Мақсаты:Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқс тәрбиелеу.
Басқарушы:Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 3 сынып оқушыларының «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты зияткерлік ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар.
Ойын шарты: мына ұяшықтардан кез-келген сандардың біреуін таңдап сұраққа жауап бересіңдер. Егер сұраққа нақты жауап берсеңдер, сол ұпай сендердің топтарыңның еншісіне тиеді.
20-сол: Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы.Алтынсарин)
30-сол: мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
40-сол: Рейхстагқа ту тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев)
10-орта: мен бір аяғыммен тұрғанда салмағым 55кг, екі аяғыммен тұрсам ше? (екі аяқпен тұрсада 55кг)
30-орта: Қазақтың атақты суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев)
20-орта: Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атаймыз? (жел)
30-оң: Бір ыдыстағы жұмыртқа 2 минутта піседі. 10 жұмыртқа ше? (2мин)
20-мин: Емен, қайың, терек өсімдіктің қай түріне жатады? (ағаш)
10-оң: Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз. 3-кезең: «Мың бір мақал» ойыны. Ойын шарты:Топ басшылары келіп мына қағаздардан мақал тақырыптарын таңдайды. Таңдаған тақырыптарына байланысты мақал айтудан сайысқа түседі. (1 мин уақыт)
Отан үшін отқа түс күймейсің. Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Елдің көркі елімен. Отан көркі желімен.
4-кезең: «Тамаша алтылық»Ойын шарты: 1-ден 6-ға дейін сандар тақтада жазулы тұр. Осы сандардан бірін таңдаймыз. Сұрақтарға жауап береміз.
1.Ана тілі:міне, сен өрісіңді тауып, жолыңды аштың. Ендігі қалған оқуда, одан арғы талап та осы ниетіңе жетектесін. Сен еліңе келіп, жалшылардың балаларын өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығарсаң, өз басың түгіл, менің де халық алдындағы көп қарызымды өтемес пе ең? Осы елдің жас буынына сен ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, мен арманы бар әке болам ба?-деп, үні өзгеріп барып тоқтады. Қай мәтіннен үзінді????
(Бұл үзінді «Әке арманы» мәтінінен үзінді)
2.Қазақ тілі:Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
3. Орыс тілі:Өз отбасың туралы орыс тілінде әңгімелеу.
4.Математика:Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл көбейтудің қай қасиеті (терімділік қасиеті)
5.Дүниетану:Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді. (ойлау, сөйлеу алатындығымен)
6. Ағылшын тілі:Ағылшын тілінде сұрақтар: жауаптарында ағылшын тілінде айтады.
3.Сен қай мектепте оқисың? (Мен № орта мектепте оқимын.) 5-кезең: « Полиглот»Ойын шарты: Әр топ үш-үштен жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айтады.
1.Қалқиып екі құлағы. Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit )
2. Қыста киім тастайды. Көктемде киіне бастайды. (ағаш-дерево-free)
3.Қабат-қаьат қаттама.Ақылың болса аттама. (кітап-книга-book)
4.Дәу қара құс көрінеді. Көзінің жасы төгіледі. (бұлт-облоко-cIaud)
5. Жүрсе ізі жоқ. Сойса қаны жоқ. (қайық-лодка-boat)
6.Сырты жасыл қап-қатты. Іші қызыл тәп-тәтті. (қарбыз-арбуз-water melon) Көрермендермен тренинг өткізу. «Психолгиялық мінездеме» деп аталады.