Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру



бет4/5
Дата17.06.2018
өлшемі0,6 Mb.
#42270
1   2   3   4   5







 

Тақырыбы: «Толағай»


Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер
1. Спорт - денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі

Барысы:
жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» сайысына қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

2 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз


Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Оқушыларымызды шақырамыз.
1. «Алау» тобы
2. «Жалын» тобы

1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!


1.
2.   Л.Хасайнова
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
1. «Тіке жүгіріс»
2. «Кенгуру»
3. «Вагон»
4. «Математика»
5. «Допты себетке салу»

6. «доп жинау»

7. «Суретті аяқтау»

8. «Жасырынған суретті табу»


2 - жүргізуші:


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

1 - жүргізуші:


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
2 - жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1. «Тіке жүгіріс»
2. «Кенгуру»
3. «Вагон»
4. «Математика»
5. «Допты себетке салу»

6. «доп жинау»

7. «Суретті аяқтау»

8. «Жасырынған суретті табу»


Енді сайысымызды бастамас бұрын командаларды ортаға шақырырып би билейміз

«Флешмоп»


1.тур «Тіке жүгіріс» бұл ойында бір оқушы белгіленген жерден жүгіріпкеледі, ойынды келесі оқушы жалғастырады.

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!


Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

2. кезең «Кенгуру» сайысқа қатысушы үлкен доппен секіріп мәрені айналып келеді.


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.

3. «Вагон» бұл сайыста бір-бірінің артынан ұстап тіркеледі де жүгіріп мәрені айналып келеді.

4. «Математика» ұлкен доппен секіріп мәреде берілген есепті шығарады.
1 - жүргізуші:
Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

5.тур «Допты себетке салу» белгілі бір қашықтықта тұрған себетке лақтырып доп салады.

2 - жүргізуші:
Өмір, өзің қайдасың,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсың.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне

6. «Доп жинау» бұл турда қорапқа салынған әртүрлі доптың ішінен өздеріне керекті допты жинаулары керек.

7. «Суретті аяқтау» берілген суретті аяқтап, бояу керек. (уақыт есептеледі)
1 - жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа
2 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1 - жүргізуші:


Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2 - жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Жүзден жүйрік» сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!




Ойнайық, ойнайық та ойлайық!


Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
І тур. Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы - баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Сәт сапар, бастаймыз!

ІІ тур: «Кім жылдам?»


(анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

1 - жүргізуші:


ІІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.
(ата - аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/
2 - жүргізуші: ІҮ тур: «Кішкентай қонжықтар».
Анасы бір баласы, әкесі бір баласымен қарама қарсы бетте тұрып, балаларын бір шеттен екінші шетке арқалап өтулері тиіс.
2 - жүргізуші: Ү тур «Сурет салу» бір бала кедергілерден доппен өтіп, суретті бір бала салады, екіншісі айтып тұрады. Қайтарда екінші бала доппен қайтады. Сурет салатын баланың көзі байлаулы болады.
1 - жүргізуші:
Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

ҮІ тур: «Жеңіске жету» сайысы.


2 - жүргізуші: Ата - аналар кезекпен - кезек кездескен кедергілерден өтіп, скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../
Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.
1 - жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.
2 - жүргізуші:
Өмір, өзің қайдасың,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсың.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне
1 - жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
2 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1 - жүргізуші:


Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2 - жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!


2 - жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

Интеллектуалды спорттық сайыс "Жүзден жүйрік"

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту, ана тіліміздің қадір - қасиетін дамыту, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, Оқушылардың шапшаңдыққа, дәлдікке баулу денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу.
Түрі: Көңілді старт
Көрнекілігі: Шарлар: Доп, қапшық, скакалка, әр түрлі фигуралар, корзина т. б

Жүргізуші: « Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүзден жүйрік» атты сайыс - ойынымызға қош келдіңіздер!.

Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар. «Қарлығаш» 5Г тобы - ойыншылары
«Барыс» 5 Б тобы - ойыншылары:
«Бәйтерек»5 А тобы - ойыншылары:.
«Жасулан» 5 Ә тобы - ойыншылары:.

Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:


1. «Таныстыру»(Әр топ өзің таныстырады)
2. «Кім білгір?» (Салт дәстүрге байланысты сұрақтар)
3 «Кім жылдам?»(Мақал - мәтел жалғастыру)
4 «Ойланып көр?»(Наурыз нақыштары)
5 «Қателеспе?»(Қамбақ шар)

Енді біздің ойынымызды бақылап, сараптап отыратын әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.


1. 
2. 
3. 
Жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз
Жүзден жүйрік атты
Кешімізді бастаймыз.

1-бөлім «Таныстыру» (Әр топ ұраның айтып, төс белгісімен таныстырады)

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

Жүргізуші: Кезекті ойынға береміз. 1 - бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл бөлімде әр топ мәре сызығына дейін доппен ойнап барып, кері қайтарында скакалкамен секіріп келеді. Сұраққа жауап береді (салт - дәстүрге байланысты).


Сүйінші
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сәлемдеме.


Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір - біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір - біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме әкелген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын - жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.



Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет