Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам ауыс. Өтірік айтатын адам өтірігін жасырып, қанша бұлтарса да, түлкі бұлаңға салып, құтылуға әрекеттенсе де, ол көпке бармай «ұсталады», яғни оның, өтірігі ашылып әшкереленеді, масқара болады [«Халық даналығы», 462 бет]. Аталған мақал өзінің халықтық формасынан өзгеше қолданысқа түсіп тұр. Себебі автор шығарманың мазмұнына сай мақал құрамындағы сөзді мақсатты түрде өзгертіп алып отыр.
Қорыта келе, айтарымыз жазушы С. Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» шығармасынан 20 мақал-мәтел теріліп, талданды. Мақал-мәтелдердің мағынасы паремиолог ғалым Ә.Қайдардың «Халық даналығы» еңбегі арқылы ашылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Есіркепова К. Қ., Канапина С.Ғ. Мақал – мәтел тіліндегі концептілік құрылымдар. – Қостанай. ҚМПИ, 2011.-143б.
2. Ж.И.Исаева.Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениттанымдық аспект) авторефераты. Алматы. 2007. 26б.
3. Ш.П.Қарсыбекова. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері. Алматы. 2004. 26б.
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті: оқу құралы / М. Ғабдуллин. – Алматы: «Рауан» баспасы, 2013. – 456 бет.
5. С.К.Кенжемұратова. Мақал-мәтелдерің синтаксисі. Астана. 2002. 25б.
6. Жүнісов С. Жапандағы жалғыз үй: роман/Сәкен Жүнісов/-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. -336 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |