Ақпарлама 9 қыркүйек күні мектеп психологы ата-аналарға «Балаларды қорғаудың алдын алу» , «Сенім телефоны», «Көмекті қалай сұрау керек?» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. 10 қыркүйек күні құқық пәнінің мұғалімі Шорбасова Гүлмира мектеп басшыларымен оқушылардың қатысуымен «Бала құқығы-адам құқығы» атты жиналыста «Бала құқығы- асыл қазына» атты баяндама оқыды. 13 қыркүйек күні мектеп басшыларымен мектеп инспекторымен оқушылардың қатысуымен «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» тақырыбында презентация өткізілді. Декларацияда көрсетілген баптармен таныстыра отырып, адам құқықтарының негізі туралы айтылды.
14 қыркүйек күні мектеп медбикесі «Әрбір бала үшін», «Баланың мектепке оралуы кезінде психологиялықты денсаулықты қолдау» тақырыптарында ақпараттық парақшалар арқылы түсінік жұмыстарын жүргізді. 15 қыркүйек күні мектеп тәлімгері Закарина Айшабибі оқушылар мен ата-аналарға «Әлімжеттік. Буллинг деген не?» тақырыбында видеоролик дайындап желіге жарияланды.
16 қыркүйек күні 1- 2 сынып оқушыларына «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 17 қыркүйек күніне 3-4 сынып оқушылары арасында «Біз-бақытты баламыз» атты сурет көрмесі өткізіліп, 7-8 сынып оқушыларына «Балаларды және балалықшақты қорғаймыз!» атты эссе байқаулары өткізілді. 18 қыркүйек күні «Менің құқықтарым - менің міндеттерім» атты тақырыпта презентация көрсетіліп, түсінік жұмысы жүргізілді.