Анықталған қиыншылықтарды түзету. –Өз бетімен орындалатын жұмыста қиыншылықтарға тап болғандар, өздеріңіздің ісшараларыңыздың мақсатын тұжырымдаңыздар.
(Қосымша тапсырмаларды орындау).
Қиыншылықтарын анықтағандардың бұдан арғы жұмыстарының мақсаты қандай? ( Өзін-өзі тексеруге арналған үлгіні пайдалана отырып, шешімді түзету).
Қателіктерді түзету алгоритмін пайдаланамыз. –Əркім өзінің оқу есебін дауыстап айтады. Қателіктерді жібергендердің санына қарай, жұмысты бəріміз бірге жаппай тақта алдында немесе өз бетімізбен ұйымдастырамыз.
Өзіндік жұмыстың орындалу нəтижесіне көңіл аударыңыздар. Қай тапсырмада ең көп қиыншылық туындады?
Бұл қиыншылықтарды жою үшін қандай ісшаралар жүргізу қажеттілігін қайталаңыздар? (Қателіктерді табу, ережені еске түсіру жəне қателіктерді түзету үшін оларды қолдану).
–Сіздер қандай тапсырмаларды орындайсыздар? (Қателік жіберілген тапсырмаларға ұқсастарын).