Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Тиімді тəсілмен қосу жəне азайту. Есепті əртүрлі тəсілмен шығару



бет150/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

38-сабақ. Тиімді тəсілмен қосу жəне азайту. Есепті əртүрлі тəсілмен шығару.



Тақырып:Үй тапсырмасы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қ атысқандардың Қатыспағандар- саны: дың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.3. ** Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

2.4.3.1. 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• тиімді есептеу үшін ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерді қолданады.



Көпшілік оқушылар:

• есептерді əртүрлі тəсілдермен шығарады.



Кейбір оқушылар:

• əртүрлі тəсілдермен шығару үшін есептер құрастырады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• есептеулерді оңтайландыруды түсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Қосудың терімділік қасиеті, тиімді есептеу, есептерді үш тəсілмен шығару.












Диалог/жазуға арналған пайдалы сөйлемдер сериясы Талқылау: Тиімді тəсілмен есептеп шығарыңдар.

Неліктен тиімді екенін түсіндір.

Неліктен есепті үш тəсілмен шығаруға болады?


Жазу:

Есеп шарттарының қысқаша жазбасы, есепті үш тəсілмен шығару, екі таңбалы сандардың сандық өрнектері.



Тірек білім




Екі таңбалы сандар мен шамаларды қосу жəне азайту.




Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан оларға үй тапсырмасын орындауға кім көмектесетінінсұрайды, үй тапсырмасын не үшін орындау керектігін, үй тапсырмасын əрқашан өздігінен орындай алатынын немесе орындай алмайтынын түсіндіреді.



Оқулық.

4–6




Өзектендіру.

Жұптасып орындайды: бір оқушы жүз көлемінде екі таңбалы сандармен санды өрнек құрастырады. Екінші оқушы осы өрнектің мəнін айқындап, дəл осындай мəні бар басқа сандық өрнек құрастырады. Одан кейін қатысушылар рөлдерімен алмасып, серіктесінің өрнектерді дұрыс есептеп, дұрыс іріктеуін бақылайды.

Алынған өрнектер тізбегі дəптерге жазылады.


Дəптер немесе парақтар, маркерлер.

7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқушыларға тиімді тəсілмен шығару ұсынылады.





12–29



Жаңаны ашу.

Проблемалық жағдайдан шығу үшін оқушыларға оқулықта берілген сызбаларды пайдалана отырып қосудың терімділік қасиетін түсіндіретін оқулықтағы 1- тапсырма ұсынылады.

– Көршілес қосылғыштарды олардың қосындысымен ауыстырса, үш жəне одан да көп қосылғыштардың қосындысы өзгермейді.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

2-тапсырма. Қапшықта 10 көк, 20 жасыл жəне 30 қызыл шар бар. Қапшықта барлығы неше шар бар?

Осы есепті əртүрлі 3 тəсілмен шығаруға болады:

1-тəсіл: көк + (жасыл+қызыл шарлар).

2-тəсіл: жасыл+(көк+қызыл).

3-тəсіл: қызыл+ (көк+жасыл).



Өзіндік жұмыс.Алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше есеп ұсыныңыз. Қателік жіберген оқушыларды анықтаңыз. Қиындықтан шығу жолын ұсыныңыз.



30–40




Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 3 (а) тапсырманы оқушылар сызба бойынша шығару барысын талқылай отырып орындайды.

Оқулықтағы 3 (ə)тапсырманыоқушылар өздігінен


Дəптер.




дəптерде үш тəсілмен орындайды.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды жетістік өлшемдерімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.



Бағалау критерийі.

Есеп шарттары бойынша деректерді бөлектеймін.

Есеп шарттарындағы дерек-сандарды салыстырамын. Мұның неліктен мүмкін екенін түсіндіре отырып, есептерді шығарудың екі (немесе үш) тəсілін құрамын.

Тəсілдердің əрқайсысын жазамын.

Тəсілдердің əрқайсысы үшін өрнек құрамын.

Жауапты тұжырымдаймын.



Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 4-тапсырмада есептемей, салыстыру жүргізу қажет. Оқушылар салыстырылатын өрнек жұптарының əрқайсысында бірдей қосылғыштардың бар екенін байқайды. Оқушылар салыстыру ережесін еске түсіреді: алдымен сандарды разрядтар саны бойынша салыстырады, одан кейін екі санның разрядтарының саны сəйкес келген жағдайда, ең жоғарғысынан бастап разрядтардың əрқайсысының бірліктері бойынша салыстырады.

Оқулықтағы 5-тапсырмада жақшаларды дұрыс теңдіктер алынатындай етіп қою қажет.

Оқушылар жақшалардың ішіндегі сандармен амалдар бірінші кезекте орындалатынын түсіндіреді. Оқушылар былай ой тарқатады: бірінші өрнектің мəні 0-ге тең. Осы өрнек осындай мəнге ие болуы үшін 20 санын 20 санына азайту қажет. Бірінші амалды орындаған кезде 20 санының шығатынын не шықпайтынын тексереміз:

50–30=20. 20 – 20 = 0. Демек, өрнектегі бірінші амалды жақшаға алу қажет, бірақ өрнекте жақшалар болмағанның өзінде амалдар осындай тəртіппен орындалатын болғандықтан, жақшаларды қоймауға да болады.





41–45



Рефлексия. «Қошемет».

Оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлесін бағалап, бір-біріне жəне мұғалімге өткізілген сабақ үшін алғыс айтады.

Сабақты аяқтаудың осындай нұсқасы əр адамның тұлғалық маңызын мойындауға деген қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет