Жаңаны қолдану.
Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Тапсырманы сəтті орындау үшін оқушылар уақыт өлшем бірліктерінің атауларын, іс-қимыл немесе құбылыс ұзақтығының сандық мəнін білуі тиіс (оқушылардың өмірлік тəжірибесінен).
Дəптердегі 2-тапсырма.Оқушылар толық жүздіктен толық жүздікті азайтуды орындайды.
Дəптердегі 3-тапсырманы орындау үшін оқушылар қосындысы 9 санын құрайтын əртүрлі қосылғыштарды іріктейді.
Дəптердегі 4-тапсырманы орындау үшін оқушылар уақытты анықтау ережесін есіне түсіреді (сағатта бүтін сағат саны көрсетілген, бұл ретте сағаттың үлкен тілі 12-ні, ал кіші тілі сағат санына сəйкес санды көрсетіп тұр).
Дəптердегі 5-тапсырманыекі тəсілмен орындауға болады.
Азайғыш сантиметрінің санынан азайтқыш сантиметрінің санын азайту, азайғыш дециметрінің санынан азайтқыш дециметрінің санын азайту; шаманың сандық мəнін деңгейі төмен өлшем бірлігіне өрнектеу, одан кейін сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді ескере отырып амалды орындау: азайғыштың бірліктер санынан азайтқыш бірліктерінің санын азайту, азайғыштың толық ондықтары санынан азайтқыштардың толық ондықтары санын азайту.
Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧)қояды.
|