Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18



бет152/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

40-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18;


100–82



Тақырыбы: Мектептегі спорт үйірмесі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жазбаша тəсілмен есептеулер жүргізеді, тексеру орындайды.



Көпшілік оқушылар:

Жазбаша тəсілмен қосу алгоритмін қолданады.



Кейбір оқушылар:

Барлық есептеулерді қатесіз орындайды, осы түрде есептеу мысалдарын табады жəне құрастырады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Түсіндіре отырып есептеуді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Сан үлгісі, жазбаша есептеу тəсілі, бағанмен қосу жəне азайту алгоритмі.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Жазбаша қосу жəне азайту үшін екі таңбалы сандарды қалай жазуға болады?

Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту кезінде амалдар кезектілігі қандай?

Жазу.

Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту жазбасы.



Тірек білім

Екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар




0–3



Ынталандыру.Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлап, сұрақ қояды:

  • Мектепте қандай спорт үйірмелері бар?

  • Үйірмеге, секцияға қатысу қандай қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді? (Жауапкершілік, дербестік).

  • Сүйікті үйірмесіне барғысы келетін оқушы нені үйренуі тиіс?

Сұхбат барысында оқушылар ол үшін не керек екенін еске түсіреді:

  • үйірме сабақтарының кестесін еске сақтап, уақтылы қатысу;

  • үйірме сабақтары үшін қажетті заттардың барлығын еске сақтап, жинап, алып келу;

  • өз уақытын барлығына үлгеретіндей етіп ұйымдастыру.

Оқушылар санау білігі осы қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі деген қорытындыға келеді.



4–6



Өзектендіру.

Топпен жүргізіледі, мұғалім қиықшалар таратады. Оң жақтағы бағанда ұсынылған сандардан мұғалім мəні сол жақ бағандағы санға тең өрнек құрады.



100

36, 22, 69, 81, 64, 31,76, 24, 78, 19

90

31, 74, 29, 83, 62, 59, 69, 16, 26, 17

80

44, 26, 29, 36, 52, 38, 54, 36, 51, 61

70

54, 26, 29, 16, 42, 38, 54, 32, 51, 41

60

24, 36, 49, 36, 52, 34, 54, 36, 21, 11

Аяқтағаннан кейін топтар үлгі бойынша өзара тексеру үшін қиықшалармен алмасады.

Қиықшалар, тексеруге арналған үлгі.

7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқушылар топта сандар үлгісі мысалдарының бірін түсіндіреді.

Мұғалім оқушыларға: «Басқа санау тəсілін білесіңдер ме?» деген сұрақ қояды.


Оқулық.

12–29



Жаңаны ашу.

Туындаған проблемалық жағдайдан шығу үшін оқушыларға оқулық бетінен есептеудің жазбаша тəсілдерін қалай жүргізуге болатынын көруді жəне түсіндіруді ұсынады. Тапсырманы жұптасып орындау ұсынылады. Соңында оқушылар өз түсіндірмелерін ұсынылған есептеу алгоритмдерімен салыстырады.



Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқулықтағы3-тапсырманыоқушылар алгоритмге сəйкес баған түрінде орындайды, аяқтағаннан кейін тексеру жүргізеді.



Өздік жұмыс.Алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше есептер ұсыныңыз. Қателік жіберген оқушыларды анықтаңыз. Қатені түзетуге көмектесіңіз.

Оқулық.

Сабақтың тұсаукесері қолданылады.





Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды.

Есептеу тексере отырып, баған түрінде


Дəптер, оқулық.

30–40



жазылыпорындалады.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырмаларды бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.



Бағалау критерийі.

Есептеулерді баған түрінде дұрыс жаза алады.

Толық ондықтан азайту, толық ондыққа, жүздікке дейін қосу жағдайында қосу жəне азайту алгоритмін қолдана алады.

Жауапты оқимын.

Тексеру жүргіземін.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтан 5-тапсырма орындалады.






41–45



Рефлексия. Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған қиықшалар таратады, оқушылар сөйлемдерді толықтырып жазады.

Бүгін мен ... білдім.

... қызықты болды.

... қиын болды.



Рефлексияға арналған қиықшалар.


41-сабақ. Қосу жəне азайту.



Тақырыбы: Мектептегі спорт алаңы



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.5. **Бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау. Жүздіктерді қосу жəне азайту.

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Екі таңбалы сандарды толық ондықтарға дейін толықтыратын бір таңбалы сандарды ауызша қосуды жəне толық ондықтардан бір таңбалы сандарды азайтуды орындайды;

Екі таңбалы сандарды сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолданады;

Толық жүздіктерді қосады жəне азайтады.



Көпшілік оқушылар:

Екі таңбалы сандарды сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолданады; сандық тібекті жалғастырады.



Кейбір оқушылар:

Орындалған амалдарды түсіндіру үшін сандардың жаңа моделдерін ойлап табады; сандық тізбек құрастырады.






Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Толық ондықтарға дейін толықтыратын қосуды ауызша есептеу жəне сандардан толық ондықтарды азайтудың қалай жүзеге асырылатынын түсіндіре алады.



Пəндік лексика жəне терминология.

Разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

Толық ондықтармен екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту.


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу нені білдіреді?



Жазу:

Сандық тізбектер, есептер мен теңдеулерді шешу, кесінділерді тұрғызу.



Тірек білім

Екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу, амалдың белгісіз компонентін табу ережесі, кесінділердің ұзындықтарын өлшеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3
Бағалау кретилері
Әдіс тәсілдер
Пәнаралық байланыс
Басталуы

Топқа бөлу

Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасы


Жаңа білім




Сабақтың нәтижесі **Бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау. Жүздіктерді қосу жəне азайту.

2 Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.




Топтық, жеке

Сұрақ жауап әңгімелеу түсіндіру

Қазақ тілі

Мақсатпен және бағалау парақшасымен таныстыру

Кір жайғыш
Сынық құмыра:

Мақсаты Жылылық еркіндікті дамыту

Түтікшелер арқылы, Диологті түрде сұрақ жауап алу
Білу түсіну:

Ынталандыру.

Өткен ғасырдың басында белгілі педагог

В.А.Сухомлинский «оқудан артта қалу тек нашар денсаулықтың нəтижесі» екенін байқады.

Мұғалім оқушылардан бұл пікірді олардың қалай түсінетінін жəне олардың осы пікірге келісетінін сұрайды. Оқушылар жақсы денсаулық – сəтті оқудың кепілі, ал дене шынықтыру жəне спортпен айналысу денсаулықты нығайтып, интеллектуалдық, дене бітімнің жəне көңіл-күйдің дамуына əсер етеді деген қорытындыға келу

Үш топқа маркерлер беріп екі таңбалы сандар жазу және амалдар орындау С9ра0 жауап

ЖАҢА САБАҚҚА БЕЛСЕНДІРУ «Көп білгің келсе ерінбей өзің ізден

Біз сендермен 100 ге дейінгі сандарды толық жүздіктерді қосуды және азайту қайталаймыз
Көшбасшы жіне тыңдашылар әдсі 1 мысалды топпен орындау
2 Мысал Кім жылдам ойынын ойнату арқылы орындау

Көңіл сергіту сәті : Заряд алу Шеңбер болып орындалады

Дәптермен жұмыс : 3 есептер және теңдеуді шешу

Шахмат әдісі арқылы 7: Мысалды орындау




4–6



Өзектендіру.

Математикалық диктант:



  1. 63 саны 56 санынан қаншаға артық.

  2. 60 санын 6-ға кеміт.

  3. 46 санын 14-ке арттыр.

  4. Азайтқыш 60-қа, айырманың мəні 13-ке тең. Азайғышты тап.

  5. 42 саны шығуы үшін 8-ді қандай саннан азайту қажет.

Тексеруге арналған үлгі.






  1. Азайғыш 78-ге, айырманың мəні 8-ге тең.

Азайтқышты тап.

  1. 54 санына 3 ондықты қос,

  2. Үш ондықтан 32 саны қаншаға артық.

  3. 90 саны шығуы үшін қандай санды 8-ге кеміту қажет.

  4. Азайғыш 60-қа, азайтқыш 32-ге тең. Айырманың мəнін тап.




7–8




Мақсат қою (проблемалық жағдай).

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Есептеу тəсілдері туралы білімдерін бекіту.


Оқулық, дəптер.

9–29




Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады. Оқушылар сөйлемдерді толықтырады:

Мен тапсырмаларды... орындадым.

Мен енді... алатынымды түсіндім.



  • Мен... алғанымды сезіндім.




Оқулық, дəптер, жинақ полотносы, презентация.

30–40







Оқулық, дəптер.

41–45



Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады. Оқушылар сөйлемдерді толықтырады:

Мен тапсырмаларды... орындадым.

Мен енді... алатынымды түсіндім.

Мен... алғанымды сезіндім.


Рефлексияға арналған қиықшалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет