2.1.2.2.Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
2.2.1.3. Қосу мен көбейтудің қасиеттерін əріпті теңдік түрінде:
a+b=b+a;(a+b)+c=a+(b+c); ab=ba көрсету жəне қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
•көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсінеді.
Көптеген оқушылар:
•көбейту жəне бөлуге берілген өзара байланысты өрнектердің төрттігін үлгі бойынша толықтырады.
Кейбір оқушылар:
•көбейту жəне бөлуге берілген өзара байланысты мысалдар төрттігін өздігінен құрастырады, түсінеді.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдауды. Көбейту мен бөлудің байланысын түсіндіруді.
Пəндік лексика жəне терминология
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейткіштер, көбейтінді, бөлінгіш, бөлгіш бөлінді.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасыТалқылау:
Көбейту жəне бөлу амалдары қалай байланысты екенін түсіндіре аласың ба?
Мысалдар төрттігі қалай құрастырылған?
Қандай сандар түсіп қалған, неге?
Жазу:
Көбейту жəне бөлуге берілген өзара байланысты өрнектерді жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар
Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, көбейту мен бөлу компоненттерінің атаулары, көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
0–3
Ынталандыру.
Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыруда қысқаша ойын сəттерін пайдаланыңыз. Ойындарды сабақ тақырыбымен байланыстырыңыз: «Менің бос уақытым».
4–6
Өзектендіру.
Қосу мен азайтудың мысалында кері амал түсінігін еске түсіріңіз.
Өзара байланысты өрнектер төрттігін шешуге болады немесе
Қосу мен азайтудың өзара байланысына арналған кесте.
оларды үлгі бойынша құрастыруға болады. Сонымен бірге компоненттер байланысын дауыстап айту: егер қосындыдан бір қосылғышты азайтса, онда... болады жəне т.с.с.Қосу мен азайтуға берілген бірнеше өрнекті шешу жолдарын айта отырып шығарыңдар.
7–11
Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
Мұғалімсурет бойынша көбейтуге арналған өрнектер құрастыруды ұсынады:
–Ал бөлуге өрнек құрастыруға бола ма?
–Бүгінгі сабақтан біз нені білеміз?
–Көбейту жəне бөлу амалдары қалай байланысқан?
12–29
Жаңаны ашу
Оқушыларға төрт өрнек беріледі.
3 6
6 3
18 : 3
18 : 6
Санды материалды талдаңдар жəне алғашқы қорытынды жасауға тырысыңдар: егер көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсе, екінші көбейткіш шығады.