Нанның қышқылдығын арбитражды әдіспен анықтау
. Ол үшін
0,01 г дәлдікпен 25 г ұсақталған нанның жұмсағын алады да, оны 500 мл
сиымдылықтағы бөтелкеге салып 250 мл бөлме температурасындағы су
құяды. Оны ағаш таяқшамен жақсылап езеді. Бөтелкені жақсылап
тығынымен жауып, 2 минут тынбай шайқайды да, 10 минут тыныштыққа
қалдырады, сосын оны тағы да 2 минут шайқап тағы да 8 минутқа қалдырады.
Тұрған ерітіндіні сита немесе дәке арқылы сүзеді. Алынған сұйықтан 50 мл-
ден екі 100-150 сиымдылықтағы колбаларға алады да, екі үш тамшы
фенолфталеин тамызып, 0,1 нормаль калий немесе натрий гидроксидімен
ақшыл күлгін түске енгенше титірлейді.
Ол мына формуламен анықталады:
Х=25*50*4*1*V/250*10, (4)
Мұндағы, V-титірлеуге кеткен сілтінің мөлшері, мл; 1 және 10 сілтіні
0,1 нормальға келтіруге арналған коэффициент; 4 - навесканы 100 г ға
келтіретін коэффициент; 25 - сыналатын өнімнің салмағы, г; 250 – судың
мөлшері, мл; 50 – титрлеуге алынатын ерітінің мөлшері, мл.
Достарыңызбен бөлісу: |