«Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі» таңдаулы курсынанстуденттердің деңгейіне қойылатын құзыреттіліктер:
Негізгі ұғымдар: Лингвистика, талдау, мағына,мәтін, шығарма, біліктілік, шеберлік, тілдік, сұранысқа қабілеттілік.
Мұғалімдерді кәсіптік деңгейде дайындауда мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі пәнінің рөлі мен маңызы зор. Аталған мұғалімдердің тілдік– әдістемелік білімін тереңдететін пән болып табылады. Пәнді оқу барысында студент талдауға ұсынылатын мәтіннің тақырыбын аша отырып, шығарма идеясына қызмет ететін тілдік фактілерге талдау жасауға машықтанады.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау кезінде жазушының айтайын деген ойын аса сезімталдықпен қабылдап, суреткердің идеясын терең түсінуге мүмкіндік туады. Сонымен, көркем мәтінді тілдік талдау шығарманың идеялық мазмұнына қатысты жүргізіледі.
Көркем мәтінді тілдік талдауда шығарманы жазудағы жазушы шеберлігін аңғаруғаболады, кейіпкер тұлғасын меңгеріп,, адамның эстетикалық танымын, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсылық және кемшілік тұстарын аңғарып, шығарма табиғатын зерделеп түсіну жұмыстары жүреді.
Көркем мәтінді тілдік талдау кезінде лингвистикалық талдауды әдеби талдаумен ұштастырған жағдайда тілдік элементтердің мағынасы ашылып, эстетикалық қызметі айқындалады. Талдау арқылы мәтінді түсінуге қажетті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылымдар мен категориялардың мазмұны ашылады. Мәтіннің идеялық-көркемдік мазмұнын ашу арқылы болашақ маманның тексті лингвистикалық талдаудан білім, білік, дағдылары қалыптасады.
Көркем мәтінді тілдік талдау әдістемесі ілімінің іргетасы қаланып, аға буын ғалымдарымыздың еңбектері жарық көріп, филология ғылымында зерттеліп келе жатқан көне пәндерінің бірі. Осы курсты оқытуда өз тәжірибелерін таратып, оқулықтар жазып, көп еңбек еткен ғалымдардың аттарын көптеп атауға болады.
Жыл өткен сайын бұл курс материалдары жаңарып, жаңғырып келеді. Себебі көркем тексті лингвистикалық талдау жылдан-жылға тереңдеп күрделенуде. Көркем шығарма тілін зерттеу қазақ филологиясында ертеден жалғасы үзілмей келе жатқан ілгері сала. Қазақ тіл білімінде Р.Сыздық, Т.Қордабаев, Б.Шалабай, М.Серғалиев, Б.Мүсірепова, С.Құнанбаева,
Ж.Жакупов, О.Бүркіт, А.Жұбанов, Г.Смағұлова, З.Ерназарова, С.Мұстафина,
Г.Әзімжанова, Н.Құрманова, К.Мухлис, А.Таусоғарова, Б.Райымбекова, Ф.Жақсыбаева, Ж.Қайшығұлова, М.К. Ахметова т.б. мәтін талдау мәселесіне бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен мақалаларын, оқу құралдарын жазды. Ал орыс тіл білімінде мәтінді лингвистикалық талдауды зерттеушілер Г.Лакофф, Р.Харвег, В.Скаличка, Э.Бенвенист, С.Карцевский, З.Шмидт,
Т.Николаева, т.б. еңбектерін атауға болады.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау мен қатар әдеби талдау Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» және «Көркем шығармаға талдау жасау», Б.Смановтың «Кейіпкер бейнесін талдау», К.Алпысбаевтың «Көркем шығармаға талдау жасау», Қ.Бітібаеваның, Ә.Дайырованың, С.Тілешованың, еңбектерінде әдеби талдау туралы терең түсіндірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |