№1 Зертханалық жұмыс
Дайын нанның сапасын анықтау
Жұмыстың мақсаты
:
Нан және
нан өнімдерінің сапасын
көзмөлшерлік және физикалық-химиялық көрсеткіш арқылы бағалау.
Нанның
сапасы мемлекеттік стандартқа,
республикалық техникалық
шарттарға және баллдық баға көрсеткіштеріне сәйкес келуі керек.
Дайын өнімің сапасы көзмөлшерлік
және физикалық-химиялық
көрсеткіштер бойынша анықталады.
Көзмөлшерлік көрсеткіштері бойынша: оның сыртқы түріне,
қыртысының түсіне, жұмсақ ортасының түсі
және серпімділігіне,
кеуектілігінің жағдайына, дәмі мен хош иісіне көңіл бөледі.
Физикалық-химиялық
көрсеткіштер
бойынша:
нанның
ішкі
жұмсағының ылғалдығы, қышқылдығы, кеуектілігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: