Маргиналдылық – өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейшілік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырыдып дүбәрәсіз күй кешу. Этнос


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру



бет4/5
Дата24.04.2020
өлшемі17,93 Kb.
#64605
1   2   3   4   5
Байланысты:
мб2 алеуметтану

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

Денсаулыққа кері әсерін тигізетін өмір салты – дұрыс тамақтанбау ,қимыл белсенділігінің аз болуы , спортпен шұғылданбау , денсаулыққа немқұрайлы қарау .

Қоғамдық қозғалыстар - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау. Қалалық-әлеуметтік қозғалыс - тұрғын үй, көлік және білімді қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты мәселелердің саяси мәселеге айналуының артуына жауап ретінде пайда болған жергілікті қозғалыс.

Демография (грек. демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және көші-қон коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация) орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады.

Ауыл-село – бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-селода жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет