Ит үреді –керуен көшеді 1. Үлкен жол бойындағы ауыл-ауыл аралап өтіп бара жатқан керуенді көргенде сол ауылдардың тама иттері қосылып, алды-артын торып, үре бастайтын әдеті бар, бірақ керуен оған мән бермей, өз жолымен рауан бола береді; 2. Ауыс. Өмірге тән ғибрат: белгілі бір қоғамдағы әлеуметтік топтың немесе жеке адамдардың өз бетінше, өз үрдісімен, өз жолын тапқанын көре алмайтындардың (ит сияқты шабаланып) етектен тартып, тосалғы болуына қарамай, өзі беттеген жолмен ілгері тарта беруі, анау-мынау қарсылықты «әдеттегі әрекеттің бірі» деп санап, мән бермеуі[«Халық даналығы», 348 бет].
Достарыңызбен бөлісу: |