Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін Т. Вебленнің беделді тұтыну теориясы, тұтынушылық мінез-құлықтың негізгі теориялары мен модельдері, сонымен қатар Х. Лейбанстейннің көпшілікке қосылу эффектісі туралы еңбегі құрады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Бұл магистрлік диссертацияда келтірілген ғылыми тұжырымдарды әлеуметтік зерттеулерге пайдалануға, ЖОО-дарында студенттердің тұтынушылық мінез-құлқын қалыптастыру курстарын жүргізуде қолдануға болады.
Зерттеудің эмпирикалық негізі:
«MEGA Alma-Ata» сауда және ойын-сауық орталығы, DOSTYK PLAZA сауда ойын-сауық орталығы, Aport Mall, Maxima сауда және ойын-сауық комплексі және «Мерей» сауда орталықтарында тұтыну процесі кезіндегі жастар сұралынды. Демалыс күндері, келушілер саны жоғарлаған уақыт кезінде алынған жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама нәтижесі болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |