Мақал-мәтелдер



бет17/18
Дата13.05.2020
өлшемі35,84 Kb.
#67869
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
мәтел

Таз ашуын тырнап алады дегендей, күн шыға, даусы бір сембеген Лизаға тарпа бас салдым: - Доғар енді, қайдағы сұмдықты бастамай(«Жапандағы жалғыз үй», 252 бет).

Таз ашуын тырнап алады ескертпе: осы мақалдың қазақ тілінде жарыса қолданылыр жүрген 3-4 варианты бар: «таз ашуын тырнадан алады» // «тазы ашуын тырнадан алады» // «ит ашуын (өшін) тырнадан алады». Осы варианттардың дұрысы –жоғарыда келтірілген. Бұл туралы С.Оспанұлы: «Таз ашуын тырнадан алады» деген мақал бар. Таз (адам) –жерде, тырна көкте. Таз ашуын тырнадан қалай алады? Кейде бұл мақалдағы тазды «тазы» деп ұғып, «Ит ашуын тырнадан алады» деп те айтып жүр. Бұл мақалдың дұрысы меніңше: «Таз ашуын тырнаудан (қасудан) алады» деп дұрыс көрсетеді. 1. О баста: елден ұялып, ыстық күнде де басынан бөркін (таз кепешін) алмайтын таздың басы қатты қышығанда ебін тауып, қасып-қасып алатын әдетін құрбы-құрдастарының мысқылдап айтуынан қалған сөз; 2. Ауыс. Жасынан басы сауыс таз болып, кемістік көріп өскен таз адам сияқты, өмірдің тауқыметін көріп, кейістікте жүретін сау адам көңіліндегі қыжылын, бойындағы ашу-ызасын кейде әлжуаздау біреуден әлімжеттік етіп алуы мүмкін [«Халық даналығы», 486-487 бет].

  1. «Ұрының құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, көп ұзамай қайтып келді(«Жапандағы жалғыз үй», 304 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет