Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептерді шығару.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
|
2 амалдан тұратын есептерді модельдеу жəне шығару.
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептерді құрастыру жəне шығару.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар игереді:
Нақты есептің неге бір немесе екі амалмен орындалатынын түсіндіру.
Пəндік лексика жəне терминология:
Есеп, шарты, сұрағы, талдау, есепті шығару жоспары, жауабы, өрнек.
|
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:
|
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Дəлелдеңіздер.
... амалын орындап, нені білуге болады?
Амалдарды орындаудың ретін түсіндір (алдымен нені білдіңіздер, сосын нені ...).
|
Жазу:
|
Есептің шартын, шығарылуын, жауабын, өрнегін жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Есептерді талдай білу жəне шығара білу.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт (минут)
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
0-3
|
Қызығушылықты ояту.
Бүгінгі сабақта біз тек санаумен ғана айналысып қоймаймыз, содай-ақ Алматының тағы бір көрікті жерін – хайуанаттар бағымен танысатын боламыз.
Мұғалім Алматының хайуанаттар бағы туралы əңгімелеп береді. Бұл – Қазақстан Республикасының ең көне хайуанаттар бағының бірі, оның ашылғанына 80 жыл болды.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1-тапсырма. Мұғалім балаларға есептеулерді орындауды жəне хайуанаттар бағында əртүрлі жануарлардың қанша түрі бар екенін білуді ұсынады.
Əрбір топ жануарардың бір түрін таңдайды жəне есептеуді орындайды. Содан кейін үлгі бойынша тексеру орындалады.
|
Оқулық, дəптер
|
7-11
|
Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
Мұғалім оқулықтағы 2- тапсырманы жəне дəптердегі 1тапсырманы орындауды ұсынады. Сабақта бізді қандай жұмыс күтіп тұр? Сабақтың мақсаты қандай?
|
Оқулық, дəптер
|
12-29
|
Өзіндік жұмыс.
2- тапсырма (оқулықтағы жəне дəптердегі).
Қиыншылықтарға түзетулер енгізу.
Тексереміз. Кімде қиыншылықтар туындады?
|
Оқулық, дəптер
|
|
Қай жерде сіздер қате жібердіңіздер? Жіберілген қателіктің себебі неде?
Өз бетімен орындалатын жұмыста қиыншылықтарға тап болғандар, өздеріңіздің ісəрекеттеріңіздің мақсатын тұжырымдаңыздар. (Қосымша тапсырмаларды орындау).
Қиыншылықтарын анықтағандардың бұдан арғы жұмыстарының мақсаты қандай? ( Өзін-өзі тексеруге арналған үлгіні пайдалана отырып, шешімді түзету).
Қателіктерді түзету алгоритмін пайдаланамыз.
Əркім өзінің оқу мақсатын дауыстап айтады.
|
|
30-40
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |