Математика əдістемелік нұсқау



бет219/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Бағалау критерийлері.Мен есептердің шарты бойынша берілгендерді көрсетемін.

Есептерді шығарудың тəсілдерін анықтаймын.

Өрнек құрастырамын жəне жазамын.

Өрнектің мəнін табамын.

Жауапты жазамын.

Қатені түзету.

–Өзіндік жұмысты қиындықсыз орындағандар өз əрекеттеріңнің мақсатын құрыңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау.)

–Қиындықтарға тап болғандардың ары қарайғы мақсаттары қандай? ( Өзін-өзі тексеруге арналған үлгіні пайдаланып, қатесін түзеп,есепті шығару.) –Қатені түзеу алгоритмін қолданамыз.

–Əркім өзінің оқу тапсырмасын баяндайды.

Жіберілген қателердің санына байланысты жұмысты тақтада немесе жеке ұйымдастырамыз.

–Өзіндік жұмысты орындау нəтижелеріне қараңдар. Қандай тапсырмаларда көбірек қиындықтар туындады?

–Бұл қиындықтарды жою үшін не істеу керектігін қайталаңдар?

(Қателерді табу, ережені еске түсіріп, оларды қатені түзету үшін қолдану.)

–Қандай тапсырмаларды орындайсыңдар? (Қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас тапсырмаларды орындаймыз.)

–Өз жұмыстарыңды қалай тексересіңдер? (Əр оқушы жұмыстарын қалай тексеретіндерін баяндайды.)


Оқулық. Дəптер.

30–40






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет