Жаңаны ашу.
Оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады.
– Мына фигураларды бір сөзбен қалай атауға болады? - Мына фигуралардың тіктөртбұрыштар екенін дəлелдеңіз. (4 қабырғасы, 4 бұрышы бар.Барлық бұрыштары тік. Қарама-қарсы қабырғалары тең.) — Тіктөртбұрыштың қанша бірдей жұп қабырғалары бар? (2.)
— Олар арқылы қанша көбейтінді құрастыруға болады?
(2.)
— Оны сіздер қалай анықтадыңыздар? (Егер қосындылар бірдей болса, онда қосуды көбейтумен алмастыруға болады.)
— Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығын біле отырып, нені анықтауға болады?(Периметрді.) Практикалық жұмыс.
— Фигуралардың (тіктөртбұрыштың, шаршының) қабырғаларын өлшеңіздер.
— Периметр дегеніміз не? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.)
— Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыздар.(3 + 6 + 3 +
6=18 см).
— Бұл тіктөртбұрыштың периметрін табудың бірінші тəсілі.
— Қандай қосындылардың қосындысын көбейтумен
алмастыруға болады? (3 + 3 жəне 6 + 6)
— Алмастырыңыздар.(3 2 + 6 2 = 18см)
Бұл тіктөртбұрыштың периметрін табудың екінші тəсілі. Бірақ бұл шешімді басқаша да жазуға болады.
— Өз тіктөртбұрышыңызға қараңыз. Онда əртүрлі қабырғалар қанша?(Екеу:ұзындығы жəне ені.)
— Олардың қосындысын жазыңыздар.(3 + 6).
— Тікбұрышта осы қосынды неше рет қайталанады?(2.)(Мұғалім тақтаға, ал оқушылар дəптерлеріне жазады). (3 + 6) – 2 = 18 (см). Бұл периметрді табудың үшінші тəсілі.
— Тіктөртбұрыштың ұзындығын латынның аəрпімен, ал енін b əрпімен белгілейміз. Шығарып жатқан есебімізге
|