«үш есе артық/үш есе кем» деген нені білдіретінін түсіндіре аласың ба? Берілген саннан 3 есе артық санды қалай табуға болатынын түсіндіре аласың ба?
Есепті қалай шығаратынын түсіндіре аласың ба?
Жазу: Есептерді жазу жəне шығару.
Тірек білім, білік, дағдылар
Көбейту жəне бөлу, мазмұны бойынша бөлу, теңдей бөліктерге бөлу, бірдей қосылғыштарды табу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
0–3
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім оқушылармен қимылды ойындар, жасырынбық ойыны туралы əңгіме жүргізеді. Бұл ойынды жақсы ойнау үшін қандай қасиеттер қажет? (Тапқырлық, жылдамдық, талдау жасай білу).
Бұл ойын несімен қызықты? (Жасырынатындар үшін– ұтымды жасырыну, ұтқырлық пен тапқырлық көрсету, іздейтіндерге – оларға даұтқырлық таныту жəне ойыншыларды табу.) Яғни, жұмбақты табу, біреудің ойын түсіну.
Бүгінгі сабақта біз ізденіс үстінде боламыз – қойылған сұрақтарға жауап іздеу, ұтқырлық пен тапқырлық , жылдамдық пен төзімділік танытамыз.
4-6
Өзектендіру. Оқулықтағы 1-тапсырма.
Мұғалім оқушыларға суретке жақсылап қарауды ұсынады. Сурет кейіпкерлерін фишкаларға ауыстырамыз.
«Қанша артық …» сұрағымен есеп құрастырыңдар. «… жасырынбақ ойнады» деген сөздермен бастаңдар. Сызбалар бойынша кері есептер құрастырамыз. «… жасырынбақ ойнады» деген сөздермен бастаңдар.
–Біреуі берілгеннен қанша артық немесе кем екенін қалай білуге болады? (Көптен азды азайту керек.)