Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі. 15+28; 43–15



бет154/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

43-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі. 15+28; 43–15




Тақырыбы: Сабақтың мақсатын қоямын.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.8.екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолданады.



Көпшілік оқушылар:

екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін қолданады.



Кейбір оқушылар:

барлық есептеулерді қатесіз орындап, осы түрдегі есептерді шығару мысалдарын табады немесе құрастырады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі бойынша өз əрекетін түсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Мақсат, сабақ мақсаты, ондық арқылы ауысып, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Алгоритмге сəйкес екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды орындау.



Жазу.

Жазбаша қосу мен азайту тəсілдерінің жазбасы.



Тірек білім

Қосындыны санға азайтуға арналған есептер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.

Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі, оқушылар суретте көрсетілген спорт ойындарының əрқайсысының мақсатын атайды. Мұғалім оқушының сабақтағы негізгі мақсаты қандай жəне оған қалай қол жеткізуге болады деген сұрақ қояды.





4–6




Өзектендіру.

Оқушылар осы суретте берілген өрнектердің мəнін есептеп шығарады.





7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Проблемалық жағдай туғызу үшін мұғалім Əлия мен Сырымның қалай есептегеніне қарап, түсіндіруді ұсынады. Оқушылар сандардың үлгілерін құрып, ауызша санауды қалай жүргізгенін көрсетеді.











2-тапсырмада оқушылар тапсырманың иллюстрациясына қарап, сабақ мақсатын тұжырымдауға тырысады.

Оқушылар өткен сабақтағы мысалдармен ұсынылған мысалдарды салыстыра отырып, бүгінгі сабақтың мақсаты: ондықтан аттау жағдайы үшін есептеудің жазбаша тəсілдерін қолдануға үйрену деген қорытындыға келеді.






12–29



Жаңаны ашу.

Туындаған проблемалық жағдайдан шығу үшін оқушыларға оқулық бетінен жазбаша есептеулерді қалай жүргізуге болатынын қарап, түсіндіру ұсынылады. 2-тапсырманы жұппен орындау ұсынылады. Соңында оқушылар өз түсіндірмелерін ұсынылған есептеу алгоритмімен салыстырады.



Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар сандар мен шамаларға арналған жазбаша есептеу тəсілдерінің алгоритмін пайдалана отырып, амалдарды орындайды. 3-тапсырманы ұсыныңыз.

Қателік жіберген оқушыларды анықтаңыз.

Қиындықтан шығудың жолын көрсетіңіз.



Өзіндік жұмыс.

Үлгі бойынша өзіндік тексерумен жеке орындау үшін алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше мысалдар ұсынылады.



Сабақтың тұсаукесері қолданылады.

30–40




Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды, бағанмен жазып, есептейді, тексеру жүргізеді. Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындалған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.



Бағалау критерийі:

Есептеулерді бағанмен дұрыс жаза аламын.

Ондықтан аттап қосу жəне азайту алгоритмін қолдана аламын.

Жауапты оқимын.

Тексеру жүргіземін.

Өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы 4-тапсырмада оқушылар саннан қосындыны азайту жəне қосындыдан санды азайту

ережелерін еске түсіріп, есептерді əртүрлі тəсілдермен шығарады.

Оқулықтағы 5-тапсырма есептеулер жүргізбей, өрнектерді салыстыру арқылы орындалады.

Оқушылар қорытынды жасайды:

 өрнектерде бірдей бір қосылғыштан болған жағдайда, екінші қосылғышы ірірек өрнек ірі болып табылады;

• азайғыштар бірдей болған жағдайда, азайтқышы кем өрнек артық болып табылады.

Оқулықтағы 6-тапсырмадаоқушылар шамаларды



Оқулық, дəптер.




көрсетілген бірліктерде беруі тиіс.

200 кг = ц 4 ц = кг

Тапсырманы жемісті орындау үшін оқушылар ұзындық жəне салмақ өлшем бірліктерінің сандық қатынасын білуі тиіс.

 (1дм = 10см; 1м = 10дм; 1м = 100см; 1ц =100кг).






41–45



Рефлексия. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады, оқушылар сөйлемдерді толықтырып жазады:

Мен... үйрендім.

Мен... істей алдым.

Мен... алдым.



Рефлексияға арналған қиықшалар.



44-сабақ. Есептершығару



Тақырыбы: Менің сыныбым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

2.5.1.1** Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

2.5.1.7** Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу жəне шығару.

2.5.1.8** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде модельдеу жəне шығару.



Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар:

• саннан қосындыны үш тəсілмен азайтады.



Көпшілік оқушылар:

• санннан қосындыны азайтуға арналған бір-екі амалы бар есептің үлгісін жасайды.



Кейбір оқушылар:

• шешу үшін саннан қосындыны азайту талап етілетін өмірлік жағдайдың мысалын келтіреді.



Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындай алады:

• саннан қосындыны үш тəсілмен азайтуға арналған есептің шығарылуын түсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Саннан қосындыны азайту, қосылғыш, жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері, тексеру.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер Талқылау.

Саннан қосындыны азайту үшін алдымен бір қосылғышты, одан кейін екінші қосылғышты азайтуға болады.

Əртүрлі тəсілдермен саннан қосындыны қалай азайтуға болатынын түсіндір.


Жазу.










Есеп шартының қысқаша жазбасы, үш таңбалы сандар, шамалардың өлшем бірліктері.

Тірек білім




Ондықтан аттап, екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша тəсілдерінің алгоритмі.




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалім тақтаға жазылған сөздер бойынша ойлануды ұсынып, сабақта немен айналысатыны туралы пікірлерін сұрайды. (Қиындықтарды жеңіп, күрделі тапсырмаларды орындаймыз жəне жаңа білім аламыз.)

Мұғалім шын мəнінде сабақта жаңалық ашатындарын растайды.




4–6



Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға тұсаукесердегі тапсырманы мұқият қарауды ұсынады. Үш балада саны əртүрлі мəнет ақшалар бар. Оқушылар əрқайсысы сатып ала алатын заттарды таңдайды. Оларда неше мəнет қалады?

Қалай санаған қолайлы?


Тұсаукесер.

7–11



Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Проблемалық жағдай туғызу үшін оқулықтағы

1-тапсырма бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі.

Бұл тапсырманы орындау үшін санауға арналған материалдар (текшелер) жəне заттарды салуға ыдыстар (қораптар, себеттер жəне т.б.) қажет.

Оқушылар топтарға бөлініп, суреттерді мұқият қарап, Əлия мен Сырымның текшелерді қораптардан қалай шығарғаны туралы айтады. Бірнеше текшені алып, қорапқа салады, алдымен қораптан текшелердің бірнешеуін алады, одан кейін қорапта бірнеше текшені қалдырып, бірнеше данасын шығарады, жазба жасайды.Оқушылар осыған ұқсас жұмысты топ болып орындайды.

Мұғалім оқушылардан практикалық жұмыс кезінде немен айналысқандары, мұны қандай арифметикалық амалмен сипаттауға болатыны туралы сұрайды.

Оқушылар барлық үш мүмкін тəсілді көрсетіп саннан сандардың қосындысын азайтуға жүргізілген практикалық жұмысты сипаттайды.




12–29



Жаңаны ашу.

Алдыңғы тапсырманы орындау кезінде туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманың суреттері мен өрнектерін қарау ұсынылады. Оқушылар əртүрлі тəсілдермен саннан қосындыны қалай азайтуға болатынын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға осыған дейін орындаған арифметикалық амалдардың жазылуын пайдаланып, осыған дейін орындаған практикалық жұмысты сызбада бейнелеуін ұсынады.








Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар 1-тапсырмадағы сызбаларды пайдалана отырып өрнектерді салыстырады, қорытынды жасап, саннан қосындыны азайту ережесін тұжырымдайды. Өзіндік жұмыс.

Үлгі бойынша өздігінен тексере отырып жеке орындау үшін алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше есеп ұсынады. Қателік жіберген оқушыларды анықтаңыз. Қиындықтан шығудың жолын көрсетіңіз.





30–40




Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 2-тапсырманы оқушылар дəптерде орындайды. Оқушылар сұлбаны қарайды, есепті шығарудың əртүрлі тəсілін түсіндіреді.



Өтілген материалмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы 4-тапсырманы орындайды.

Есептеген кезде өздеріне белгілі санау алгоритмдеріне сəйкес жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін пайдаланады, түсіндіре отырып шығарады, санап болғаннан кейін тексеру жүргізеді.

Оқулықтағы 5-тапсырмада сандарды өсу ретімен жазып, центнерге ауыстыру жəне кему ретімен жазу ұсынылады. 200 кг, 500 кг, 1000 кг, 300 кг, 400 кг, 600 кг, 900 кг, 700 кг, 800 кг.

Оқушылар өсу реті дегеннің не екенін (ең аз шамадан бастап, ең үлкен шамаға дейін) жəне кему ретімен дегеннің не екенін (ең үлкен шамадан ең аз шамаға дейін) түсіндіреді.

Килограмды центнерге өрнектеу үшін оқушылар масса өлшем бірлігін еске түсіреді:

1ц = 100кг.


Сабақтың тұсаукесері қолданылады.

41–45



Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады, оқушылар ол сөйлемдерді толықтырады.

Мен ... байқап көремін.

Мені ... таңғалдырды.

Сабақ менің өмірім үшін ... берді.

Менде ... ниет пайда болды.



Рефлексияға арналған қиықшалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет