Оқулық пен əдістемелік нұсқауға диск-тренажер қоса берілді. Ол 2-сынып бағдарламасының негізгі тақырыптары бойынша электрондық тренажер болып табылады.1сыныпқа арналған жиналмалы электрондық полотно сияқты құрал мультимедия проекторды, интерактивті тақтаны, жеке компьютерлерді немесе жеке планшеттерді қолдана отырып, сыныпта оқушылардың ұжымдық жəне өзіндік жұмысын жүргізуге арналған. Сонымен қатар ол оқушылардың үй жағдайындағы өзіндік жұмысы үшін де қолданылуы мүмкін.
Орындалған жұмыс нəтижесі кейбір жағдайларда автоматтандырылған бақылау немесе өзіндік бақылау арқылы тексерілсе, басқа жағдайларда оларды мұғалім тексереді.
Санау материалын мұғалімнің таңдауына болады. Ол үшін санауға арналған таяқшаларды, моншақтарды, шоттарды, екі түсті үрмебұршақты немесе басқа да қосалқы материалдарды пайдалануға болады. Мұғалімнің осындай заттарды пайдалануының маңыздылығын атап өтпекпіз, өйткені, заттармен іс-əрекет жасау кезеңінөткізіп алса,онда оқушылардың толыққанды білімін, білігін жəне дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес болады.
Құралдың соңында қосымша материалдық қамтамасыз ету мен мұғалімнің АКТ біліктерін талап ететін болғандықтан, барлық мұғалімдер үшін сабақтарға енгізілмеген қосымша ресурстардың тізбесі берілді. Көптілділік туралы.
Осындай тəжірибе алғаш рет енгізіліп отырғандықтан, мұғалімге сабақта жəне сыныптан тыс жұмыстаоқушылардың білімін пайдалануды ұсынамыз. Мысалы, оқушылар 0-10, 11-20 сан есімдерін, толық ондықтарды, толық жүздіктерді, екі таңбалы сандарды білдіретін сөздерді қолдана алады. Сонымен қатар оқушылар көптеген сөздерді – уақыт ұғымдарын, басқа шамалар мен олардың қатынастарының атауларын қолдана алады. Негізгі сөздер үш тілде берілген кесте əдістемелік нұсқауда жəне оқулықтың айқармаларында беріледі.
Біз, «Математика» ОƏК авторлары,біздің құралдар бойынша жұмыс істеу қолайлы жəне қызықты болады деп үміттенеміз. Біз диалог үшін ашықпыз жəне сіздердің пікірлеріңіз бен сындарлы ұсыныстарыңызды күтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |