Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет417/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осылай  базар  болып  тұрған  алтын  отауымыздың  шаңырағы  бір-ақ  күнде, 

ойламаған жерде, салдыр-күлдір етіп ортасына түсті... Ғапу етіңіздер, мен бұл 

әңгімені  әлі  күнге  дейін  тебіренбей,  көзіме  жас  алмай  айта  алмаймын...  Ол 

күндерде еңірегенде етегім толатын еді... Одан бері жиырма жылдай уақыт 

өтті. Бірақ, бәр-бәрі әлі күнге дейін көз алдымда сайрап тұр... Иә, қай жерге 

келіп едім? Қазір... Қазір... Бір күні түнде Меңтай ішім ауырды деді. Ол былай 

болды. 


Мен  ол  күні  күндіз  редакцияның  тығыз  тапсырмасымен  бір  заводқа  барып 

келіп,  кешке  мақала  жазып  отырдым.  Үстелдің  екінші  басында  Меңтай 

болашақ бөпемізге деп көйлек пішіп әбігерленіп жатты. 

– Ербол деймін, – деді бір кезде Меңтай. 

– Ay, – дедім мен тез қағаздан басымды көтеріп. 

– Өстіп, тігісін сыртына қаратып тепши берсем, бола ма? 

– Болады, болады, Меңтай. 

Осыдан кейін екеуміз де өз шаруамызды істеп отыра бердік. 

– Ербол деймін, – деді бір кезде тағы да Меңтай. 

– Ay, Меңтай. 

– Сенің иткөйлегің болды ма? 

– Болған шығар. 

–  Менікі  де  болған  шығар,  –  деді  Меңтай  басын  изеп.  -  Бірақ  біз  ғой 

шешеміздің оны қалай тіккенін білмейміз. 

– Әрине, білмейміз. 



423 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет