ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Педагогикалық практикадан өту уақыты: 17.10.2022-12.11.2022 ж.
Педагогикалық практикадан өту орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатика институты, «математика, физика және информатика оқыту әдістемесі» кафедрасы
Практикалық практика жетекшісі: Оспанбеков Е. PhD,аға оқытушы.
Абай атындағы ҚазҰПУ,
Математика, физика және информатика институты
«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы
7М01504-физика мамандығының 2-курс магистранты
Зупар Динара Бейсенбекқызының педагогикалық практика
ЕСЕБІ
Мен 17.10.2022-12.11.2022ж аралығында «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында педагогикалық тәжірибеден өттім. 2022 жылдың 17-қазан айында кафедрадағы педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру конференциясына қатыстым. Ұйымдастыру конференциясында «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбілқасымова А.Е.педагогикалық тәжірибенің мақсаты және міндеттерімен, атқарылатын жұмыс түрлерімен таныстырды.
Кафедрадан PhD доктор Оспанбеков Ербол ағай практика жетекшісі болып бекітілді.
Педагогикалық тәжірибе барысында ФОӘ-201 топбына барлығы 8 сағатты құрайтын практикалық сабақ өтілді, сондай-ақ олардың өзіндік жұмыстарына әдістемелік бағытта көмек көрсетілді. Практикалық сабақты өту барысында түрлі деңгейлі есептерді дайындап келіп отырдым. Әр өтілетін практикалық сабақтан пән оқытушысы Оспанбеков Е. оқытушыдан қажетті кеңестерді алып отырдым. Әрбір сабақта академиялық тәртіп ережелерін қатаң сақтауға тырыстым.
Педагогикалық тәжірибеден өту барысында жоғары оқу орнындағы педагогикалық қызметке қойылатын әдістемелік талаптарды толық орындап, кәсіби мамандардың үлкен мектебінен өттім десем болады.
Магистрант-практикант Зупар Д.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ,
математика, физика және
информатиканы оқыту
әдістемесі кафедрасының
6В05302-Физикамамандығының
3 курс, ФОӘ-201 топ студенттеріне
МІНЕЗДЕМЕ
ФОӘ-201 тобы 6В05302-Физика білім бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Топта барлығы 27 студент бар, оның 8-уі ұл бала, 19-і қыз бала. Жанұя құрғандар жоқ.
Студенттердің жастары 18-20 жас аралығын қамтиды. Қазақ және Өзбек ұлттарынан құралған топ. Топпен сабақ жүргізілу барысында, олардың әрқайсысына жеке-жеке назар аударылып, психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізілді. Яғни олардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, оқу үрдісі мен қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігі анықталып, сараптама жасалды.
Барлығының сабаққа деген ынтасы жоғары, талқыға түскен мәселеге барлығы өз ойларын, пікірлерін ашық айтуға бейімделген. Сабақтан себепсіз қалмайды, жібермеуге тырысады. Студенттерге жеке тапсырылған өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде орындап, арнайы презентациялар жасап өз қабілеттерін көрсетті. Кафедра, институт, университет көлеміндегі барлық іс-шараларға: қоғамдық, спорттық, мәдени т.с.с. белсенді түрде қатысады.
Топ мүшелері бір-бірін сыйлайды, тыңдайды, топ басшысының кеңесіне назар аударып, кез-келген қиындықтан бірге шығуға дағдыланған.
Жалпы топта жақсы педагогикалық-психологиялық атмосфера қалыптасқан деуге болады.
Магистрант-практикант Зупар Д.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ,
математика, физика және
информатиканы оқыту
әдістемесі кафедрасының
6В015106-Физика және информатика
мамандығының
3 курс, ФОӘ 201- топ студенті
Абдиханова Ақнұр Адилбайқызы
МІНЕЗДЕМЕ
Абдиханова Ақнұр Адилбайқызы ФОӘ-201 тобының студенті. Ол-өте білімді, ізденімпаз, мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ете білетін жас. Оқу процесінде үнемі тек жақсы жағынан көріне білді: сабаққа тыңғылықты дайындықпен келеді, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, пәнді игеру деңгейі жоғары. Берілген тапсырманы бар ынтасымен тиянақты орындайды. Физика ғылымына деген қабілеті өте жақсы: берілген тапсырмаларды өте тиянақты орындайды. Логикалық ойлауы жақсы, өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіріп, оларды дәлелдей алады, өз ойын жүйелі түрде жеткізе алады.
Мінезі ашық, көпшіл, әркез көңілді жүреді. Өз тарапына айтылған сын-пікірді дұрыс қабылдап үйренген, сондықтан ол ортада басқа да топ мүшелерімен тез тіл табыса алады. Қарым-қатынас дағдысы жақсы қалыптастқан. Тәртібі жақсы, үлгерімі жоғары. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алады. Мінезі жайдары ашық, сабаққа белсене қатысады.Өзінеайтылған сынды қабылдай алады. Болашақта Абдиханова Ақнұр Адилбайқызы кәсіби маман иесі, әрі өз ісінің шебері болып, білімді жастарды тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады деп сенім білдіре аламын.
Магистрант-практикант Зупар Д.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатика институты
«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының
7М01504-физика мамандығының 2-курс магистранты Зупар Динара Бейсенбекқызына
Достарыңызбен бөлісу: |