Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті «эем және автоматтандырылған жүйелер»



бет31/32
Дата07.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#83943
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Методичка ЭВМ и АС

Тәжірибелік сабақ №11. Функцияларды табуляциялау есебі.


Мақсаты: Функцияларды табуляциялау есептерін шешуге арналған форма құру.


Қажетті құралдар: MS Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютер, әдістемелік нұсқаулық, Borland Delphi 7.0 бағдарламасы.


Теориялық мәлімет. Memo объектісі мәтіннің көп жолды редакторын құру үшін қолданылады. Қалыпты қасиеттерден басқа, Memo объектісінің келесідей қасиеттері бар:



Қасиет

Сипаттамасы

Мәндері

HideSelection

Фокус жоғалған кезінде мәтін фрагментін белгілеуді сақтау

True (белгілеу сақталынбайды), False (сақталынады)

Lines

Редакторлеу алаңына бастапқы мәтінді енгізу

Кешенді қасиет (сұхбат терезесінде беріледі)

MaxLength

Енгізілген символдардың максимальды мүмкін болатын саны

Мысалы, 50-елу символ, 0-шексіз

ScrollBars

Жүргірме жолақтың болуы

ssNone (жоқ), ssHorizontal (көлденең), ssBoth (екеуі)

CheckBox объектісі тәуелсіз екі немесе үш позициялық жалауша құру үшін қолданылады: қосулы/сөндірулі (/сұр). Бұл объект үшін жаңадан екі қасиет анықталған:





Қасиет

Сипаттамасы

Мәндері

AllowGrayed

Үшінші позицияның болуы

True (үш позициялық жалауша),
False (екі позициялық жалауша)

State

Жалауша жағдайы

cbGrayed (сұр), cbUnchecked (сөнулі), cbChecked (қосулы)

Объектілер тобының панелі GroupBox өзіне бірнеше объектілер тобын орналастыру үшін қолданылады. Топ панелі бағдарлама терезесінің дизайнін жақсарту үшін қолданылады. Бұл объектінің қасиеттері жоғарыда сипатталғанға ұқсас.


MainMenu объектісінің көмегімен бағдарламаның бас мәзірі құрылада. Бас мәзірдің кейбір қасиеттері:



Қасиет

Сипаттамасы

Мәндері

Items

Мәзір командалары

Кешенді қасиет (сұхбат терезесінде беріледі)

Tag

Бағдарлама мәтінінде қолданылатын қосымша айнымалы

0; 8 (бүтін сан)

PopupMenu объектісінің көмегімен кейбір компоненттердің жанама мәзірін құрады. Жанама мәзірді нақты объектімен «байланыстыру» үшін байланысатын объектінің PopupMenu қасиетіне сәйкес жанама мәзірдің атын (Name) меншіктеу керек. Жанама мәзірдің кейбір қасиеттері:





Қасиет

Сипаттамасы

Мәндері

Alignment

Мәзірді теңестіру



paCenter (орталықтан), paLeft (сол жақтан), paRight (оң жақтан)

AutoPopup

Автоматты түрде жанама мәзірді шақыру

True (оң жақты шерткенде шақырылады),
False (Popup әдісінің көмегімен шақырылады)

Мәзірдің (басты немесе жанама) нақты командасының келесідей қасиеті болуы мүмкін:





Қасиет

Сипаттамасы

Мәндері

Break

Мәзірді көлденең бағытта бөлу



mbNone (бөлмеу), mbBarBreak (тік сызықпен бөлу),
mbBreak (тік сызықсыз бөлу)

Shortcut

Мәзір командарын шақыруға арналған «Ыстық» пернелер комбинациясы

Ctrl+A, F8, Ctrl+FlO, Shift+F3,
Shift+Ctrl +F11, Ctrl-HDel





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет