Математика 5-сынып
Түсінік хат
Ұзақ мерзімді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Рееспубликасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негзінде құрылған.
Оқыту мақсаты: "Математика" пәнінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту.
Оқытудың міндеттері:
«Сандар», «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын қалыптастыру;
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;
қоғамдық ілгерілеу үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;
математика оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамыту.
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына-5сағат, жылына 170сағат
БЖБ саны-10; ТЖБ саны -4
Оқулық:
Тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жұмысы
№
|
Ж/Б
|
Тақырып
|
Орындау уақыты
|
Күні
|
Ескерту
|
1
|
Б/Ж/Б №1
|
«Натурал сандар және нөл саны»
|
25
|
|
|
2
|
Б/Ж/Б №2
|
«Натурал сандардың бөлінгіштігі»
|
25
|
|
|
3
|
Б/Ж/Б №3
|
«Жай бөлшектер»
|
25
|
|
|
4
|
Т/Ж/Б №1
|
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау
|
40
|
|
|
5
|
Б/Ж/Б №4
|
«Жай бөлшектерге амалдар қолдану»
|
25
|
|
|
6
|
Т/Ж/Б №2
|
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау
|
40
|
|
|
7
|
Б/Ж/Б №5
|
«Мәтін есептер»
|
25
|
|
|
8
|
Б/Ж/Б № 6
|
«Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану»
|
25
|
|
|
9
|
Б/Ж/Б №7
|
«Жиын»
|
25
|
|
|
10
|
Т/Ж/Б №3
|
3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау
|
40
|
|
|
11
|
Б/Ж/Б №8
|
«Пайыз»
|
25
|
|
|
12
|
Б/Ж/Б №9
|
«Бұрыштар. Көпбұрыштар»
|
25
|
|
|
13
|
Б/Ж/Б №10
|
«Диаграмма» және «Кеңістік фигураларының жазбалары»
|
25
|
|
|
14
|
Т/Ж/Б №4
|
4-тоқсанға арналған жиынтық бағалау
|
40
|
|
|
«Математика» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |