Мақал – мәтелдер


Оқушыларға арналған жұмбақтар



бет2/2
Дата27.12.2016
өлшемі327,76 Kb.
#5665
1   2

Оқушыларға арналған жұмбақтар

1.
Сіз түрлі түсті қарындашпен


Барлық сүреттерді бояңыз.
Содан кейін оларды түзеу үшін
Өте ...........қажет етіледі.
(китсал)

2.
Мен бар дүниені мүсіндеуге әзірмін -


Үй, машина, екі мысықты.
Мен бүгін -әміршімін
Менде бар...
(нилитсалп)

3.
Мен үлкенмін, мен оқушымын!


Ранцымда менің...
(кіледнүк)

4.
Мен оқулық стартқа дайынмын,


Мен отырамын жақында...
(ағатрап)

5.
Бұрыштармен квадраттарды саламын


Мен .......сабағындамын
(акитаметам)

6.
Әрбір оқушы түсінеді,


Маған керегі.............
(ытшырұбшұ шығзыс)

7.
Тура сызықты ал,


Өзің салып көрші!
Бұл өте қиын ғылым, кәнекей!
Бұған керек.......
(акйенил)

8.
Мен қорапқа ұқсаймын,


Қаламды маған саласын.
Оқушы сен мені таныдың, ба?
Әрине , менің атым-............
(ланеп)

9.
Корабль, солдат,


Паровоз, машина, шпаганы желімде.
Ал мүмкін балалар, сендерге көмектеседі,
Түрлі түсті...
(зағақ)

Санамақ/Жұмбақтар Считалки/Загадки

Бірім - бір,
Екім - екі.
Үшім - үш,
Төртім- төрт,
Бесім -бес,
Алтым - алты,
Жетім - жеті
Сегізім -сегіз,
Тоғызым - тоғыз,
Оным -он,
Он бірім -
Оны тапшы ай, күнім?
Бір деген - белеу,
Екі дегенің - егеу,
Үш дегенің - үскі,
Төрт дегенің - төсек,
Бес дегенің - бесік,
Алты дегенің - асық,
Жеті дегенің - желке,
Сегіз дегенің - серке,
Тоғыз дегенің - торқа,
Он дегенің - оймақ
Он бір - қара жұмбақ.

Шым - шытыр,


Шидай қотыр.
Жұлдыздар

Денесі жоқ,


Аузы бар,
Аяғы жоқ,
Қолы бар.
Қапқан

Айдалада ақ отау,


Аузы мұрны жоқ отау.
Жұмыртқа

Ти десем, тимейді,


Тиме десем,тиеді.
Ерін

Аспай піскен,


Қайнамай түскен.
Жеміс

Қанаты жоқ, ұшады,


Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды.
Боран



Тұрмыстық заттар туралы
Жайлаған дүниені бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды.
(Орындық)

Ә, керемет, бір ит бар,

Үй бағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Темір тықсаң сөйлейді.

Тілін адам білмейді.



Рұқсатсыз ол иттен, Адам үйге кірмейді.
(Құлып)

Қарап тұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды



Дәл қазіргі кезіңе.

(Айна)
Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.



Із-міз тастап кетеді.

(Ине)

Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,

Селкілдесе денесі дір-дір еткен,

Өзіне қандай жуан кез келсе де,



Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

(Темір арба)
Әншейінде жекесің,

Қарай қалса екеусің.



(Айна)
Ерте тұрдым,

Алып тұрдым.



(Есік)
Бес ін, бес іннің

Аузы бір ін.



(Қолғап)
Ерте тұрдым, керек қылдым,

Қажетімді өтеп алып,



Босағаға тастадым.

(Кебіс)
Қуаты ыссы керемет,

Үйге лебін жаяды.



(Пеш)
Жаңа табақ түбі тесік,

Тақ-тақ етті,



Астынан ақ керуен өтті.

(Елеуіш,ұн)
Күндіз де жүреді,

Түнде де жүреді,

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ.



Ол не, кім біледі?

(Сағат)
Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.



(Телефон)
Менің үш көзім бар.

Бір көзім: «Кідір!» дейді,

Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

Бір көзім: «Абайла!» дейді



«Қарап ал, маңдайға!» дейді.

(Бағдаршам)

Жұмбақтар,

1. Тартылған екі арқаны ұзын бойға,

Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла.

Әр жерде аршындалған балдағы бар,

Ойнайды оң бармағың білсе қайла.

(Домбыра)
2. Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,

Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық,

Жаз болса көк шалапты сапырады,

Шөмішін бір шығарып, бір батырып.



(Қайық)
3. Ізі бар қадамы жоқ, аяғының,

Тимейді ұшы жерге таяғының.

Қос қолын хайуанға арта салып,

Салады әуезіне баяғының.



(Арба)
4. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазнасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық.



(Кітап, оқу)
5. Денесі жоқ,

Аузы бар,

Аяғы жоқ,

Қолы бар.



Қапқан
6. Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.



Жұмыртқа
7. Ти десем, тимейді,

Тиме десем,тиеді.



Ерін
8. Аспай піскен,

Қайнамай түскен.



Жеміс

9. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ, ұлиды.



Боран
10. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.



Аяз
11. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.



Ауа
12.Әшейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің.



Айна
13. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.



Түйе
14. Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді.



Тасбақа
15. Телеграф бағаны деп қаласың,

Насосқа ұқсастығын табасың.



Т
16. Көлбең-көлбең етеді,

Жер түбіне жетеді.



Түтін
17. Жеке өзін жей алмайсың,

Онсыз асты аузыңа салмайсың



Тұз
18. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.



Кітап

19. Бір ат бар бесеу ара, өзі жорға,

Саламын жорғалатып жолдан жолға.

Найзамен қар үстіне суды құйып,

Ғажайып бір іс қылдым осы жолда.

Бес саусақ, парақ
20. Қар астынан мойынын созды

Қар кеткен соң «өмірден озды»


Бәйшешек
21. Арқасы бар, басы жоқ

Аяғы бар, қолы жоқ

Бәріне ортақ бір дене

Адамға жақын етене



Орындық
22. Төбемде «төбешік»

Келеді ілесіп,

Нөсерлі жаңбырда

Жоқ болса хал нешік?



Қолшатыр
23. Түпсіз терең тұңғиық

Бүкіл әлем тұр сыйып



Көз
24. Жарты жыл жадырайды,

Жарты жыл қалтырайды.



Ағаш
25. Өзі «әліптің» таяғы,

Жалғыз көзді баяғы,

Қойсаң егер арқандап,

Ісіне көңілің тояды



Ине
Каталог: uploads -> doc -> 04d6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04d6 -> Тыңдаушы-ұстаздарға интербелсенді әдіс-тәсілдердің барлығын қамти отырып, «Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» повесіндегі негізгі тірек сөз «бұлт» сөзін талдау»
04d6 -> Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық ойындары. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет