Аузы күйген үріп ішеді демекші, кешеден бері ана әкең нәр татудан қалды(«Жапандағы жалғыз үй», 232 бет).
Аузы күйген үрлеп\\ үріп ішер сұйық (шай, сорпа, көже т.б.) асты байқамай ыстық күйінде ішіп, аузын күйдіріп алған адам екінші рет сондай асты ішерде, ыстық болмаса да аузын күйдіріп алғаны есіне түсіп, оны үрлеп барып ішуге тырысады; 2. Ауыс. Бір нәрсені ойламай істеп қойып, пұшайман болған адамның екінші рет оны (дәл солай) қайталамауға тырысу, сақтану, тағы да өкінбеудің амалын ойластыру[«Халық даналығы», 211 бет].
Аузы күйген үріп ішеді мақалы мұндағы сөйлемде ауыспалы мағынада, яғни пұшайман болу, сақтану мағынасында қолданылып тұр.
–Апа түк емес, ит үреді, керуен көшеді, -деп анасын жұбатқанмен жүзіндегі кейістік, түйіле қалған қабақтағы күйініш ізі тарқамады(«Жапандағы жалғыз үй», 233 бет).