Математика əдістемелік нұсқау



бет196/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

73-сабақ. Бөлу.

Тақырыбы: Тиімді тамақтанамын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.1.2.1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•бөлуді көбейтуге кері амал ретінде түсінеді.

Көптеген оқушылар:

•бөлу амалының мəнін түсінеді жəне компоненттердің атауларын біледі.

Кейбір оқушылар:

•бөлу мен көбейту компоненттерінің атауларын өрнектерді жазу мен оқуда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•көбейту мен бөлу амалдарының мағынасын түсіндіре алады.



Пəндік лексика жəне терминология:

Көбейту, бөлу, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Екі (үш, төрт,бес) оқушыға қанша затты теңдей бөліп беруге болады?Жауабыңды негізде.



Жазу:

Бөлуге берілген өрнек жаз.






Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту, көбейту компоненттерінің атаулары, мазмұны бойынша жəне тең бөліктерге бөлу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет



Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен денсаулығымыз біз немен тамақтанатынымызға байланысты екендігі туралы əңгіме жүргізеді. Оқушылар көптеген суреттердің ішінен пайдалы азық-түліктердің бейнесін таңдап алады.



Пайдалы өнімдер:

жемістер мен көгөністердің суреттері.



4–6



Өзектендіру.

–Үш оқушыға теңдей бөліп беру үшін қанша алма керек?







Құрастырмалы жинақ. Сабаққа арналған тұсаукесер.

7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Есептерді сурет сала отырып шығарамыз. Суреттің орнына кез келген көрнекі материалды қолдануға болады.



  • Анасы 10 дана алма əкелді. Оларды тəрелкелерге екіден салмақшы болды. Оған қанша тəрелке керек болады? (5 тəрелке.)

Суретті тақтаға салады.



  • Анасы 18 алма əкелді жəне оларды 6 тəрелкеге тең бөліп салмақшы болды. Əр тəрелкеде неше алмадан болуы керек? (3 алмадан.)

Суретін салады.



Құрастырмалы жинақ немесе Үлестірмелі материал, Санау материалы.

12–29



Жаңаны ашу

  • Бір қатарға 12 дөңгелектің суретін салыңдар.

  • Оларды 4 дөңгелектен топқа бөліңдер.

  • Қанша топ шықты? (3 топ.)

  • 12 дөңгелекті 4 дөңгелектен топқа бөліп 3 топ алдық.

Сандар үшін бұл бөлу амалын орындағанды білдіреді, ол былай жазылады: 12 : 4 = 3.








  • Бұл жазбадағы əр таңба нені түсіндіреді?

  • Бөлу амалын қандай таңба білдіреді? ( «:» таңбасы.) Оқулықтан бөлу компоненттері қалай аталатынын оқыңдар, 1-тапсырма.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту үшін оқулықтағы 1тапсырма орындалады. Оқушылар əр ыдысқа неше литр сыятынын, барлығы неше ыдыс қажет болатынын талдайды. Содан соң шешуін жазады жəне алынған жазбаны оқиды. Өрнекті жазып, оқушылардан оны түрліше оқуын сұраймыз. Мысалы, 15 жəне 3 сандарының бөліндісі немесе 15 – бөлінгіш, 3–бөлгіш, 15 саны 3-тен топтап бөлінген.



Өздік жұмыс

1-тапсырма дəптерге орындалады. Оқушылар есептер бойынша өрнектер жəне оларға жауап жазады.






30–40






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет