдебиетінің белді ақын-жазушылары шығармаларының тілін зерттеу нысаны ретінде қарастыруымен байланысты жүргізген. қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар А.Байтұрсынұлымен Қ.Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз.
Ғалымдардың мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданысындағы, қызметіндегі ерекшеліктерін байқаудан туындаған еді. Өйткені ғалымдар сол кезеңдерде мәтінді, оның сипатын, белгілерін арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастыруды мақсат етпеген. Әйтсе де, қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші және сол тілді иеленуші ретінде мәтін талдауға катысты құнды пікірлерін білдірген.
Ә.Қайдар «Халық даналығы» (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу) еңбегінде және жерлес ғалымдарымыз Н.Ж.Құрманова, К.Мухлис «Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі» студенттер мен мұғалімдерге арналған еңбегінде қандай да болмасын тілдік бірліктердін қолданымдық сипатын ашу арқылы автордың дара стильдікерекшеліктерін анықтау жолдарын көрсетеді. Орыс ғалымдары Л.Выготский, Т.Дридзе, А.Леонтьев, Н.Жинкин мәтінді психолингвистикалық талдау, А.Н.Баранов прагматикалық талдау, Г.Золотова, Н.Болотнова қатысымдық талдау, М.Бахтин, М.Кожина, Т.Шмелева жанрлық-стильдік талдау арқылы ерекшеленеді. Олар біріншіден, экспериментальды әдіс-тәсілдерді өте көп қолданады; екіншіден, тілді және тілдік бірліктерді психологиялық әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады.
1992 жылы жарық көрген Н.М. Шанский, Ш.А. Махмудовтың «Сборник упражнений по лингвистическому анализу текста» еңбегінен, 1976 жылы басылып шыққан Л.А.Новиковтың «Лингвистическое толкование художественного текста» еңбегінен және 1982 жылы жазылған Н.М.Шанскийдің «Лингвистический анализ художес-твенного текста» орыс тілінде жазылған еңбектерінен көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі бойынша өзекті мәселелерді оқуға болады.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі пәні тілшілердің айтуынша, көркем шығарманың тілдік құралының көркем мазмұнын бейнелеуге қатысты мәселелерді пәннің обьектісіне жатқызады. Сыздықова Р., Шалабай Б. «Мәтінді лингвистикалық талдау» еңбегінде М.Өтемісовтың,
А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, С.Торайғыровтың, С.Сейфуллиннің, Ғ. Мүсіреповтың, С.Мұқановтың, М.Әуезовтың, т.б. ақын-жазушылардың көркем шығармаларына лингвистикалық талдау жасайды. Оқу-әдістемелік құралында ғалымдардың еңбектерін оқытылып үйрету мақсатында тапсырмалар беріледі және оны орындау барысында студенттер талдаудың ерекшеліктерін, міндеттері мен принциптерін меңгереді. Мәтін лингвистикасы XX ғ. 60 жылдарында қалыптаса бастады. Тіл білімінің бұл саласының негізі Г.Лакофф, Р.Харвег, В.Скаличка, т.б. еңбектерінде қаланды. Ал мәтін лингвистикасы жоқ дейтін ғалымдар қатарында А.Маргалит, М.Даскал, Б.Вендель, Т.Булыгина т.б. бар. Олар мәтін теориясын қалыптастырудың қажеттілігі жоқ, сөйлем грамматикасы неғұрлым толық жасалса, мәтін құбылысын да айқындауға болады дейді. Мәтін мен сөйлемді теңестіріп қарау мүлде қайшы пікір. Ол туралы академик В.В.Виноградов бьшай дейді: «Над всеми этими кругами и сферами грамматики (учение о слове, словосочетании, предложении) воздвигается совсем неисследованная область стилистического синтаксиса, в центре которой лежит проблема строя сложных синтаксических единств ...». Мәтін түрліше атаулармен зерттеліп келді. Мәселен, Мәтін лингвистикасы, Мәтін құрылымы, Мәтін синтаксисі, Мәтін грамматикасы. Бұларды тұтас күйінде алып мәтін теориясы деуге болады.
Тіл білімінде мәтін лингвистикасы ғылымдағы көзқарастың түбегейлі өзгеруімен, структуралық лингвистикадан біртіндеп жұмсалымдық (функционалдық) лингвистикаға бет бұруымен, қатысым теориясымен байланысты қалыптасып дамыды. Қазіргі таңда мәтін туралы ілім мәтіннің мағыналық әрі құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын тіл білімінің іргелі саласына айналды. Көптеген тілші-ғалымдар мәтін лингвистикасы арқылы кез келген мәтіннің құрылымындағы лингвистикалық заңдылықгарды ашуға мүмкіндік туатынын атап көрсетеді. Мәтінді «зерттеу тілді әлемдік ауқымдағы кең құбылыс ретінде түсіну үшін де, қарым-қатынас жасаудың бірден-бір тұтас құралы ретінде ұғыну үшін де, тілдің адамзат қызметінің әр түрлі жақтарымен байланысын терең білу үшін де қажет болды. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықгарын тануға болады.
Мәтінді зерттеу арқылы сөйлеу мен тілдің арақатынасы айқындалып, олардың табиғаты да анықтала түседі. Мәтін тілді қолдану нәтижесінде дүниеге келеді, сондықтан «әрбір мәтіннің сыртында тілдің жүйесі тұрады» (М.М.Бахтин). Мәтін лингвистикасында тіл мен сөйлеу тығыз байланыста қарастырылады.
Мәтін лингвистикасының нысаны ретінде аяқталған біртұтас көлемді немесе шағын мәтіндер және мәтіннің тұлға-бірлігі ретінде танылатын күрделі фразалық тұтасымдары, яғни мәтіннің кішігірім бөліктері алынады. Тұтас макромәтіндерге газет, ғылыми журнал мақалалары, монография, оқулық, ресми-іс қағаздары, роман, повесть, поэма т.с.с. жатады.
Ғалым С.Рахметова мәтін бойынша жүгізілетін шығармашылық тапсырмаларды төмендегідей жіктейді: Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау, мәтінге байланысты сөздік жұмыс жүргізу, шығарманы оқу, оқыған шығарманың мазмұнын айту, шығарманың жоспарын жасау, мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |