Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата04.12.2023
өлшемі422,83 Kb.
#194871
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
admin, ##default.groups.name.editor##, Болысбаева А.К.



© 2021 Al-Farabi Kazakh National University 
ISSN 2617-7544, еISSN 2617-7552 Психология және социология сериясы. №1 (76). 2021 https://bulletin-psysoc.kaznu.kz
151
ҒТАМР 04.51.31 https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.015
А.К. Болысбаева
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. 
e-mail: a.bolysbayeva@mail.ru
БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
(ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КОНТЕКСІНДЕ)
Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі. 
Соның ішінде, әсіресе, пандемия салдарынан туындаған өзін-өзі оқшаулау кезінде орын алған 
қашықтықтан оқыту, яғни онлайн оқыту жағдайында жоғары мектептегі білім беру жүйесіне 
жаңадан қосылған студенттердің университеттік ортаға интеграциясына ерекше көңіл бөлінген. 
Зерттеу мақсаты – жастардың жоғары білім беру саласына бейімделуін жан-жақты 
қарастырып, аталмыш процесс барысында туындайтын өзекті проблемаларды анықтап, студенттік 
өмірге бейімделуі нәтижелі, тез әрі өздеріне қолайлы өтуі үшін зерттеу барысында анықталған 
проблемалардың шешімін табу. Жұмыстың негізгі идеясы жастардың бірқатар тұлғалық және 
әлеуметтік орта факторларының, бейімделу әдістерінің олардың жоғары оқу орнына тез 
үйренісуіне ықпал ететінін дәлелдеп, бірінші курс студенттерінің академиялық ортаға қосылуын 
оптимизациялау үшін ұсыныстар жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына
студенттік өмірге бейімделу процесін жан-жақты зерттелуімен байланысты. Мақалада осы 
тақырыпқа арналған отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне қысқаша 
шолу жасалған. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болашақтағы осы тақырып аясындағы 
зерттеулерге негіз бола алатынымен байланысты. 
Мақалада бірінші курс студенттері арасында жүргізілген онлайн сұрау нәтижелері 
көрсетілген. Мұнда студенттердің алғашқы оқу жылында үйренісу ерекшеліктері, сонымен бірге 
жоғары оқу орнына бейімделуіне тиімді әсер ететін әдістер мен факторлар анықталды.
Зерттеу нәтижелері болашақта университеттерде, институттарда, академияларда бірінші 
курс студенттерінің жоғары оқу орнына, білім беру жүйесіне бейімделу бойынша бағдарлама 
әзірлеуде, сонымен бірге білім беру әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы сынды пәндерді оқыту 
барысында қолданыла алады.
Түйін сөздер:
бейімделу, бірінші курс студенттерінің бейімделуі, тәлімгерлік, тренинг, 
консультация, қашықтықтан оқыту.
A.K. Bolysbayeva 
K. Zhubanov Aktobe Regional University, Kazakhstan, Aktobe 
e-mail: a.bolysbayeva@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет