3.Құлындардың гигиенасы
Құлын туғаннан соң 1,0-1,5 сағаттың ішінде тұрып, енесінің емшегін еме бастайды. Жас төлдің организмін иммунды белоктармен қамтамасыз ету үшін жаңа туған құлын уызға тойып ішу керек. Құлын алғашқы үш апта бойына тек қана енесінің сүтімен көректенеді де, әр 0,5-1 сағатта еміп отырады (тәулігіне 50-60 рет).
Енесі өліп жетім қалған құлынды, басқа құлынсыз биелерге телиді. Бірақ ондай жағдай сирек кездеседі. Сондықтан сиыр сүтінің үштен біріне қайнаған су қосып және әр литіріне бір үлкен қасық (столовай) қант салып құлынға ішкізеді.
Туғаннан соң 3-4 күннен кейін биелерді құлынымен бірге 10-15 минут манежде жүргізіп серуендетеді де, құлынның енесінің соңынан еріп, жетілуін және биенің жыныс мүшелерінің тез орнына келіп, қайта күйтінің тууын қамтамасыз етеді. Бір аптадан соң биені құлынымен бірге ашық базаларға шығарып 20-30 минуттан бастап серуен мезгілін ұзарта береді. Алғашқы аптада биені құлынымен бірге жеке серуенге шығарса, кейіннен 2-3 бастан біріктіріп, біртіндеп ұлғайта береді.
Бір апта өткен соң құлынға ноқта кигізіп, жетекке үйретіп, денесін щеткамен немесе солома бумасымен тазалайды.
Құлындарды екінші айлығынан бастап жаншылған сұлы мен бидай кебегін беріп үйретеді.
Ерте туған (қаңтар-наурыз) құлындар жайылымды жақсы пайдаланса, кеш туғандар ыстыққа ұрынып, қан сорғыш шыбындардың көбейіп, тез жетіліп, өсуіне бөгет жасап дұрыс жайыла алмайды.
Құлынды енесінен 6 айлығында бөліп, айырады, саулмайтын жүдеген биелерден ертерек 5-айлығында айырады. Айырылған енесінен құлындарды бөлек бірден екіден, залдарда топтап бірге ұстайды. Енесінен айырылған құлындарға сапалы көк шөптер, жаншылған сұлы, шөп ұны т.б. организмге қажет белок, фосфор және витаминдермен қанағаттандырарлық болуы керек. Жас енесінен бөлінген құлындарға денесінің ширап, тез өсіп-дамуы үшін күнделікті мационмен қамтамасыз ету қажет. Құлындардың таза ауада болуын қамтамысыз ету үшін таңертеңгі және кешкі уақыттарда серуен (база) алаңдарында ұстау керек. Енесінен айырған құлындарды 6-7 күннен кейін жайылымға шығарып, үйрете бастайды. Алғашқы күндері 3-2, кейіннен, 1-2 аптадан соң 4-5 км, біртіндеп өсіріп тәуліктік жүретін жолын 10-11 км жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |