Керекті құралдар және жабдықтар
: бидай ұны, престелген ашытқы,
ас тұзы, су, термометр, таразы, эмальды кострюлдер, жетілдіргіш шкаф,
зертханалық пеш, титрлеу қондырғысы, Чижов аспабы, Журавлев аспабы,
қалыптағы нанның меншікті көлемін анықтайтын құрылғы, домалақ нанның
көлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, газет, сүзгі қағазы, бюкса, 250 мл
колбалар, 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс, 1000 мл цилиндрлі өлшегіш.
Қамырды әртүрлі ылғалдылықта илеу үшін қамыр дайындау
ашытпасыз әдіспен 2 лабораториялық жұмыста келтірілген әдіс бойынша
жүргізіледі. Бірақ қосылатын судың мөлшері әртүрлі етіп алынады. Ол үшін
мынадай нұсқалар дайындалады:
1
Нұсқа (бақылау) – бақылау, су есеп бойынша;
2
Нұсқа – бақылау қамырына есептелген судан қарағанда 66 мл су аз ;
3
Нұсқа – бақылау қамырына есептелген судан қарағанда 66 мл су көп.
Қамыр дайындауда технологиялық үдерістің жүруіне, оның қасиетіне,
тұрғызу және пісірудің соңына дейін қарап, қамырдың және піскен нанның
сапасын суығаннан соң алдындағы 1 және 2 зертханалық жұмыстарда
келтірілген әдіс бойынша анықтайды. Алынған нәтижелерді салыстырмалы
түрде қорытындылап жазады.
Жазу үлгісі 1 және 2 жұмыста келтірілгендей орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |