Бұрынғы өткен материалмен жұмыс.
Оқулықтағы 4-тапсырма практикалық жұмыс. Хайуанаттар бағының сызбасында бірнеше саяжолдар латын əліпбиінің əріптерімен бейнеленген (кесінділер сияқты). Мұғалім балаларға (жұптаса немесе топтаса жұмыс істеу) өздері таңдаған бағыттар бойынша саяжолдың ұзындығын өлшеуді (мысалы, кіреберістен су қоймасына дейін, аюлары тұратын жерге дейін жəне т.с.с.) ұсына алады.
Өзіндік жұмыс.
Дəптердегі 3,4- тапсырмалар есептеу дағдыларын қалыптастыруға арналған, мұғалім жеке-жеке орындауды ұсынады. Балаларөзін-өзі жəне өзара тексеруді орындайды.
|