Математика əдістемелік нұсқау



бет284/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

2 амалдан тұратын есептерді шығару

Бірқатар оқушылар үшін:

2 амалдан тұратын есептерді үлгілеу жəне шығару

Кейбір оқушылар үшін:

2 амалдан тұратын есептерді құрастыру жəне шығару

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді:

Нақты есептің неге бір немесе екі амалмен орындалатынын түсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология:

Есеп, шарты, сұрағы, талдау, есепті шығару жоспары, жауабы, өрнек.



Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:

Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Дəлелдеңдер.

... амалын орындап, нені білуге болады?

Амалдарды орындаудың ретін түсіндір (алдымен нені білдіңіздер, сосын нені ...).

Жазу:

Есептің шартын, шешуін, жауабын, есеп бойынша өрнекті жазу.

Алдыңғы білімдер

Есептерді талдай жəне шығара білу

Жоспар

Жоспарланға н уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурста р




0-3




Қызығушылықты ояту.

Саяхатшыларға білім мен зеректік қажет. Біз саяхатымызды математикалық диктанттан бастаймыз.





4-6



Өзектендіру.

Математикалық диктант.

  1. Бір қорапқа 6 бəліш сыйып кетеді. Осындай 4 қорапта қанша бəліш болуы мүмкін?

  2. Бір қорапта 8 қарындаш бар. Екіншісінде екі есе артық. Екінші қорапта қанша қарындаш бар?

  3. Футболды 12 ұл бала ойнады. Олар бірдей екі командаға бөлінді. Əр командада қанша ойыншыдан бар?

  4. Саябақта 7 бірдей қатарға 35 шыршаны отырғызды. Əр қатарда неше шыршадан бар?

  5. Бір гаражда 9 мəшине бар, екіншісінде 3 есе артық. Екінші гаражда қанша мəшине бар?

  6. Бірдей 6 көйлекке 24 метр мата жұмсалды. Əр көйлекке қанша метр мата кетті?

  7. 18 кг ұнды 3 кг-дық пакеттерге бөліп салды. Қанша пакет қажет болды?

  8. Əуежайдан сəрсенбі күні 12 ұшақ көкке көтерілді, ал тікұшақтар олардан 3 есе аз. Сəрсенбі күні барлығы қанша тікұшақ көкке көтерілді?

  9. Бірінші орамда 20 дəптер бар. Екіншісінде 4 есе кем. Екінші орамда неше дəптер бар?

  10. Əр сауытқа 5-тен салынатын, 20 бəлішті бөліп салу үшін қанша сауыт қажет болады?

Бұл есептерге не ортақ? (Олар көбейту немесе бөлу арқылы шығарылады.)



7-11




Мақсат қою.

1-тапсырмадағы есептің шартын дауыстап оқыңыздар жəне сызбаларды қарастырыңыздар. Есептердің сұрақтарына бірден жауап беруге бола ма?



Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

(2 амалмен орындалатын есептерді шығарып үйрену).


Оқулық, дəптер, жинақ полотносы

12-29



Жаңаны ашу.

Топпен жұмыс істеу. Мұғалім есептің шығарылу жоспарын құрастыруды ұсынады. Балалар есептерді шығаруды орындарында отырып түсіндіреді.

Мұғалім кері есептерді құрастыруды ұсынады.


  • Енді ізделетін сан (белгісіз) не болуы мүмкін?

  • Астанаға қанша ересек адам келді?

  • Шартын қай сөзден бастаймыз?

«Астанаға саяхаттауға 30 адам келді. Əрқайсысында 8-ден 3 балалар тобы жəне бірнеше ересек адам келді».

Балалар есеп шартының жəне шешуінің жазбасын түсіндіре отырып дəптерде жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет