Асханада 9 шағын үстел бар. Əр үстелдің жанында 4 орындықтан тұр. Асханада барлығы қанша орындық бар?
Жарысқа 45 спортшы қатысты. Егер əр командада 5 адамнан болса, жарысқа қанша команда қатысты?
Кітапхананың үлкен оқу залында 40 үстел бар, ал кіші залында одан 5 есе кем. Оқу залында неше үстел бар?
Бақта 24 алма ағашы бар, ал алмұрт ағаштары одан 4 есе кем. Бақта қанша алмұрт ағашы бар?
Кіші қорапшада 6 қарындаш бар. Ал үлкенінде одан 4 есе артық. Үлкен қорапшада қанша қарындаш бар? 8. Кітаптың 32 беті бар. Маржан күніне 4 беттен оқиды. Маржан қанша күнде кітапты оқып шығады?
16 саяхатшы қайықтарға бірдей бөлініп орналасулары тиіс. Егер əр қайыққа 4 адамнан сыятын болса, оларға қанша қайық қажет?
Жайна үш құрбысына прəндіктер берді. Егер əр құрбысы 4 прəндіктен алған болса, Жайна қанша пірəндік таратты?
7-11
Мақсат қою.
Оқулықтағы 1- тапсырма. Мұғалім есептің мəтінін оқып шығуды ұсынады.
–Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
Дəлелдеңіздер.
–Бұл сабақта қандай есептерді шығаратын боламыз? Сабақтың мақсаты қандай?(Есептерді екі амалдың көмегімен шығаруды үйрену ).
–Есептегі қандай сөздер тірек сөздер болып табылады? а) Сырым Астананың 36 фотосуретін шығарды. Ол 7 бетке əрқайсысына 4 фотосуреттен орналастырды.
Қанша сурет қалды?
Мұғалім балаларға қысқаша жазбаның қалай құрастырылатынын түсіндіруді ұсынады. Есептің шығарылу жоспарын дауыстап айту.
Бұдан əрі балалар жазу жазады жəне үлгі бойынша тексере отырып, өздіктерінен есепті шығарады.
Мұғалім балалармен есептердің сызбаларын талқылайды. Жазбаның əр жолы нені білдіруі мүмкін. Мұғалім бағалау критерийін нақтылайды. Бұдан əрі балалар өз беттерімен жұмыс істейді.