Математика əдістемелік нұсқау



бет153/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

42-сабақ.Есептершығару




Тақырыбы: Тыңдауды жəне түсіндіруді үйренемін.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

2.5.1.1** Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

2.5.1.7** Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу жəне шығару.

2.5.1.8** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде модельдеу жəне шығару.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

екі таңбалы сандармен жазбаша тəсілмен есептеулер жүргізеді, тексеруді орындайды.



Көпшілік оқушылар:

жазбаша есептеу тəсілдеріне арналған алгоритмдерді қолданады.



Кейбір оқушылар:

барлық есептеулерді қатесіз орындайды, осы түрдегі есептеулердің мысалдарын табады жəне құрайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: саннан қосындыны азайтуға арналған есептерді шығарудың əртүрлі тəсілдерін түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Қосындыдан санды азайтуға арналған есептер.

Есепті үш тəсілмен шығару.


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Шарттың қысқаша жазбасы бойынша есеп құрастырыңдар.

Есепті үш тəсілмен шығарыңдар.


Жазу:

Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды жазу.



Тірек білім

Екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу, толық ондықтарға дейін толықтыру жағдайларында екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

1.Мұғалім оқушылардан: «Сабақты қалай тыңдайсыңдар?» – деп сұрайды.

Оқушылар:


  • мұғалімге, жауап берген оқушыға, олар көрсеткен нəрсеге қараймын;

  • жауап берген кезде, жұптық немесе топтық жұмыс барысында сыныптасымды мұқият тыңдаймын, сөзін бөлмеймін.

2. Мұғалім: Сабақтықалай түсіндіресіңдер?

  • мұғаліммен жəне сыныптастарыммен бірге ойлауды үйренемін;

  • бір де бір сұрақты немесе күмəнді жауапсыз қалдырмаймын;

  • түсіндіргелі отырғанымды ойластырамын;  өз ойымды анық айтамын.



4–6



Өзектендіру.

Математикалық диктант:



  • 25 жəне 34 сандарының қосындысын тап.

  • 69 жəне 25 сандарының айрмасын есептеп шығар.

  • 20 жəне 15 сандарының қосындысына 25 санын қос.

  • 14 санына 20 жəне 36 сандарының қосындысын қос.  30 жəне 51 сандарының қосындысынан 21 санын азайт.

Мұғалімнің үлгісі бойынша жұптасып өзара тексеру жүргізеді.

Тексеруге арналған үлгі.

7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқулықтағы 1-тапсырмапроблемалық жағдай туғызумен қатар жаңа білімді ашуға дайындық міндетін де атқарады.

Оқушылар жұптасып 1а) жəне 1ə) тапсырмаларды қалай орындайтындары туралы айтады.

Бірінші жағдайда қосындыны айқындау қажет. Ол үшін «қосу» амалы қолданылады.

Екінші жағдайда айырманы анықтау қажет, ол үшін «азайту» амалы пайдаланылады.

Азайғыш екі қосылғыштың қосындысы түрінде берілгендіктен, айырманың мəні екі қосылғыш қосындысын азайтқышқа азайту арқылы есептеледі.

Оқушылар берілген кестедегі бірінші жолдағы азайғыштың екінші жолдағы қосылғыштар қосындысы түрінде берілгеніне назар аударуы тиіс.

Сондықтан тапсырманы орындайтын оқушы алдыңғы 1а) тапсырманы орындайтын оқушының алған қосынды нəтижесін алдын ала оның дұрыстығын тексеріп, пайдалана алады.

Мұғалім тапсырманы тағы қалай орындауға болатыны туралы сұрақ қояды.


Оқулық.

12–29




Жаңаны ашу.

Алдыңғы тапсырманы орындау кезінде туындаған қиындықты шешу үшін оқулықтағы 2-тапсырмадағы суреттер мен оларға берілген өрнектерді мұқият қарау ұсынылады. Оқушылар əртүрлі тəсілдермен қосындыны саннан қалай азайтуға болатынын түсіндіреді.

Оқулықтан 3-тапсырма тиімді тəсілмен есептеледі.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындаудан бұрын оқушы досымен есептің шығару тəсілдерін қарап, оларды талқылап алулары қажет.



Өзіндік жұмыс.Кейіннен үлгі бойынша өздігінен тексере отырып, жеке орындау үшін алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше есептерді ұсыныңыз.

Қателік жіберген оқушыларды анықтаңыз.

Қиындықтан шығудың жолын көрсетіңіз.


Оқулық.

Сабақтың тұсаукесері қолданылады.



30–40




Жаңаны қолдану. Дəптердегі 1-тапсырмада қысқаша жазбасы бойынша есеп құрастырып, оны əртүрлі тəсілмен шығару жəне өрнектер жазу талап етіледі.

Қызыл – 54 шар

Көк – 23 шар Ұшып кетті – 10 шар Бағалау критерийі:

Есептің шарты бойынша берілген деректерді анықтаймын;

Есеп шарттарында берілген дерек-сандарды салыстырамын;

Неліктен оның мүмкін екенін түсіндіре отырып, есеп шығарудың екі (немесе 3) тəсілін құрамын;

Тəсілдердің əрқайсысын амалдар бойынша жазамын; Тəсілдердің əрқайсысы үшін өрнектер құрамын; Жауапты тұжырымдаймын.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы 6-тапсырманы орындаған кезде алгоритмге сəйкес екі таңбалы сандар мен сандық шамаларды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін қолданады.Осындай тапсырмалар, ірі бірліктерді ұсақтарға, ұсақ бірліктерді ірілерге ауыстыруды талап ететін шамалар бойынша тапсырмалармен қатар, сандардың ондық құрамы туралы білімді тереңдету негізінде оқушылардың санау қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді.



Оқулық.

41–45



Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады. Оқушылар сөйлемдерді толықтырып жазады:

Мен тапсырмаларды... орындадым.

Мен енді... алатынымды түсіндім.

Мен... алғанымды сезіндім.


Рефлексияға арналған қиықшалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет