Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі. 32+45; 77+32



бет151/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

39 -сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі. 32+45; 77+32


Тақырыбы: Менің мектебімдегі дене шынықтыру сабағы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:




Оқу мақсаттары

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаттары



Барлық оқушылар:

екі таңбалы сандармен жазбаша есептеуді жəне тексеруді орындайды.



Көпшілік оқушылар:

жазбаша тəсілмен қосу жəне азайту алгоритмін қолданады.



Кейбір оқушылар:

Барлық есептеулерді қатесіз орындайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Екі таңбалы сандарды алгоритм бойынша жазбаша тəсілмен қосуды жəне азайтудың тəсілдерін түсіндіреді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Ондық арқылы ауыспай, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері алгоритмі.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін пайдалана отырып, өрнектердің мəндерін табыңдар.

Жазбаша тəсілмен қосу жəне азайту алгоритмін түсіндіріңдер.


Жазу.

Екі таңбалы сандар, жазбаша есептеулер тəсілдерін жазу.



Тірек білім

Екі таңбалысан моделі, екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен бірге оқулықтағы 1-тапсырманың иллюстрациясы бойынша дене шынықтыру сабақтарын талқылайды. Оқушылар өз əсерімен бөліседі (уақытты таза өткізген жақсы), дене шынықтыру сабақтарында немемен айналысатыны туралы айтады (саябақта жүгіреміз, ұзындыққа секіреміз, қимылды жəне спорт ойындарын ойнаймыз). Сұхбат барысында оқушылар математиканың қандай мүмкіндіктерін (спорттағы жетістіктердің нəтижелерін өлшеу жəне салыстыру) дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болатынын нақтылайды.



Оқулық.

4–6



Өзектендіру.

Топтық жұмыс орындалады. Мұғалім əрбір топқа суреттедегідей түстегі жалаушаларды, балалардың киімдеріндегі нөмірлер жазылған дөңгелектерді жəне ақ түсті қағаз таратады.

Мұғалім оқушыларға суретке мұқият қарауды ұсынады. Жалаушалардағы өрнектердің мəндерін есептеп шығарып, оқушылардың мəреге жету кезектілігін айқындайды. Есептеген кезде оқушылар разрядтық қосылғыш арқылы ауыспай, екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың


Оқулық,

түрлі түсті тіктөртбұрыш тар мен цифрлар жазылған дөңгелектер.









ауызша тəсілдерін, екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді, екі таңбалы сандардың үлгілерін пайдаланады.

Оқушылар тіктөртбұрыш-дөңгелек жұптарын: бір топтар – оқулықтағы суреттегі түпнұсқадағы өрнектер мəнін өсу ретімен, ал басқа топтар – кему ретімен жабыстырады. Жасалған жұмыс нəтижесі топтар арасында салыстырылады.






7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдай).Оқушылар ұсынылған сандар үлгілерінің көмегімен амалдарды қалай орындауға болатынын түсіндіреді.

Мұғалім осы өрнектердің мəнін жазбаша тəсілмен де табуды ұсынады.



Оқулық.

12–29



Жаңаны ашу.

Туындаған проблемалық жағдайдан шығу үшін оқушыларға оқулық парақтарынан жазбаша есептеу тəсілдерін қалай жүзеге асыруға болатынына қарап, түсіндіру ұсынылады. Тапсырманы жұптасып орындау ұсынылады. Соңында оқушылар өз түсіндірулерін ұсынылған есептеу алгоритмдерімен салыстырады.



Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар 3-тапсырманы баған түрінде жазып, түсіндіре отырып санайды, тексеруді орындайды.



Өздік жұмыс. Алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше есеп ұсыныңыз. Қателік жіберген оқушыларды анықтаңыз.

Қиындықтан шығу жолын ұсыныңыз.



Оқулық.

Сабақтың тұсаукесері қолданылады.



30–40




Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы алгоритмге сəйкес сандарды бағанмен жазып, түсіндіре отырып орындайды. Аяқтағаннан кейін «қосу» амалын орындау дұрыстығы азайту арқылы, ал «азайту амалын» орындау дұрыстығы қосу арқылы орындалатынын түсіндіре отырып, тексеру жүргізеді.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды жетістік өлшемдерімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қоюды ұсынады.

Бағалау критерийі.

Есептеулерді бағанмен дұрыс жаза аламын.

Ондықтан аттамай қосу жəне азайту алгоритмін қолдана аламын.

Жауапты оқимын.

Тексеру жүргіземін.

Өткенді қолдану. Оқулықтағы 5-тапсырмада алдын ала қысқаша жазылуы немесе сызбасын құрастырып, есептерді шешу қажет.

Өздік жұмыс. Оқушылар дəптердегі 2-тапсырманы орындайды. Жақшалы өрнектерде алдымен жақшадағы амал орындалады, жақшасыз өрнекте алдымен бір-бірін толық ондықтарға дейін толықтыратын қолайлы қосылғыштармен амалдар орындалады.

4-тапсырмадаоқушылар дəптерде ұсынылған сызбаға



Дəптер, оқулық.




сəйкес қосылғыштардың əрқайсысымен кезек-кезек амалдар орындайды.




41–45



Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшалар үлестіреді, оқушылар сөйлемдерді жазады:



  1. Мен сабақта ... жұмыс істедім.

  2. Мен сабақтағы жұмысыммен ... .

  3. Сабақ мен үшін ... болып көрінді.

  4. Сабақта мен ... .

  5. Менің көңіл күйім... .

  6. Сабақ материалы мен үшін ... болды.

Қиықшалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет