Математика 5-сынып Түсінік хат



бет8/11
Дата12.10.2019
өлшемі203,67 Kb.
#49736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2019-2020 кунтизбе-1

10-сынып


Жаратылыстану-математика бағыты

Аптасына 4 сағат

Оқу жылында 136 сағат

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

Сағат саны




1-тоқсан (32 сағ)







7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау

2




10.1АФункция, оның қасиеттері және графигі

Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру

10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;

10.4.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);.



3




Функцияның қасиеттері

10.2.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;

10.4.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

1) функцияның анықталу облысы;

2) функцияның мәндер жиыны;

3) функцияның нөлдері;

4) функцияның периодтылығы;

5) функцияның бірсарындылық аралықтары;

6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;

9) функцияның шектелгендігі;

10) функция үзіліссіздігі;



11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

3




Бөлшек-сызықты функция

10.4.1.5 - , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу

3




Күрделі және кері функция ұғымдары

10.4.1.6 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;

10.4.1.7 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру



3




10.1ВТригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.2.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу

4




Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу

10.2.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу


5




10.1СКері тригонометриялық функциялар

Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс

10.2.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;

2




Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.2.3.4 - кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу;

10.2.3.5 - кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;

10.2.3.6 - кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендірулер орындау


3




Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер

10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу

3




Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1




2-тоқсан (32 сағ)







10.2АТригонометриялық теңдеулер

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

10.2.3.8 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.9 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;



4




Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері

10.2.3.10 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.11 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;

10.2.3.12 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.13 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу;

10.2.3.14 - тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу;

10.2.3.15 - тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу;

10.2.3.16 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу


6




10.2ВТригонометриялық теңсіздіктер

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;



6




10.1 С Ықтималдық

Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы

10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;

10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

10.3.1.5 - жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану


3




Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу



3




Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)

*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);



3




Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы

10.3.2.5 - толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.2.6 - Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану



2




Бернулли формуласы және оның салдарлары

10.3.2.7 - Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу;

10.3.2.8 - Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану



2




Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдері

10.4.2.3 - нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құру

2




Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1




3-тоқсан (41 сағ)







10.3А Көпмүшелер

Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі

10.2.1.1 - бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау

2




Біртекті және симметриялы көпмүшелер

10.2.1.2 - симметриялы және біртекті көпмүшелерді танып білу

1




Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі

10.2.1.3 - бір айнымалысы бар көпмүшелерді ажырата және оны стандарт түрге келтіре алу;

10.2.1.4 - бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу



1




Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу

10.2.1.5 - көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу;

10.2.1.6 - көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін  формулаларын қолдану

1




Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу

10.2.1.7 - көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді орындау

1




Безу теоремасы, Горнер схемасы

10.2.1.8 - Безу теоремасын және оның салдарларын есеп шығаруда қолдану;

10.2.1.9 - симметриялы және біртекті көпмүшелер түбірлерін табудың түрлі тәсілдерін қолдану;

10.2.1.10 - көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану


1




Анықталмаған коэффициенттер әдісі

10.2.1.13 - анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану.

2




Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема

10.2.1.11 - бір айнымалысы бар бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірі туралы теореманы оның түбірлерін табуда қолдану

2




Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер

10.2.2.1 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану;

10.2.2.2 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде жаңа айнымалы енгізу әдісін қолдану



2




Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы

10.2.1.12 - жалпыланған Виет теоремасын білу және оны үшінші ретті көпмүшелерге қолдану


2




10.3ВФункцияның шегі және үзіліссіздігі

Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі

10.4.1.8 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;

10.4.1.9 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу



2




Функция графигінің асимптоталары

10.4.1.10 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу

2




Сан тізбегінің шегі

10.4.1.11 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;

2




Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі

10.4.1.12 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;

10.4.1.13 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;



2




Шектерді табу. Бірінші тамаша шек

10.4.1.14 - шектерді есептеуде және  түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану;

10.4.1.15 - бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу;



2




10.3СТуынды

Туындының анықтамасы

10.4.1.16 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;

10.4.1.17 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;

10.4.1.18 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;


2




Функция дифференциалы ұғымы

10.4.1.19 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;

10.4.1.20 - функция дифференциалын табу



2




Туынды табу ережелері

10.4.1.21 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану

1




Күрделі функция туындысы

10.4.1.22 - күрделі функцияның туындысын табу

2




Тригонометриялық функциялардың туындылары

10.4.1.23 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;

2




Кері тригонометриялық функциялардың туындылары

10.4.1.24 - кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу

2




Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

10.4.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;

10.4.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;

10.4.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.4.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару



2




Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру

2




Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1




4-тоқсан (31сағ)







10.4АТуындының қолданылуы

Функцияның өсу және кему белгілері

10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;

10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу



2




Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері

10.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;

10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу



3




Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу

10.4.1.30 - функцияның екінші ретті туындысын табу;

10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,

10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу


3




Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу.

10.4.1.33 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу

3




Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

10.4.1.34 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

4




10.4ВКездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Кездейсоқ шамалар

10.3.2.9 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру

1




Дискретті кездейсоқ шамалар

10.3.2.10 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;

10.3.2.11 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру



2




Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы

10.3.2.12 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу

3




Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары

10.3.2.13 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.3.2.14 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.3.2.15 - дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын


3




Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы

10.3.2.16 - дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін ажырата білу: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім, гипергеометриялық үлестірім;

10.3.2.17 - үлкен сандар заңының тұжырымдамасын білу



3




Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1




10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

3





Геометрия 10-сынып

Түсінік хат

Ұзақ мерзімді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Рееспубликасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негзінде құрылған.



Міндеттері: 1) Геометрияның бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау; 2) математикалық тіл мен негізгі математикалық заңдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал ету; 3) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге жәрдем беру; 4) нақты процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді құру және интерпретациялау дағдыларын дамыту; 5) әртүрлі теориялық облыстар мен практикалық іс-әрекеттерде зерттеулер және есептер шешу үшін математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын дамыту; 6) логикалық және сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту; 7) коммуникативтік, әртүрлі дереккөздерден ақпаратты іздеу және қолдану дағдыларын дамыту; 8) өздігінен, топта жұмыс істеуге қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту; 9) қоғамның ілгерілеуі үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету; 10) математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына-2 сағат, жылына 68 сағат

БЖБ саны-5; ТЖБ саны -4

Оқулық:

Тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жұмысы




Ж/Б

Тақырып

Орындау уақыты

Күні

Ескерту

1

Б/Ж/Б №1

«Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік»

25







2

Т/Ж/Б №1

1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау

40







3

Б/Ж/Б №2

«Кеңістіктегі перпендикулярлық»

25







4

Т/Ж/Б №2

2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау

40







5

Б/Ж/Б №3

«Кеңістіктегі перпендикулярлық»

25







6

Б/Ж/Б №4

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар»

25







7

Т/Ж/Б №3

3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау

40







8

Б/Ж/Б №5

«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар»

25







9

Т/Ж/Б №4

4-тоқсанға арналған жиынтық бағалау

40








«Геометрия» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет